Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

27 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл ауданындағы жастар ұйымының жұмысы биыл белсенділігімен ерекшеленіп отыр. Шілде айының басында облыстық жастарға қызмет көрсету орталығында өткен жиында Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Балжан Досалы облыс әкімі Амандық Баталовтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.


Жастар ресурстық орталығының нәтижелі жұмысы аудан жастарының өз жолын таңдап, қоғамның белсенді мүшесі болуына үлкен септігін тигізіп келеді. Аталған ұйымда бес маман жұмыс істейді. Оның ішінде психолог та бар. Осында аудан жастары көкейдегі сан түрлі сұрақтарына жауап тауып, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақыл-кеңес алады. Бұл олардың еңбек жолын қалыптастыруына оң ықпал етеді. Жамбылдық жастарға аудан әкімі Бағдат Әлиев үнемі қолдау білдіреді. Кезінде жастар ұйымында қызмет істеген аудан басшысы олармен жүйелі кездесіп, ой-пікір алмасады.

Жыл басынан бері сан түрлі шаралар өткізілді. Наурыз мейрамында аудан жастары 170 метрлік құрақ көрпе құрап, аудан рекордын жаңартты. Одан кейін аудан әкімінің кубогы үшін «Көңілді тапқырлар алаңы» өтті. «Наурыз аруы – 2019» байқауы ұйымдастырылып, онда Самсы ауылының тұрғыны, өзі айтыскер, ақын қыз Пәкиза Арыстан жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ауданда полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағы мен «Мейірім» еріктілер тобы құрылғанын атап өтсек болады. «Жалын» студенттік жасағы түнгі рейдке шығып, көшеде жүрген кәмелетке толмағандарға ескерту жасап, құқықбұзушылықтың алдын алуға септігін тигізіп жүр. Ал «Мейірім» еріктілер тобы әлеуметтік жағдайы төмен және жалғызбасты қарттар үшін «Қайырымдылық қадірлі іс», «Ардагерлерді ардақтайық» акцияларын өткізіп, қариялардың алғыс-сауабын алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен еріктілер адал ниетті адамдар екеніне сенемін. Волонтерлік – бұл шынайы патриотизмнің бейнесі, өйткені сіздер елге қызмет етіп, барлығын да халық үшін жасауға тырысасыздар», – деп келер жылды Жастар жылының жалғасы ретінде «Еріктілер жылы» деп жариялайтынын мәлімдеуі аудан жастарын қуантты. Олар еріктілер тобының жұмысын одан әрі қарқынды ете түсуге ниеттеніп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл ел» бағдарламасы жайында: «Бұл жай ғана экологиялық шара емес, терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние. «Жасыл ел» дегеніміз – Мәңгілік Ел дегеніміз. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдыруымыз керек. Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатты жасыл елді табыстауымыз керек», – деген болатын.

Сол «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс ауданда биыл да жарасымды жалғасын тапты. Маусым-шілде айларында 70 жас нәтижелі жұмыспен қамтылып, жазғы демалысын тиімді пайдалануға мүмкіндік берілді. Бұл бағдарлама келер жылы да жалғасып, жастарға экологиялық білім беріп, оларды еңбек пен отансүйгіштікке, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейді деген сенім мол.

Бұл орайда Балжан Ерболқызы былай дейді:
– Мақсатымыз – анық, бағыт-бағдарымыз – айқын. Алдымызда Елбасы белгілеп берген абыройлы міндеттер тұр. Сол көздеген межеге қол жеткізу үшін замандастарыма жұдырықтай жұмылып жұмыс істейік дегім келеді. Біз берекелі тірліктің бастауы бірлікте ғана екенін батыл іс-әрекетімізбен дәлелдеуіміз керек. Осы жолда барлық жастарға үлгі-өнеге көрсетуге тиіспіз. Ақындар мен батырлар елінің абыройын асқақтатып, киелі мекеннің мәртебесін биіктетіп, талмай еңбек етеміз.

Бүгінде аудан халқының саны 168 мың адам болса, соның 41 мыңнан астамы 14 пен 29 жас аралығындағылар. Ауылдық елді мекендерге тұрақты жұмыс істеуге келген жас мамандар қатары өсуде. Ресми статистикалық мәлімет бойынша, аудан жастарының ішінде қыздарға қарағанда ұлдардың саны басым екен. Жыл басынан бері жастар ұйымдастырған 115 шараға 22 мыңға жуық адам тартылған. Таратып айтқанда, жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына, жат қылық, суицид, экстремизм мен терроризм, нашақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әртүрлі тақырыпта 25 «дөңгелек үстел», 18 кездесу, 24 спорттық-эстафеталық жарыс, 10 мәдени-шығармашылық байқау, 6 тақырыптық флешмоб, 6 семинар тренинг, 4 форум, 12 қоғамдық жұмыс, 15 акция ұйымдастырылды.

С. ӘШІМБЕКҰЛЫ
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.