Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАН: ҚАЛАНЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫСЫНАН БАЗАР АШЫЛАДЫ

25 қыркүйек 2019
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАН: ҚАЛАНЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫСЫНАН БАЗАР АШЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімдігінде Талдықорған қаласы мен аудандарда бой көтеретін нысандардың эскиздік жобалары қаралды. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен жиында жалпы 215 нысанның жобасы таныстырылды. Онда 55 білім, 34 денсаулық, 59 тұрғын үй, 17 коммуналдық нысан, 24 өсімдіктер, яғни, абаттандыру желісі бар. Эскиздік жобаның жалпы құны 3,8 млрд.теңгені құрайды.

Ең бірінші аудандарда бой көтеретін денсаулық және білім ошақтарының жобалары көрсетілді. Амандық Ғаббасұлы Көксу ауданы, Қызылтоған ауылында 120 орынды мектептің, Сарқан ауданындағы 120 орынды шағын орталығы бар мектептің, Кербұлақ ауданы, Қосағаш ауылындағы 80 орынды және Қапшағай қаласындағы 900 орынды мектептің эскизін көрді. Бірқатар эскиздердің жобалары көз тартып, жақсы жасалғанымен олардың да біраз кемшіліктері бар екенін атап көрсетті. Мәселен, Қапшағай қаласында салынатын мектептің сыртқы келбетінде кемшіліктер бар екенін айтып, қайта әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының 8 шағынауданына салынатын 1200 орындық мектептің эксиздік жобасын мүлдем жаратпады. Көркемдігі жағынан нысан қалаға көрік беріп тұруы керек. Заманның талабына сай әсемдігіне де қатты көңіл бөлу керек деп қадап айтты.

Астана даңғылы мен Н.Алдабергенов көшесінің қиылысында үлкен коммуналдық базар бой көтереді. Сыртқы келбеті өте әсем. Қалаға көрік беретін нысанның бірі осы болмақ. Базардың жалпы аумағы 41740 шаршы метрді құрамақ. Барлық жағдай қарастырылған. Жүк көліктерінің кіруі, арнайы автотұрақтар, маңайына орындықтар қойылған және балалар алаңына дейін өз орнын тапқан. Бұл Талдықорған қаласының тұрғындары үшін де және саудагерлер үшін де өте қолайлы болады деп күтілуде.

Ең негізгі нысанның бірі — «Қызыл тас» саяжайына қатынайтын көпір мәселесі. Облыс әкімі бұған дейін саяжай тұрғындарымен бірнеше мәрте жолыққан болатын. Олардың ұсыныс-тілектері мен өтініштерін тыңдап, проблемалық жағдайларын біртіндеп шешіп келеді. Бұған дейін де бірқатар проблемалық жұмыстар өз шешімін тауып, тұрғындардың игілігіне берілген еді. Ендігі күрделі мәселе Қаратал өзенінен өтетін көпір болатын. Енді, міне, саяжай тұрғындарының өтінішіне біржола нүкте қойылмақ. Көп жыл бойы аспалы көпірмен өтіп жүрген тұрғындар ендігі жерде арнайы қауіпсіз өткелмен қатынайтын болады. Қазіргі уақытта екі көпірдің жобалау жұмыстары жасалып, желтоқсан аяғында толықтай бітеді. Келер жылдың басынан көпір құрылысы басталып, жыл соңында аяқталады деп отыр.

Одан кейінгі ең үлкен жобаның бірі – қалаға кіреберістегі Қадырғали Жалайыри даңғылының екі қапталы. Облыс орталығына келген әрбір қонақты бірінші қарсы алатын да осы көше болмақ. Жолдың екі қапталы арнайы өсімдіктермен көмкеріліп, қосымша тротуарлар қарастырылған. Сонымен қатар, түрлі мүсіндер қойылып, тұрғындардың демалуына қолайлы жағдай туғызу қарастырылған. Бұл үлкен жобаның эскизін көрген аймақ басшысы бірден мақұлдап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Таныстыру кезінде бірді-екілі сапасыз жобалар да болды. Оларды облыс әкімі Амандық Баталов қабылдамай, бірқатарына мұндай ауқымды жұмысқа сапасыз жобамен қатыспауды тапсырды.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31
Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.