Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ДЕПУТАТТАР БАРЛЫБЕК СЫРТТАНОВТЫҢ ЕСІМІН БЕРУДІ БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

02.08.2019
ЭКОНОМИКА
ДЕПУТАТТАР БАРЛЫБЕК СЫРТТАНОВТЫҢ ЕСІМІН БЕРУДІ БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімдігінде мәслихаттың кезекті 51-нші сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, облыстық мәслихаттың хатшысы Cұлтан Дүйсембінов, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері мен депутаттар қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың депутаты Тоқан Ботабеков жүргізді.

Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы болды. Бұл турасында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас есеп берді. Баяндамашының сөзіне жүгінсек, облысымыздағы жастардың саны 408 218-ді құрайды, оның 88 950-і қалалық, 319 268-і ауылды жерде тұрады. Жастар саясатын қаржыландыру көлемі биыл  552,9 млн. теңгені құраған. Облыста 20 жастар ресурстық орталығы бар. Жастар ісі жөніндегі түрлі деңгейдегі 21 кеңес жұмыс істейді.

Өңірде жұмыссыз жастардың тізімін жинақтау тәжірибесі қолға алынып, олардың санын азайту және әлеуметтендіру бойынша бағдарлама жобасы әзірленген. Биыл 1-тоқсандағы мәліметке сәйкес, жастар жұмыссыздығының деңгейі – 2,9 пайызды көрсетуде. Жұмыспен қамту үшін жүгінгендер саны – 7 168-ді, жұмыспен қамтылған жастар саны  5 244-ті құрады.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 694 маманға 244 238,7 мың теңгеге көтерме жәрдемақы және 409 жасқа 1 528 558,2 мың теңгеге несие берілген. Жастарды еңбекпен қамтуда облыстық «Жасыл ел» штабы белсенді жұмыс атқаруда. Биыл «Жасыл ел» жобасы шеңберінде 1000 жасақшы еңбекпен қамтылған. Маусым соңына дейін 2000 жасақшы жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Сессияда қаралған екінші мәселе – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №3746 Қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қаралған 11 міндеттің 2018 жылы және 2019 жылдың өткен кезеңінде Алматы облысында жүзеге асырылуы және жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуі саласындағы хал-ахуал туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Зайда Ілімжанова баян етті.

Атап айтар болсақ, жыл басынан жұмыспен қамту мекемелеріне 27588 адам жүгініп, оның 23948-і еңбекпен қамтудың белдсенді шараларымен қамтылған. Тұрақты жұмысқа 9624 адам орналастырылған. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыру үшін 10731,8 млн. теңге қарастырылған. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 6787 адам кәсіптік оқытуға жіберілген. Екінші бағыты шеңберінде 1299 адамға шағын несие беру жоспарлануда. Үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 1030 адамды, жастар практикасына 1582 түлекті, қоғамдық жұмысқа 5752 адамды тарту қарастырылған. Жыл басынан аз қамтылған 219,8 мыңнан астам азаматқа 8780,4 млн. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетілген.

Жиында Талдықорған қаласындағы №25 орта мектебіне Барлыбек Сырттановтың есімін беру туралы ұсынысты ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберу, 2019-2025 жылдарға арналған энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспарын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас жануарларды аулау және жою қағидаларын, Талғар қаласының шекарасын өзгерту, жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту, жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын, облыс әкімдігі жанындағы тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы ұсыныстар қаралып, оны депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Сессия жұмысын қорытындылаған Серікжан Ісләмұлы ауыл, қала әкімдеріне ауылшаруашылығын дамыту және ауылдық елді мекендерге жастарды тарту мақсатында жастар ресурстық орталықтарына 10 гектарға дейінгі жер телімін бөлу, облыстың барлық аудандары мен қалаларында жастарға қызмет көрсету орталықтарын ашу үшін ғимараттар салу бойынша қажетті алаңдарды бекіту жұмыстарын пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін облыстық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін арттыру, «Жастар жолы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қаржы қарастыру сынды мәселелер облыс әкімінің назарына ұсынылатын болды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

25.04.2026
«Қойтас» эко-саябаққа айналады

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

25.04.2026
Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.