Талдықорған: +21°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ӘР БАЛАҒА 10-11 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН: ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

18.10.2019
ӘЛЕУМЕТ
ӘР БАЛАҒА 10-11 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН: ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан да көп баласы бар 340,3 мың отбасы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткер есептеледі. Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу мәселесі Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты биылғы Жолдауында көтерілген болатын.

Жолдауда берілген тапсырма бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктері табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі саналады. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заң жобасын таяуда ҚР Парламент мәжілісінің қарауына енгізуді жоспарлап отыр.

Аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп, кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай қойылады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға 53 125 теңге, 6 балаға  63 750 теңге, 7 және одан да көп балаға 74 375 теңге төленеді. Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгеден келеді.

Одан бөлек, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді, олардың орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайды. Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оны 235 мыңға жуық адам алады. Бұл мемлекеттік жәрдемақының төленуі сақталады.

Биыл 7 қазанда өткен ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған атаулы әлеуеттік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын. Сонда Біржан Нұрымбетов:

– Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке  көпбалалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді, – деген еді.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан беріледі.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді.

Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына тоқтатылады. Сондай-ақ, табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады.

Атап айтқанда, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындарын өту қарастырылған.

Ал медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

13.04.2026
«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

13.04.2026
Жаңа Конституция: Балалар мен отбасының қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Жаңа Конституция: Балалар мен отбасының қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

13.04.2026
Фукуокада Қазақстан туы желбіреді: ММА шеберінің кезекті жеңісі

Фукуокада Қазақстан туы желбіреді: ММА шеберінің кезекті жеңісі

13.04.2026
Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.