Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҚЫН АУЫЛЫНДАҒЫ АЙТЫС

27.08.2019
КҮЛТӨБЕ
АҚЫН АУЫЛЫНДАҒЫ АЙТЫС
WhatsAppTelegramFacebook

Жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына  орай Ойтоған ауылдық округінде «Ақын рухын асқақтатайық» атты ақындар айтысы өтті.


Жыр додасын  Ақсу халық  театрының  режиссері  Сұлтан Жақыпбеков жүргізді.   Айтысқа аудан  әкімінің  орынбасары  Ғ.  Есжанов,  Ойтоған  ауылдық  округінің  әкімі Тұрсыннұр Білісбек ,  ҚР Журналистер  одағының мүшесі, ақын  К. Кәкімбек   және    Ж.  Тұралықов,  М. Байсақұлылар  әділқазылық етті.  Шара басында  Ғазиз    Есжанов ақындарға жеңіс тілеп, көпшілікке ыстық   ықыласын   білдірді.  Той  шашусыз,  батасыз  басталған ба?  Ауылымыздың  тұрғыны,   Ілияс атамыздың   аталас  шөбересі,  зейнеткер ұстаз  Оралхан Кәппайқызы  ақындар мен келген қонақтарға  тілек  айтып,  шашу  шашты.   Ілияс  Жансүгіровтің  келіні  Күлғайша  әжей де жиналған үлкен-кішіге  батасын  берді.    

Алдымен  сахна  төріне  Қапал ауылынан келген   азулы  ақын   Жанатбек Айдарәлі  мен  Жансүгір  ауылының    жас  ақыны  Нұрболат  Есен  шықты.  Айтыс тартысты өтті.  Көпшілік ақындармен бірге арқаланды.  Екінші  жұп    Матай  ауылдық  округінен Раушан  Нұршабаева   мен Төлепбай Бердібек  еді.  Айтыскерлердің барлығы да  Ілияс Жансүгіровтің сан қырлы дарын иесі болғандығын  айтып, тауыса алмай жатты.  Жыр сайысында қаракөздік   Бейбіт Танысбеков    қызылағаштық  Болатбек  Аблакашевпен,   ойтоғандық Бақытнұр Жұқанқызы   қызылағаштық  Жағыпар Қайдармен  додаға түсті.  Сахнаға  төселіп,  бой  үйретіп алған  ақындар  той алдындағы игілікті істерді,  ауыл  жұртының  берекесін айтып,  көпшіліктің  көңілін   көтерді.  Ақындардың  ішінен   оза  шапқан   қапалдық Айдарәлі  Жанатбек   пен Ойтоған  ауылының  ақын қызы   Жұқан Бақытнұр   бас жүлдені сарапқа салу үшін айтыс  алаңына  қайта  шақырылды.   Суырыпсалма  ақындардың  айтысына  жиналған көпшілік  демдерін ішіне  тартып, лезде  тыныштала  қалды.  Айдарәлі  Жанатбек  Бақытнұрды  жеңге  деп қалжыңдап,  еркелей  отырып,   оралымы  келгенде  сөзбен жеңді.   Жағыпар  Қайдар мен Төлепбай Бердібек ағалы-іні болып, сыйластықтары жараса  ақындар  айтысын  қыздырды. Жиналған  көпшілік  ақындарға  дем  беріп,  шабыттарын шалқытты.    

Ақындар  айтысы  көпшіліктің  делебесін  қоздырып,   тіл құдіретін сезіндіргендей.  Айтыс арасында  ақындар   терме,  толғауларымен   көпшілікті тәнті  етті.  Екі жарым сағатқа  созылған  айтыс аламаны    өз  жүлдегерлерін  айқындады.  Той  қарсаңына   сайысқа  келіп,  үлестерін қосқан  ақындарға  ауыл  әкімі  Тұрсыннұр  Тұрысбекұлы    алғысын  білдірді.

Ақын жерінде  өткізілген   шараға  үлесін қосуға  келген   ақын   Айдарәлі Жанатбек   бас жүлдеге ие болып,  бағалы  сыйлықтың иегері атанды.  Бірінші орынды  Бақытнұр Жұқанқызы, екінші орынды  Жағыпар  Қайдаралды жеңіп алды. Ал үшінші орын Нұрболат Есенге  бұйырды.  

Берекесі тасыған  шағын  ауылда  өткізілген    іс-шара   Ілияс бабаның  рухын  бір аспандатты.  

Э. БЕКОВА,  
Ойтоған ауылдық  клубының  әдіскері 
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.