Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАРИХЫМ ТАСҚА ҚАШАЛҒАН

10 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕ
ТАРИХЫМ ТАСҚА ҚАШАЛҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында көптеген шаралар атқарылып келеді. Облыстағы студенттер мен БАҚ өкілдері Қапшағай қаласы маңындағы Таңбалы тасқа барып, Жетісу жерінің киелі жерлерін аралап қайтты.   


 Шараның басты мақсаты – «Сакралды Қазақстан» тізіміне енген облыс аумағындағы  тарихи жерлермен таныса отырып, өңірдің әлеуметтік және туристік инфрақұрылымын дамыту. Таңбалының самал желі мен тұмса табиғаты, қашап жазып тарихын таста қалдырған бабаларымыздың жәдігерлері адамды баурап алады. Тасын түртсең тарихы көрінетін Ұлы Даланың әр тасында мағыналы шежіре тұнып тұр. Біз де бірден мыңдаған жылдық тарихи сыр бүккен, ұлттық құндылықтарымыз бен бабаларымыздың қолтаңбасы сақталған таңбалы шатқалындағы жәдігерлерді аралауға кірістік. Көнеден қалған таңбалар бізді ерекше тамсандырды. Әсіресе, жастар мәдени-рухани зор байлығымызды аралап керемет әсер алды. «Рухани керуен» жобасы барысында тарихшылар өскелең ұрпаққа көне руна жазуларының тарихымен таныстырып, мән-мағынасын  кеңінен тарқатты.

Таңбалы таста мыңға жуық петроглиф бар. Алдымен біз VІІІ-ІХ ғасырды қамтитын руна жазуларын көрдік. Сонымен қатар мұнда будда таңбалары да кездеседі. Оны үндістер салған деген аңыз бар. Жергілікті халықтың айтуынша  суретті жоңғарлар салған дейді. Таңба «Мәңгілік жарық», «Мейірімділік» деген мағынаны білдіреді. Ал, «Таңбалы тас» деген атауды қазақтар қойған. «Таңбалының» жанынан Іле өзені толқып ағып жатыр. Таңбалардың көптеп салынуы да осы өзеннен өтетін ең қысқа жер деген дерек бар.

Жиын барысында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастыру және әкімшілік бөлімінің бас маманы Әнуар Демегенов сөз алып: «Бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара Елбасының мақаласын жүзеге асыру болып табылады. Соңымыздан ерген жастарға жер жаннаты Жетісу жерінің тарихымен таныстырып, бабадан қалған көне жазуларды таныту, ежелден қалып­тасқан ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында осындай аса маңызды жоба­ны жүзеге асырудамыз. Біз осымен шектеліп қалмаймыз. Алдағы жетіде тағы да үлкен шаралар өткіземіз. Келесі жылдан бастап өңіріміздің барлық сакралды жерлерін жұртшылыққа таныстыру жоспарымызда бар», – деді.   Иә, өткенді ұлықтап, тарихи жерімізді таныту,  кешегі бабалардың еңбегін өскелең ұрпаққа дәріптеу – бүгінгі күннің талабы. Өйткені ел болашағы тарихты танып, оны жас ұрпақтың бойына сіңіруден қалыптасады.

Жиын соңында тағылымды шараға келген жұрт елімізде осындай игі істер жалғаса берсін деген тілекпен тарқасты.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.