Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ, ІСКЕР»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТАЛҒАР АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАДЫ

13 қыркүйек 2019
КҮНДЕРЕК
"ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ, ІСКЕР": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТАЛҒАР АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жұма күнгі іссапарын Талғар ауданынан бастаған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ әкімдік ғимаратында өңір активімен кездесіп, жаңа әкімді таныстырды.

– Бүгінге дейін ауданға басшылық жасаған Рыскелді Сатбаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты орнына жаңа әкімді тағайындамақпын. Өз уақытында Рыскелді Ахметқалиұлы аудан экономикасына инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелерінде бірқатар толымды істерді жүзеге асырды. Сондай-ақ, ауданға қарасты ауылдарды абаттандыру, көркейту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында да нәтижелі жұмыстар атқарғанын жақсы білесіздер. Әсіресе, жоғары Талғар трассасын кеңейту жайындағы жоба толыққанды шешілді. Алдағы жылы жөндеу жұмыстары басталатын болады. Өз ісінің білгірі, ұтымды ұйымдастырушы бола білген Рыскелді Ахметқалиұлының іс-тәжірибесі облыстың экономикасын дамытуға аса қажет. Сол себепті, жаңа қызметке ұсынатын боламын. Жалпы, соңғы бес жылда Талғар ауданына бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 37 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл үлкен көрсеткіш. Алда атқарылар жұмыстар жайы одан да күрделі әрі жауапкершілігі зор болғандықтан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттары Талғар ауданы әкімі қызметіне Жолан Ыбырайақынұлы Омаровты тағайындауға келісім берді, – деген Амандық Ғаббасұлы жаңа әкімнің қызметтік жолын тарқатып өтті.

– Сонау жылдары облыста жауапты қызметтер атқарған Жолан Омаров 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Райымбек ауданының әкімі болып табанды еңбек етті. Әкімнің ісіне бағаны халық береді. Таулы өңірдегі тынымсыз атқарған жұмыстарына тұрғындар әркез ризашылығын білдіріп келді. Өз алдына бөлінген Райымбек ауданының орталығы Нарынқолда қаншама жаңа нысандар бой көтерді?! Осы күні тұрғындардың 90 пайызын жастар құрап отыр. Бар болғаны бір жылдың ішінде шегаралы ауданның тамырына қан жүгіртіп, тың серпіліс жасады. Сондықтан, тәжірибесі мол, іскер басшы Жолан Ыбырайақынұлының Талғар ауданында да мол жетістіктерге жетеріне, халыққа қалтқысыз қызмет етеріне үлкен сенім артамыз. Халық саны 300 мыңға жуықтаған Талғар ауданында жол жөндеу, ауызсу, газдандыру, жер мәселелерінде түйткілді проблемалар жоқ емес. Өткен жылы «Мелиоратор», «Бозторғай» сынды көпқабатты мөлтекаудандарды газдандыруда бірқатар жұмыстар жасалынды. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табуы керек. Алдағы жылыту маусымына даярлық жасау, көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мәселесіне баса көңіл бөлуді тапсырамын, – деген облыс басшысы ауданның жаңа әкімінің алдағы қызметіне зор сенім білдірді.

Алқалы жиында сөз кезегін алған ауданның бұрынғы әкімі Рыскелді Ахметқалиұлы өзі қызмет еткен бір жарым жылдың аралығында атқарған жұмыстарына тоқтала келіп, жұртшылыққа ризашылығын білдірсе, жаңа әкім Жолан Ыбырайақынұлы өзіне жүктелген сенімге лайық болуға, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға, мемлекеттік маңызға ие жобалардың жүзеге асуына бар білім-білігін арнайтынын айтты.

– Ауданның өсу тарихында қаншама аға буынның қолтаңбасы жатыр?! Бәрі де халықтың тұрмыс-тіршілігінің, әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына бұдан да қиын күндері қызмет етті. Бас-аяғы бірер жылда Рыскелді Ахметқалиұлының жасаған жұмыстарына ел риза. Осы алдыңғы буын – ағалар ісін жалғастыратын жаңа әкімнің қызметіне сәттілік тілеймін. Жолан, айналайын, ең алдымен темірдей тәртіп пен талапты күшейтіп, халықпен байланыс мықты болуы керек, – деген аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қалимолда Байболовтың ізгі тілегі мен ұсынысын №17 орта мектептің директоры Наталья Тифанциди, «Zeta» ЖШС директоры Мақсұт Омарбаевта жалғастырды.

Ұлбосын ИСАБЕК

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.