Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚЫС ҚЫСПАЙДЫ ДЕМЕҢІЗ

01.10.2019
КҮЛТӨБЕ
ҚЫС ҚЫСПАЙДЫ ДЕМЕҢІЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс  әкімінің  орынбасары  Батыржан  Байжұмановтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті. Онда төтенше жағдайлардың алдын алып, олардың зардаптарын жою жөніндегі мәселелер пысықталды. Селекторлық тәртіпте өткен жиынға басқарма басшылары мен сала мамандары және аудан, қала  әкімдері қатысты. 


Күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласындағы қауіп-қатерді азайту және бақылау басқармасы, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлері хабарлама жасады.

Алдымен келе жатқан қыс қамын ойластырып, қауіпсіздік іс-шараларын күшейту жөнінде баяндалды. Бұдан соң лифт шаруашылығын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, аудан, қала әкімдіктерінің өрт сөндіру бекеттерін құру және халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтардың тұрғын үйлерінде тұншықтырғыш газды анықтау сезбегін орнату бойынша іске асырып жатқан жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ, қауіпті өндіріс нысандарында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен 2017–2020 жылдарға арналған «Су тасқыны қаупінің алдын алу және оны жою іс-шаралар кешені» Жол картасының іске асырылу барысы, өткен шомылу маусымы кезінде адамдардың судағы қауіпсіздігін сақтау шараларының қорытындысы тыңдалды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Дамир Дәулетханұлының айтуынша, Жетісу аймағы жұртшылығының қыстан қысылмай шығуы үшін атқарылуы тиіс жұмыстар дер кезінде қолға алынып, талапқа сай орындалып жатқан көрінеді. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қарастырылған қомақты қаражат мақсатты жұмсалып, орнымен игерілген. 

Бөлінген ақшаның басым бөлігі отын қорын қамдап алуға, қалғаны бюджеттік ұйымдардың жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мен қажетті құрылғылар сатып алуға жұмсалған. Бюджеттік мекемелерде 33 қазандықты ауыстыру жоспарланып, қазір бұл бағыттағы жұмыс талапқа сай іске асырылуда. Сонымен бірге жылу өндіретін кәсіпорындарға 376,5 мың тонна көмір, 33 мың тонна мазут дайындау көзделген. Аймақ халқына барлығы 1,4 млн. тонна көмір қажет, соның бүгінде 65 пайызы дайын. 

Аталған мәселені жіті назарда ұстап отырған облыс әкімінің орынбасары жергілікті тұрғындардың қыс маусымын өз деңгейінде өткізу үшін қандай іс-шаралардың қолға алынып, дайындық жұмыстарының қалай жүргізілгенін білу мақсатында бірқатар аудан мен қала басшыларының есебіне құлақ асты. Басшыларды тыңдай отырып, жылу маусымын кедергісіз өткізуде кем-кетіктеріне осы бастан көңіл бөліп, оны түзетуге күш салу қажеттігін ескертті.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Дәрібаев жол саласы бойынша жүріп жатқан жұмыстарды қысқаша баяндады. Ол өз сөзінде қысқы кезде автөкөлік жолдарының қауіпсіздігін сақтауда көк тайғаққа қарсы себілетін материалдар мен техникалардың және жанар-жағармай мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақытша жол белгілерін орнату, қысқы күтіп ұстау жұмыстарын жан-жақты пысықтады.  Белгілі болғанындай, бүгінгі таңда 13 мердігер мекемемен 15 498 тонна көк тайғаққа қарсы материалдар, 621 тонна жанар-жағармай мен 288 дана қар тазалайтын арнайы техника дайындалған. 

Жиын соңында Батыржан Құлаймергенұлы отырыста қаралған барлық мәселеге орай сала мамандарына тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, жылу кезеңін кедергісіз өткізу бағытындағы жұмыстарды әрдайым бақылауда ұстауды міндеттеді. 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Болашақ туризмнің белдеуі

Болашақ туризмнің белдеуі

09.07.2026
Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

09.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан құжат

Тарихтан тамыр тартқан құжат

09.07.2026
Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

09.07.2026
Жауапты қызметтің талапты міндеті

Жауапты қызметтің талапты міндеті

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.