Талдықорған: +12°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«МЫҢҒА ТАРТА ЖАС ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ НАРЫНҚОЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

17.09.2019
ӘЛЕУМЕТ
"МЫҢҒА ТАРТА ЖАС ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ НАРЫНҚОЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Райымбек ауданына жасаған сапары барысында Текес ауылдық округіндегі сервистік техникалар дайындау орталығының жұмысымен танысты. Осы орталық бойынша өткен жылдан бері қолға алынған жұмыстарды ауданның бұрынғы әкімі Жолан Омаров айтып берді.

Өткен жылы облыс әкімі аталған сервистік орталыққа қаражат бөлгізіп, Голландиядан картоптың 240 тонна «Сантэ», «Агрия» атты супер-элиталы тұқымын сатып алуға мүмкіндік жасаған болатын. Аталған тұқым 70 гектар жерге отырғызылып, одан 2100 тонна өнім алынған. Биыл супер-элиталы тұқым 700 гектар жерге отырғызылды. Одан 16800 тонна өнім алу жоспарланып отыр. Әр гектарға шаққанда 240-300 центнерден өнім жиналуда. Осылайша Нарынқолдың атақты картобының көлемі арта түсуде.

Сервистік орталық үшін жаңа трактор, техникалар алуға облыс әкімі қомақты қаражат бөлгізген. Былтыр 460 миллион теңгеге «Беларус» маркалы 21 жаңа трактор, картоп жинайтын 5 комбайн, одан бөлек, картопқазғыш, шөп тайлағыш, соқа, дәрілегіш сияқты агрегаттар алынған.

Облыс әкімі жаңа трактор, техникаларды да көрді. Картоп пен күздік, жаздық бидайдың, арпа мен сұлының биылғы өнім көрсеткішіне назар аударды. Әсіресе, картоптың нәрлі нәтижелеріне ризашылығын білдірді. Талғат Нүсіпқожаев, Марат Себдайыров, Бек Қойлыбаев секілді сервистік техникалар дайындау орталығы жетекшілерінің жұмыстарына жеміс тіледі.

Амандық Ғаббасұлы бұдан соң Нарынқол ауылындағы құрылыс нысандарын аралады. Алдымен ауылдың тау жағынан салынып жатқан спорттық-сауықтыру кешені ғимаратының құрылыс жұмыстарын көрді. «Фуд-МС» ЖШС жүргізіп жатқан ғимаратқа жалпы көлемі 1,086 миллион теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмысы биыл жыл басында басталса, 2020 жылдың маусымында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жастарға, ауыл тұрғындарына арналған спорттық-сауықтыру кешенінде бокспен, күреспен айналысатын арнайы орындар, шағын футбол, волейбол, баскетбол залдары болады. Жалпы, спортсүйер қауымның спорттың барлық түрімен айналысуына, бос уақыттарын мәнді де мағыналы өткізулеріне барлық жағдай жасалады. Облыс әкімі жүріп жатқан жұмыстарды көзімен көріп, тиісті ескертпелерін жасап, құрылыс нысанын уақытылы бітіруді тапсырды. Спорттық-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланып, қабырғасы көтеріліп келеді.

Облыс әкімі Нарынқол ауылындағы республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер орналасатын ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарымен де танысты. «Фуд-МС» ЖШС күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан екі қабатты ғимараттың пайдалануға берілетін шағы алыс емес. Ішкі жұмыстары бітіп қалған. Жалпы құны 196 714 мың теңге тұратын ғимаратқа алдағы уақытта аудандық қазынашылық, статистика және кіріс басқармалары орналасады.

Дәл осы нысанның сырт жағынан азаматтарға арналған Үкімет үйінің 2 қабатты ғимараты тұрғызылуда. Аудан тұрғындарына арналып жасалып жатқан игілікті дүниенің бірі осы. Жалпы құны 262 215 мың теңге тұратын ғимараттың жұмысын В.Ангешанов басқаратын «Керуен Сервис» ЖШС жүргізуде. Биыл ақпан айында басталған құрылыс нысанын желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Амандық Ғаббасұлы бұдан соң бұрынғы аудандық прокуратура негізіндегі сервистік әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарымен де танысты. Прокуратура ғимаратына жапсарлас салынған жаңа мекенжайдың іші толық бітуге жақын. Төбесі жабылған. Сылау, әрлеу жұмыстары да аяқталып келеді.

Облыс әкімі аудандық әкімдіктің 3 қабатты бұрынғы ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл жұмысқа 496700 мың теңге қаражат бөлінген. Құрылысты жүргізіп жатқан «Гунн Строй Сервис» ЖШС аталған ғимаратты алдағы қазан айында толық бітіріп, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Облыс әкімі ғимараттың бірінші қабатын, оның сырт жағындағы мәжіліс залын көрді. Тиісті ескертпелерін жасады. Жыл аяғына дейін сапалы бітіруді тапсырды.

Бұдан соң аудандық Мәдениет үйінде аудан активінің жиыны болып өтті. Жиынды жүргізіп отырған облыс әкімі бір күн бұрын Талғар ауданының әкімі болып тағайындалған Жолан Омаровтың Райымбек ауданында екі жылға жуық уақыт ішінде атқарған жұмыстарына үлкен ризашылығын білдірді. Жиынға қатысып отырған аудан активіне, жұртшылық өкілдеріне ҚР Президенті Әкімшілігінің және Райымбек аудандық мәслихатының келісімімен, соған орай шығарған өзінің өкімімен Райымбек ауданының әкімі етіп Нұржан Құдайбергеновті тағайындағанын жеткізді. Нұржан Кеңесұлы 1963 жылы туған, білімі жоғары. Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып көп жыл еңбек еткен. Облыс әкімі Нұржан Кеңесұлын жақсы білетінін, ұйымдастыру қабілеті мен жұмыс тәжірибесінің мол екенін айтып, қос әкімнің де жұмысына сәттілік тіледі.

Жиында Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров, Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов сөз алып, өздеріне үлкен сенім артқан облыс әкіміне алғыстарын айтты. Бұдан соң аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медетхан Абиров, «Мирас» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Себдайыров, аудандық жастар ресурстары орталығының жетекшісі Медет Байжұма, зейнеткер ана, ұлағатты ұстаз Балжан Омарова сөз алып, Райымбек ауданының қалпына келуіне көп көмек жасаған, өсіп-өркендеуіне қолдау мен қамқорлық көрсетіп келе жатқан облыс әкіміне, ауданға үлкен еңбек сіңірген Жолан Омаровқа алғыстарын айтып, жаңадан келіп жатқан аудан әкімі Нұржан Құдайбергеновтің жұмысына жеміс тіледі.

– Екі жылға таяу уақыт ішінде атқарылған жұмыстарды көзбен көрдіңіздер. Аудан қайта қалпына келіп, өңір өркендей түсуде. Текес ауылындағы сервистік орталық арқылы былтырдан бері өз тұсындағы атақты Нарынқол картобының берері артып, берекесі кіріп келеді. Трактор, техникалары да жаңарды. Жұмыс жаңа технологиямен жүргізілуде. Өңірге мыңға тарта жас қайтып оралды. Өткен жылы жас мамандар үшін 20 тұрғын үй пайдалануға берілсе, алдағы уақытта Нарынқол ауылында 83 жеке, 4 қызметтік және екі пәтерлік тұрғын үй, әкімшілік ғимараттары, шақыру пункті, аудандық прокуратура ғимараттары салынады. Жастар үшін спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы тұрғызылуда. Нарынқол ауылының ішкі көшелері толық асфальтталып, жарықтандырылды. Биыл ауданды дамытуға арналған қаржы көзі 3,9 есеге артып, 7 миллиард теңгені құрады. Біз аудан келешегінің жарқын боларына үлкен сенім білдіреміз, – деді облыс әкімі Амандық Баталов журналистерге берген сұхбатында.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.