Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ИТАЛЬЯНША ӘН ШЫРҚАДЫ: СТУДЕНТТЕР БЕСАСПАП БАС РЕДАКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

24 қыркүйек 2019
РУХАНИЯТ
ИТАЛЬЯНША ӘН ШЫРҚАДЫ: СТУДЕНТТЕР БЕСАСПАП БАС РЕДАКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақын деген жаратылыс от жүрегін тулатып өмірге келгеннен кейін кемеңгерліктің кемесіне мініп алып, сақи ғұмырға арқау болар алмас жырларды сомдайды. Сол алдаспан туындылар өлеңсүйер елдің рухы мен руханиятына алтын тегершік қызметін атқармақ. Бүгінде жарық кеудесінен жалпақ жұртқа жыр түлеткен Алаштың айбоз ақыны Әміре ӘРІН шығармашылығына іңкәр жастардың қарасы мол. Оның философияға толы, іркес-тіркес теңеулермен көмкеріле көркі ашылған ғажайып жырларын жастана оқыған жас оқырмандар ақынмен дидарласып, оның тағылымды әңгімелерін тыңдауды үрдіске айналдырған.

Бұл жолы тотыдай түрленген шаһардағы Талдықорған агро-техникалық колледжінің ұстаздары мен студенттері ардақ ақынмен кездесті. «Дарқан дала ақыны – Әміре Әрін» атты рухани кештің шымылдығы ақынның ғұмырбаяндық хамсасынан бір үзік сыр шертіліп, оның шығармашылық жолын таныстырумен түрілді. Көрнекті ақынның бүгінгі таңға дейін басып өткен қызметтік баспалдақтары мен бағындырған биік белестерін жырсүйер білімгерлер тебірене жария етсе, мөлдір туындыларын колледждің ару білімгерлері алаулата оқыды.

«Сауырын төсеп айдынды аспан, көлбейді көлім үріліп желмен. Толқындар биі сан қырды ашқан, жалғанды ғұмыр күн үзіктермен», – деп толғанған қаламгер рухани шара барысында өмір даңғылында түйгені мен түйсінгенін тебірене толғады. Әңгімесінің әлқиссасын ата-аналарын сағынып жүрген студенттерге қаратып:

– Мен ата-анамды сендердей сағына да алмадым. Олардан тым ерте қалдым. Маңдайымнан көп сипай да алған жоқ. Бірақ, міне, осындай дәрежеге жеттік, – деп бастаған «Жетісу» газетінің бас редакторы, Халықарылық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі Әміре Әрін жастарға ғибаратты әңгіме арнады.

Жан қайығын жарға ұрып, жетім бола жүріп жетіліп, жалпақ жұртқа қаламгерлігімен танылған шайырдың шұғылалы өмірінен ғибрат алар тұс жетерлік. Ол ғұмыр деген сыны мен сынағы көп соқпақта сом болмысына кіршік жуытпай тіршілік кешкен жан. Алдынан шыққан тау толқындарға көмілмей, кемеңгерліктің кемесімен аршындап алға басқан, шығармашылығын бес күндіктің ермегі емес, ерен елдің ұлы мұрасы ретінде қадірлеп-қастерлеп, жауһар дүниелерді тудырғанының өзі жастарға аз олжа емес-ті.

Жігіт шағында-ақ өзі туған Қаратал ауданы әкімінің орынбасары болғаны оның білімділігінің жемісі болса керек. Міне, осындай ғажайып сүрлеуді басып өткен айбоз ақын ғұмырынан сыр шерте отырып, асыл мұратқа білім мен жігер арқасында ғана жетуге болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, кемел елдің келешегін көріктендірер жастарға білімге ынтамен бас қойып, тіршілік тегершігі болар тұлға болуды мақсат етіңдер дегенді қадап айтты.

Өмірдің алуан-алуан белесіндегі кездесер кедергілерден ынта мен білім, жігердің арқасында өтетінін, ұлтты сүю, Отанды қастерлеу иманнан екенін жеткізген ақын тарихтан да тағылымды сыр тарқатты. Күллі түркі халықтарының ішінде айбыны асқақ Алаш жұртының арда қасиеттеріне тоқталды. Өз кезегінде ғажайып жырларын оқып, тіліне кіршік жуытпай жүрген шешендік өнердің өкілі екендігіне тыңдармандарын иландырды.

Ақын жырынан кейін сүйікті қаламгерінің өмірі мен шығармашылығынан өзі білгісі келетін сырды сауал ретінде қою мүмкіндігі студенттерге бұйырды. Олар ақынға шығармашылығы тұрғысында сауал қойса, ендігі бірі қаламгерліктен басқа да өнеріңіз бар ма деген сарында сұрақ тастады. Кеш қонағы әрбір жастың сауалын атаусыз қалдырмай, арасында әуелете ән шырқап, рухани шараның көрігін қыздырды.

Өз кезегінде колледж директоры Сәуле Абықанова ақынға қолқа салып, итальянша ән шырқап беруін өтінді. Ғибратты әңгіме өріс алып, алуан түрлі сыр шертіліп, әсем ән әуелеп, жалынды жыр оқылған шара барысында өлеңге құштар жас ақындар кезек алып, айбоз ақын алдында жыр оқып, қаламгер батасына бөленді.

Шара соңында Әміре әлеміне ынтық студенттер шайырмен естелік суретке түсіп, көңілдері көкжиекпен астасқандай күймен тарқасты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.