Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«TAZA QAZAQSTAN»: ТОННА-ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

29 шілде 2019
КҮНДЕРЕК
"TAZA QAZAQSTAN": ТОННА-ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орталығында «Birge. Taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Оған аймақтағы мекемелермен бірге «Қазсушар» республикалық кәсіпорны Алматы филиалының ұжымы да белсене атсалысты. Аталған сала мамандары облыс орталығына жақын орналасқан «Алмалы» су қоймасы маңын қалдықтар мен шөп-шаламнан тазартты.

Арнайы сенбілік барысында «Қазсушар» Алматы филиалы директорының орынбасары Саят Құдайберген сөз алып, шараның мақсатын түсіндірді. Ол: «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ауқымды акция өтуде. Оған облыс, аудан, қала әкімдіктері жан-жақты қолдау көрсетуде. Бүгінде Жетісу өңіріндегі «Қазсушар» республикалық кәсіпорны Алматы филиалында 900-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның ішінде, аталмыш сенбілікке 500-ден астам адам қатысуда. Олар Ақсу, Көксу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласы аумағын шөп-шалам мен күл-қоқыстан тазартуға кірісті», – дей келе Талдықорғандағы орталық аппараттан 48 қызметкердің «Алмалы» су қоймасының маңын тазалап жатқанын жеткізді.

Нақты мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда «Қазсушар» Алматы филиалына қарасты 15 су алу гидроторабы және 9 су қоймасы бар. Су жүйелері арқылы 4 мың 423 шақырымды құрайтын алқапқа су жеткізіледі. Негізінде, «Алмалы» су қоймасының іргетасы 1978 жылы қаланған. Жалпы су сыйымдылығы 5,5 млн. текше метр. Қазір онда 3,2 млн. текше метр су бар. Сонымен қатар, аймақта түрлі көкөністер, жемшөп, жүгері егіледі. Маусым кезінде бір миллион текше метр су қолданылса, жалпы қойма ондағы шаруалардың егістіктерін қажетті сумен толық қамтамасыз етіп келеді. Жылдық пайдаланатын судың артуына байланысты болашақта суармалы жер көлемін ұлғайту жоспарда бар.

***

Таңмен көшеге шыққан қапшағайлықтар үй ауласын, қора-қопсылар мен көшедегі арық-атыздарды, суағарларды тазалап, жол бойындағы артық өскен шөптерді шапты.

Ретсіз өскен ағаштарды бұтап, қурағандарын қазып алды. Сондай-ақ, үлкен жолдардың бойы мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты. Ішіп-жеген тамақ қалдықтары, сынған бөтелке, қағаз, темекі тұқылдары жатқан жағажай аймағын да тазалап, ретке келтірді.

Бұған дейін қалада оннан астам сенбілік өткізіліп, тазалық айлығы жүргізілген. Қала және жалпы өңір бойынша барлық мемлекеттік мекемелер, коммуналдық кәсіпорындар, білім беру саласы, кооперативтерді қосқанда 3 мыңнан астам адам атсалысып, 26 техника жұмылдырылды. Көше бойлары, ғимарат аумақтары, қала жағажайлары маңынан 50 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.

***

Тазалық акциясына Сарқан ауданы бойынша 1500-ге жуық адам атсалысты. Сарқан, Басқан өзендерінің айналасын тазалауға  800-ге жуық адам қатысты.

– Сенбілік аясында өзендердің арнасы, туристік маршруттар, далалы аймақ пен табиғи орындар тазаланды, – дейді «Жоңғар Алатауы» МҰТП бас директоры Марат Қабиев. – Біз өз тарапымыздан трактор, қоқыс қаптарын бөлдік. Жалпы Сарқан қаласында, Тополевка, Лепсі ауылдарында игілікті шара көпшіліктің қатысуымен өтті.

Сарқан қаласында Қарақуыс шатқалынан «Жетісугаз» аумағына дейін, су-электр стансысының және бассейннің айналасы, өзен жағалауында орналасқан 3 демалыс орны, жаңа көпірден Молалы көпіріне дейінгі аумақ толығымен күл-қоқыстан тазартылды.

«Қаладағы барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және «Жоңғар Алатауы» ұлттық-табиғи паркінің ұжымы бір адамдай қатысты, – деп қала басшысы Амантай Мұқанұлы атқарылған жұмыстарды әңгімелеп берді. — Бір күнде 12 шақырым өзен жағалауын қоқыстан арылтып, 16 тонна құрылыс қалдықтарын шығардық».

Акция аясында Лепсі, Теректі өзендерінің, Балқаш көлінің жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, 30 шақырым су арнасы жағалауы, 50 шақырым  автомобиль жолдары қуранды шөптерден аршылып, 30 техника жұмылдырылды. Сенбілікте арнайы орындарға аудан бойынша 24 тонна  қоқыс шығарылды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ,

Мақпал МЫСА,

Жомарт ИГІМАН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34
Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Бүгін, 13:00
Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Бүгін, 12:30
Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.