Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«АРТЫҒЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ»: КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕК ШАРТЫ САҚТАЛА МА?

18 қыркүйек 2019
ӘЛЕУМЕТ
"АРТЫҒЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ": КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕК ШАРТЫ САҚТАЛА МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімдігінде аймақ басшысының орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВТЫҢ қатысуымен әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде үшжақты комиссия отырысы өтті.

Сөзін әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуден бастаған облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов:

– Тараптардың белсенді жұмысы – облыстың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіске жол бермеу. Жұмыс берушілер тарапынан жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін, сондай-ақ, еңбек міндеттемелерін орындау басты назарда, – деп күн тәртібінде талқыланатын төрт мәселеге тоқталды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – облыстағы еңбек қатынастары жөнінде еңбек инспекциясы басшысы Керімбек Жаншабай баяндама жасады. Ол оқыс оқиғалар, еңбекақыны дұрыс төлемеу, еңбек келісімшарттарын толтыру мен орындауда туындаған сұрақтар жөнінде айтты. Әсіресе, Сингапур-Қазақстан-Қытай компаниясы «ALACEM» ЖШС-нда тексеріс барысында бірнеше құқықбұзушылық орын алып, ескертулер жасалған. Бұл жөнінде баяндамашы:

– Еңбек Кодексінде белгіленген жұмыс тәртібі сақталмайды. Мысалы, ереже бойынша аптасына 40 сағаттық уақыт белгіленсе, кәсіпорын жұмысшылары артығымен жұмыс істейді. Жұмысшыларға еңбек келісімшартының 2-ші нұсқасы таратылмаған. Одан бөлек, Еңбек Кодексінің 180-ші бабы бойынша құқықбұзушылық орын алды. Тексеріс барысында айтылған сын-ескертпелерді түзеу мақсатында қолға алынған жұмыстары жөнінде ақпарат берілуде. Осы бағыттағы іс-шаралар әлі де жалғасады, – деді.

Өз кезегінде баяндама жасаған «ALACEM» ЖШС директорының орынбасары Станислав Щербаков жоғарыда аталған сұраққа қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, жұмыс кестесіне қатысты күшейту енгізіліп, қалыпқа келтірілген. Жұмыс жүктемесі азайтылып, жеке сұрақтарға қатысты семинар, форум өткізуге уақыт бөлінген.

Айта кетерлігі, аталмыш кәсіпорын шетелмен бірлескен компания болғандықтан, 1800 жұмысшы жергілікті азаматтар болса, 200 қызметкер шетелдік. Бірақ келесі жылдың ақпан айында шетелдік қызметкерлердің 50-і ғана қалады. Одан бөлек, «Еңбек» бағдарламасы аясына 32 адам оқуда. Орта есеппен айлық мөлшері – 150000 теңге.

Келесі кезекте «CITIC Construction Co Ltd» компаниясы Қазақстандағы филиалының әкімшілік-құқықтық бөлім басшысы Мұрат Дил және «Луцяо корпорациясы» ЖШС Қазақстандағы филиалы заңгері Әйгерім Қырықбаева өздеріндегі заңнамалық өзгешеліктерді жеткізді. Мысалы, Әйгерім Асылбекқызының айтуынша, жұмыс уақыты 18:00-де біткенімен қосымша 3 сағат жұмыс істейтін кездер болады. Ондай жағдайда компания қосымша ақы төлейді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов пен ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қоюмчан Омаров 2017-2021 жылға арналған «Еңбек» бағдарламасы жөнінде баяндады. Ал аймақтағы көші-қон процесін бақылау, мониторинг жасау мен шетел азаматтарын жұмысқа тарту туралы облыстық көші-қон басқармасының басшысы Ержан Алтаев айтты.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – «Парыз» конкурсын өткізуге қатысты еңбек инспекциясы басшысы Керімбек Жаншабаев сөйледі.

Жиын соңынан тараптар нәтижелі жұмыспен қамту және «Еңбек» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда барлық күшті жұмылдыруға уағдаласып тарқасты.

Еңлік ҚАБДЕШ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.