Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖЕТІСУДАН БАСТАЛАДЫ

03.09.2019
КҮЛТӨБЕ
ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖЕТІСУДАН БАСТАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыдағы облыс әкімі өкілдігінің мәжіліс залында «Жібек жолы Жетісудан басталады» атты конференция өтті. Аталған шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұйымдастырды.


«Ұлы Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасы аясында өткен жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, қоғамдық келісім мен этномәдени бірлестік өкілдері және «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері қатысты. Конференцияны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ашып, жүргізіп отырды.

Ұлы Жібек жолының адамзат өркениетінде алатын орны ерекше. Ол кезінде Азия мен Еуропаны жалғастырған алтын көпірге айналған. Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы экономикалық және рухани байланыстар нығайып, әлемдегі саяси тұрақтылықтың сақталуына зор ықпал етті.

Бүгінгі таңда да сол сабақтастық жібі үзілген жоқ. Ары қарай қанатын кеңге жайып келеді. Жібек жолы бойында орналасқан мемлекеттер ортақ тарихын бірге зерттеп, зерделеуге күш салуда. Оның астарына үңілген сайын өзара ықпалдастық пен сенім күшейе түсіп, дамудың даңғыл жолына нық қадамдар жасалуда. Міне, осындай ортақ іске өз септігін тигізіп келе жатқан «Ұлы Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасын айтуға болады.

– Бұл жобаның жұмыс істеп жатқанына он шақты жылдың жүзі болды. Оған Орталық Азия ғалымдары да атсалысып келеді. Бірлесіп жұмыс істеудің арқасында тарихты зерттеу жаңа арнаға бұрылды. Облыста да осы жоба аясында игілікті іс-шаралар өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. Биыл – Жастар жылы. Сондықтан, әр ауданнан топтасқан жас мамандарды, география мен тарих пәні мұғалімдерін осындай ізгілікті шараға қатыстырып отырмыз. Жетісудың киелі жерлері мен тарихи ескерткіштерін араладық. Аталған конференция сол сапарымыздың қорытындысы. Жібек жолы тарихында Жетісудың алатын орны ерекше. Бүгінгі жиында айтылатын пікірлер, оқылатын баяндамалар жас ұрпақтың зердесін ашып, танымын тереңдетеді деп ойлаймын, – деді Ғабит Тұрсынбайұлы.

Бұдан кейін сөз алған белгілі қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кан Георгий Васильевич Ұлы Жібек жолының өркендеуіне түрік мемлекеттерінің ықпалы туралы кеңінен әңгімеледі.

– Біз кезінде Түрік тарихының картасын әзірлеу жұмыстарына қатыстық. Сонда Моңғолия мен Кавказға дейінгі аралықтағы түріктердің ел басқару нышандарын жіті зерттедік. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілердің басым бөлігі Жетісу жерінен табылғанына көзіміз анық жетті. Киелі Жетісуды түріктердің түп-тамыры дейтініміз сондықтан.

Ұлы Жібек жолының өркендеуі Түрік қағанаттарының дәуірлеу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Олар жолдың қауіпсіздігіне кепіл болды. Сол арқылы тек сауда-саттық ғана емес, өнер мен мәдениет, ғылым мен әдебиет қатар дамыды. Өркениетке кең жол ашылды. Уақыт өткен сайын Жібек жолының тарихы да тереңдей түсуде. Біз бір нәрсені анық түсінуіміз керек, тарих жауласу үшін емес, халықтардың бір-бірімен жақындасуы үшін керек. Ұлы Жібек жолының тарихы жас ұрпақты ынтымаққа бастайды, – деді Георгий Кан.

Конференцияда Шымкент қалалық ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Жамбыл облыстық ғылыми сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Альбина Тапаева, Түрікстан облысынан келген  заң ғылымдарының кандидаты Асхат Есеналиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ни Любовь Августина, «Достық» газетінің бас редакторы Зейнегүл Сейсеновалар баяндама жасап, ойларын ортаға салды. Конференция соңында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтуда атқарып жатқан жұмысына тоқталып, «Бірлік түбі – тірлік» екенін қатысушылардың тағы бір естеріне салды.

БолаТ МӘЖИТ
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.