Талдықорған: +13°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Әлихан ТОЙБАЕВ: «ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР»

18.09.2019
ӘЛЕУМЕТ
Әлихан ТОЙБАЕВ: "ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР"
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық алдында жасаған алғашқы Жолдауы ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып, мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болмақ. Бұған дейінгі Жолдаулармен сабақтастығы ретінде бір-бірін толықтыра отырып жүйеленген Жолдау тиімділік пен сапалы бағыт-бағдарды айқындап отыр.

Ел Президентінің бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл жаңашыл бастама деп ойлаймын. Халықпен кері байланыс орнатылып, экономика, әлеумет, мәдениет, руханият саласы бойынша түйткілді мәселелер қозғалып, билік пен бұқараның арасы жақындай түсті.

Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы  өтті. Сол кеңесте қоғамның белсенді мүшелері өз ойларын ортаға салып, қордаланып қалған мәселелерді бірлесіп шешуді жолға қойды.

Ендігі жерде мен Жол­дау­да көрсетілген үш бағытқа кеңінен тоқталғым келіп тұр. Мемлекет басшысы Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырды. Міне, осы бағыт кәсіпкерлікті қолға алған азаматтарға серпін берді және үлкен қолдау болды деп есептеймін. Расымен де шағын бизнесті ашып, оның алғашқы жемісін көріп, кәсібін айналымға шығарып, бір жолға түсіру уақыт пен қаражатты талап етеді. Бизнесті дамытпай тұрып салық пен басқа да талаптарды орындау шағын бизнестің тамырына балта шабу саналады. Осы мақсатта кәсіпкерлікті қолдау мен оны дамытудың нақты жолы Жолдауда көрсетіліп, айқындалды десе де болады. Ендігі жерде халық масылдықтан қол үзіп, кәсіппен шұғылдануы керек. Мұндай қолдау екі қолға бір күрек тауып, белсене еңбек етемін деушілерге жасалған жақсылық.

Алматы облысы аграрлық облыс. Кәсіпті дөңгелетем деген адамға барлық жағдай бар. Осы Жолдауда айтылға мәселеге азаматтар құлақ асып, орта және шағын бизнеске аяқ басатыны сөзсіз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесін 2023 жылға дейін шегеруді тапсырды. Бұл да ретті дүние деймін. Өйткені бизнесті жаңа қолға алып жатқан кәсіпкердің шығынға көп ұшырайтыны анық. Тапқан пайдасына қарағанда шыққан шығыны артып, артынша шағын бизнесті дамыта алмай қалу қаупі туындайды. Осындай қарама-қайшылықтардың туындауы салдарынан кәсіпкерлігі құлдырауға әкеп соғуы мүмкін. Ал Жолдаудағы бағыттар нағыз бизнесті жолға қоямын деген азаматтарға жасалған қолдау. Осы істі дамыта отырып, шағын және орта бизнестің тамырына қан жүгіреді және жұмыссыздықтың қатары азаяды. Аяғынан тік тұрған кәсіпорын алдағы уақытта ел қоржынына мол салық әкелетіні даусыз.

Мемлекет басшысы несие беру жүйесіне кеңінен тоқталды. Соңғы бес жылда бизнеске берілетін кредиттің жалпы көлемі 13 пайызға қысқарған. Осы ретте Үкімет пен Ұлттық банктің алдына нақты тапсырма қойды. Түрлі сылтауларға байланысты қаражаттың құнын шамадан тыс асырмайтындай және кепілдік беретін тетіктерді енгізу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуді және оны екі ай ішінде шешуді қадап айтты. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің бизнеске берген кредитінің қолайлы әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз ету керектігіне тоқталды. Бұл да кәсіпкерге жасалынып отырған жеңілдік деп айтуға болады.

Ең түйткілді мәселенің бірі – ауыл тұрмысын жақсарту. Мұнда ауыл тұрмысының бақуаттылығын қамтамасыз етпей, ауылшаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес. Шындығында ауылшаруашылығын жүргізіп, оны дамытып отырғандар ауыл тұрғындары. Ауылшаруашылығын дамыту үшін ең алдымен ауылға қолайлы жағдай туғызу керек. Осы ретте Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру қажеттігіне тоқталып өтті. Аталған бағдарлама арқылы 30 миллиард теңгенің үстіне қосымша 90 миллиард теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражат нақты бағдарлама арқылы ауылды көркейтуге жұмсалады.

Қазіргі уақыттағы ең маңызды мәселелер –  ауызсу, газбен қамтамасыз ету, жол салу секілді ауқымды істерді біржолата шешу күн тәртібіне қойылып отырғаны анық. Енді, міне, осы істердің толықтай шешілуіне қосымша қаражат бөлініп, алдағы уақытта өз шешімін таппақ. Сонымен қатар бұл қаражат елді мекендерге мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалатын болады.

Ауыл – қазақтың алтын қазығы. Оны көтеру біздің қолымызда. Ауылдың өркендеуі ел экономикасының негізгі тетігі екенін жақсы білетін Мемлекет басшысы ауылға жасалатын қолдауды Жолдау арқылы білдірді.

Халықтың көкейінде жүрген мәселенің бірі – зейнетақы. Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты ел ішінде түрлі қауесеттер мен ке­ліс­пеушіліктердің туындағаны рас.

Әрине, жылдар бойы жинақтаған қаражатынан кімнің болса да айрылып қалғысы келмейді. Ол оның маңдай тер, адал еңбегімен жиылған қаражат. Міне, осыған байланысты Жолдауда нақты жауап жазылды. Бүгінде азаматтардың жинақтаған зейнетақысының бір бөлігін баспана мен білім алуға жұмсауға мүмкіндігі бар. Мұндай қолдау халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудың негізгі баспалдағы деуге болады.

Бұл жобаның тағы бір тиімді жағы бар. Мәселен, жұмыссыз жүрген азаматтардың жұмысқа тұрып, өзіне зейнетақы жинақтауына ықпал етеді. Сол арқылы халықтың тұрмысы түзеліп, жұмыссыздық азаяды деп сенемін.

Жолдаудың тағы бір айта кететін тиімді тұсы – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Екі пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Жыл соңына дейін алты мың отбасының баспаналы болатыны айтылды. Мұндай жаңалық елдің еңсесін көтермесе, түсірмейтіні белгілі. Баспана мәселесін түбегейлі шешуге арналған бұл жоба Қазақстан халқы үшін жасалған ең тиімді бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Мұнда көпбалалы аналар мен көмекке мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету бірінші кезекте қарастырылған. Мәселен, көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету үш жылдың ішінде шешіледі деп отыр. Күрделі мәселенің түйіні шешілді, ендігі ретте оны іске асыру ғана қалды.

Бір сөзбен айтқанда, Жолдауда көрсетілген барлық бағыттар көпшіліктің игілігі мен ел экономикасын жақсартуға арналған. Жүйелі жұмыстың арқасында бұл істердің талап деңгейінде жүзеге асатыны сөзсіз. Соған орай ел ертеңі алаңдататын әрбір азаматқа зор жауапкершілік жүктеліп отыр.

Әлихан ТОЙБАЕВ,

Алматы облыстық қоғамдық кеңес төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.