«Дәулет» шаруа қожалығының 10 гектар шабындық алқабы еңбек дүбіріне бөленген.
Қазір мұнда шөпшілер бригадасы қауырт еңбек үстінде. Бірнеше трактор қою өскен шөпті шауып жатса, келесілері көк бояуын жоймай, тырмалап жинап жатыр. Қожалық төрағасы Серік Нарынбаевтың жер шөбі шүйгін, берекелі екенін айтып, көңіл қуантты.
– Мал азығын әзірлеуге ерте бастан кірісіп кеттік. Қолда бар техниканы сайлап, іске қостық. Бір шетінен ауа райы да қолайлы болды, – дейді қожалық иесінің көмекшісі Руслан Рахимов.
Ұйымшылдық танытқан азаматтар алқаптағы шөккен түйедей тең-тең болып жатқан шөпті кідіртпей, қыстақ басына тасымалдауда. Шаруалар қолына алған шөптің әрбір талына қарап, жаз айының малға да, жанға да жайлы болғанын айтты.
Сержан НҰРБАҚЫТҰЛЫ
Райымбек ауданы





