Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЫНАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ СЕЗІНДІК

26 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ШЫНАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ СЕЗІНДІК
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім және ғылым» атты республикалық тамыз конференциясына қатысып,  оқыту жүйесіне баса көңіл бөлгендігі мектебіміздегі мұғалімдер ұжымын қатты қуантты.


Оның Үкіметке жүктеген міндеттерінің білім беруге деген көзқарасты түбегейлі өзгертетіні анық. Президент өз сөзінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген айшықты ойын қолдануын аса көрегендік деп ойлаймын. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі іс екенін атап өткен Президент мұғалім еңбегін бағалаудың өте маңызды міндет болып табылатынын айтты. Сөзінде ерекше тоқталған 8 мәселе бүгінгі күн талабынан шыққан, жедел атқарылуы тиіс шаралар екені сөзсіз.

Мемлекет басшысының мектептердің материалдық базасының талапқа сай болуын, жас ұрпақ бойына білім мен ұлттық құндылықтарды қатар дарытуды, соңғы үлгідегі оқу ошақтарын салу арқылы үш ауысымды жоюды, үштілді жүйеге көшуді оқытушылардың дайындығына қарай жүзеге асыруды және білім саласына енгізілетін барлық реформаларды көпшілікпен кеңесіп, талқылап барып енгізуді ұсынғаны көңілімнен шықты. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына облыстан бөлінетін гранттар санын көбейте отырып, жұмыспен қамту да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жуықта күшіне енетіні бізді қуантады. Президент тапсырмасы Үкімет әзірлеп жатқан 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында толық қамтылатынына сенемін. Осындай қолдауды көріп отырған біздер, ұстаздар қауымы, қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек.

Зейнехан НАҚЫСБЕКОВА, 
Жайсаң орта 
мектебінің директоры
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.