Талдықорған: +38°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЫЛ СОҢЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

24.08.2019
КҮЛТӨБЕ
ЖЫЛ СОҢЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі кезде Қазақстан-Сингапур бірлескен «ALACEM» компаниясы Кербұлақ өңірінде цемент зауытын салып жатыр. Өткен жылдың көктемінде басталған өндіріс ошағының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтіліп отыр. Бұдан соң зауыт іске қосылып, ел игілігіне берілетін болады.


Елге берер пайдасы мол игілікті істі көру үшін арнайы сол жерге бардық. Бұл жердегі жұмыстармен өндіріс жетекшісі Диас Жармағамбетов таныстырды. Байқағанымыздай, жол бойынан орын тепкен өндіріс орнының құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Ауласы да атшаптырым аумақты алып жатыр. Жұмыстардың басым бөлігі тамамдалуға таяпты. Қалай болғанда да қолға алынған іс дер кезінде бітуі тиіс. Осыны мақсат тұтқан мамандар мен құрылысшылар жұмысты бірлесе атқаруда. Зауыт еуропалық әрі заманауи үлгіде бой көтеріп келеді. Ол іске қосылатын болса үш жүзден аса жұмыс орны ашылмақ. Яғни, жергілікті тұрғындардың көбі жұмыспен қамтылады деген сөз. Айта кетейік, аталмыш компанияның негізгі құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Нұржан Шакиров. 

Жоба мақсаты Алматы қаласы мен облысын стратегиялық маңызы бар құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету. Инвестиция көлемі 50 млрд. теңгені құрайды. Бас мердігер «Jiangsy Pengfei Kazakhstan», ал жобалаушы ұйым «Industrial Engineering KZ» ЖШС. Бұл жерде тәулігіне 3,200 тонна өнім шығарылады. Ал жалпы зауыттың жылдық қуаты 1,2 млн. тонна цемент өндіруге қауқарлы. Өнім дайындауға қажет шикізат та Күреңбел өңірінен табылады. Мамандардың сөзінше, жаңа цемент зауытының экология мен қоршаған ортаға да еш зияны тимейді. Ол үшін арнайы сүзгі құрылғылары орнатылуда. Зауыт автоматты түрде жұмыс атқаратын болады. Тек, арнайы тетіктерді дұрыс басқарса болғаны. Өндіріс жетекшісінің айтуынша, қазіргі кезде кәсіпорын мамандарын даярлауға айрықша көңіл бөлініп отыр. Алдағы уақытта оларды шетелден оқыту көзделуде. Бүгінде осы бойынша дайындық іс-шаралары жүргізіліп жатқан көрінеді.      

Өндіріс орнына орнатылатын құрал-жабдықтардың сапасына да мән берілген. Сондай-ақ, бұл жерде өнім сапасын тексеретін лабораториялық орын да болады. Жалпы, мұндағы жұмысшылардың алаңсыз еңбек етулері үшін барлық жағдай қарастырылыпты. Олар үшін үш мезгіл ыстық тамақ әзірленеді. Жатын орындары мен жуынып-шайынатын жерлері де бар. Қажет болған жағдайда дәрігерлік көмек те көрсетіледі. Айлық жалақылары да уақытылы беріліп отырады. Бүгінде Дәулет Танабеков, Азамат Нүсіпов, Бауыржан Талдыбай секілді құрылыс алаңында жұмыс атқарып жүрген жергілікті азаматтарды өз істерін жетік меңгерген еңбеккерлер деп айтуға болады. 

Зауыттан шыққан дайын өнім тапсырыс бойынша Жетісу өңірінің түкпір-түкпірінде саудаланбақ.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

200 мың гектар алқап сумен қамтылады

200 мың гектар алқап сумен қамтылады

16.07.2026
Президент Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға барды

Президент Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға барды

16.07.2026
Аптап ыстықтан қалай қорғанамыз: Денсаулық сақтау министрлігі маңызды үндеу жариялады

Аптап ыстықтан қалай қорғанамыз: Денсаулық сақтау министрлігі маңызды үндеу жариялады

16.07.2026
Чемпиондар лигасы. «Қайрат» келесі кезеңде

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» келесі кезеңде

16.07.2026
Метан шығарындысын азайту шаралары

Метан шығарындысын азайту шаралары

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.