Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЗАҚША ЖАРНАМА ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДІ?

8 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ҚАЗАҚША ЖАРНАМА ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл сарайында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.


Семинарға А. Бай­тұр­сынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасының жауапты мамандары, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, жекеменшік жарнама агенттіктерінің қызметкерлері қатысты.

Шараны облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев жүргізіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, оның қолданыс аясын кеңейтуде ерекше маңызды қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар мен жарнама екендігін айтты. Сонымен қатар, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің сауатсыздығы ономастика саласының ғана емес, бүгінгі қазақ қоғамындағы жиі сынға ұшырайтын  аса өзекті мәселелердің бірі екендігіне, аз сөзбен көп мағына беретін мәнді де мағыналы, тиянақты ойды білдіретін, жұрт санасына тез сіңетін қазақ тілді жарнамалар керектігіне тоқталды. 

Кеңесте латын графикасының ономастикалық ережелердегі қолданылуы және графикалық кеңістікте жарнама мәтіндеріне қажетті емле мен пунктуация нұсқаулығын әзірлеудің жобаларын қарастыру сынды мәселелер қозғалды. Алғашқы болып баяндама жасаған А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Рысберген Қыздархан латын әліпбиінің ерекшеліктері мен артықшылықтарын айта отырып, мемлекеттік тілдің қолдану аясындағы әлі де болса заңдастырылмаған ережелері жайлы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі латын графикасының қолданылуы елімізде тұратын басқа да ұлт өкілдеріне ыңғайлы жағдайдың қарастырылып жатқанын және жеке куәліктерде, туу туралы куәліктерде, АХАЖ немесе басқа да заңды мекемелерде кездесетін әртүрлі орфографиялық қателіктерді шешу жолдарын баяндады.

Жиында географиялық  16 атаудың қырат, тақыр, тоғай, қыр секілді халық-аралық дәрежеде өзгеріске түспей, қазақша жазылатыны сөз болды. Бұл сөздер ЮНЕСКО-ның тізіміне кірді.  І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Төребекқызы «Өңірлік ономастиканың дамуы мен жаңару мәселелері» атты баяндамасында  облыс бойынша қазақша атаулар берілмей тоқтап тұрған аймақтардың құжаттары дайын екенін және қандай атау тағайындалғандығы туралы сөз қозғады. «Ономастикалық атауларды таңдаған кезде біз­дің басты мән беруіміз ке­рек нәрсе, ол – дәстүріміз­ге сай, тарихи атауларды қолданғаны,»– дейді ол. Ке­ле­сі ке­зекте мінбеге А.Бай­­­­­тұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Ақмарал Пиязбаева көтеріліп, графикалық кеңістікте жарнама мәтіндеріне қажетті емле және пунктуация нұсқаулығын әзірлеудің жобасы жөнінде баяндама жасады. Мұнда емле және пунктуацияның жарнама хақында қолға алынған жаңа жобасымен таныстыра отырып, жарнамадағы қателіктердің категориясына тоқталды. Ең көп таралған қателік мағынасының дұрыс аударылмауы, қазақ тілінің негізгі ережелерін білмеу сынды мәселелермен байланысты болған. «Алдағы уақытта бұл жағдайлардың барлығы шешілетін болады»,– дейді мамандар. 

Жиын соңында қатысушылар ономастика жайындағы, басқа да мәселелер жайлы сөз қозғап, пікірлерін ортаға сала отырып, көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісті. 

Аймарал ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.