Талдықорған: +39°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ — БІРЛІКТЕ

24.08.2019
КҮЛТӨБЕ
БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - БІРЛІКТЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Сайлаушылардың сенімі мен үмітін арқалаған халық қалаулылары ел ішін аралап, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысуда. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Шаймардан НҰРЫМОВ талғарлықтармен жүздесті. Келелі кездесуге аудан әкімі Рыскелді СӘТБАЕВ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит ТҰРСЫНБАЙ және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын әріптесіміз Мақпал ТӘЖМАҒАНБЕТОВА, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысып, кең көлемде пікір алмасты.


– Жуырда елімізде ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаны белгілі. Жаңадан жасақталған кеңестің басты мақсаты – халықпен тығыз байланыс орнату арқылы қоғамдағы өзекті деген мәселелерді анықтап, тұрғындардың тұрмысын жақсарту. Бұған қоса, жергілікті жерлерде қоғамдық келісім кеңестері құрылып отыр. Оның да мақсаты айқын. Яғни, ұлттар арасындағы бірлікті нығайтып, татулықты арттыратын жүйелі орган ретінде қалыптастыру. Сондықтан ауданымызға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан Усеинұлы сіздермен жүздесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, ой бөліспек, – деген аудан әкімі Рыскелді Ахметқалиұлы сөз кезегін халық қалаулысына берді.

– Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да басты тапсырмасы – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Сол себепті, ел арасында түйіні тарқалмаған проблемалар болса ашық айтыңыздар. Біз сіздердің мұң-мұқтаждарыңыздың заң шеңберінде шешім табуына атсалысамыз. Айталық, Парламенттің өткен сессиясында 107 заң көтеріліп, оның 79-ына қол қойылды. Мен солардың жетеуінің жұмыс тобына қатыстым, екеуі өзімнің тарапымнан ұсынылды. Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар қаншалықты көп енгізілсе, ол заң соншалықты жетіле түспек, – деген депутат Шаймардан Нұрымов осы заңдардың жүзеге асырылуы мен қолданысқа енуінде еш кедергілер болмауын баяндады. – Ел Президенті патриотизм бар жерде – жемқорлық болмайтындығын ашып айтты. Қазақстандық патриотизмді күшейтіп, жастардың жұмыспен қамтылуына баса көңіл бөліну қажет. Ел болашағының жарқын болуын көздеген стратегиялық жоспарлардың толыққанды жүзеге асырылуы үшін елдің ынтымақ-бірлігі керек. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп тегіннен-тегін айтылмаған. Көпұлтты еліміздің ырысын арттырып, берекесін нығайтатын да – тамыры тереңге кеткен татулық пен туыстық қарым-қатынас.

Сайлаушылардың сенім жүгін арқалаған халық қалаулысына қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауыл белсенділері сан тарау сауалдарын жаудырды. Олардың басым бөлігі саяжай тұрғындарының жарық, жол, ауызсу мен газдандыру мәселелеріндегі қиыншылықтар мен қымбатшылықтар жайында болса, несие пайызының жоғарылығы, кәсіп ашудағы кедергілер, жер телімін ала алмайтындықтары, ауыл көшелерінің жасалмайтыны, дәрігерлердің жетіспеушілігі сынды әлеуметтік маңызы зор мәселелермен тізбектелді.

– Сіздердің көтеріп отырған проблемаларыңыз жалғыз Талғар ауданында ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында бар мәселе. Бүгінгі таңда әлеуметтік мәселелерді шешу алдыңғы орынға шығып отыр. Ол – көпбалалы аналар, баспана, ауызсу, жол, аурухана мәселелері бүкіл елге ортақ проблема, – деп жиында сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай бүгінгі күні мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жайын әңгімеледі. – Сол себепті, мемлекеттік деңгейде Үкімет тарапынан, Елбасының, Президент аппаратының тарапынан бұл мәселе күн сайын қадағаланып, күн тәртібінен түспеуде. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы да әр апта сайынғы аппарат жиынында өзекті  мәселелерді көтеріп, басшылыққа алады. Біздің облыста ғана жыл сайын 1-ші қыркүйекте 50 мыңға жуық бала мектепке барады. Облыстағы үшауысымды мектептің проблемасын бүгін шешсек, ертең екіншісі пайда болады. Себебі, бала туу көрсеткіші артып келеді. Өйткені, жер жаннаты Жетісу өмір сүруге өте қолайлы өңір болғандықтан, әсіресе, Алматы қаласының төңірегінде тұруға ұмтылушылар қатары жылдан-жылға артып келеді. Әлеуметтік мәселелердің көбейе беретіндігінің де басты себебі осы.
Келелі жиында айтылған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні елдің ынтымақ-бірлігі мен тірлігіне тікелей байланысты екендігімен қорытындыланды. Мәжілісмен Ш. Нұрымов бастаған топ аудандық ауруханада болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар жайымен де танысты.

Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Ұлт рухының ұлы серпілісі

Ұлт рухының ұлы серпілісі

16.07.2026
200 мың гектар алқап сумен қамтылады

200 мың гектар алқап сумен қамтылады

16.07.2026
Президент Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға барды

Президент Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға барды

16.07.2026
Аптап ыстықтан қалай қорғанамыз: Денсаулық сақтау министрлігі маңызды үндеу жариялады

Аптап ыстықтан қалай қорғанамыз: Денсаулық сақтау министрлігі маңызды үндеу жариялады

16.07.2026
Чемпиондар лигасы. «Қайрат» келесі кезеңде

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» келесі кезеңде

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.