Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

11 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі таңда ауа райының құбылуы, атап айтқанда қар жаууы, боран мен көктайғақ республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы қозғалысты қиындатуы ықтимал, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін ТЖМ қызметкерлері арнайы автокөліктердің техникалық жай-күйін, қажетті құтқару жабдықтары мен тұрақты байланыс құралдарын жан-жақты тексеруден өткізуде. Қысқы маусымға әзірлік барысында жолсыз жерлерде жүретін техникалардың дайындығы ерекше назарға алынған.

Мәселен, жолсыз аумақтарда құтқарушылардың сенімді көмекшілерінің бірі – ТЖД жедел-құтқару жасақтарының жарағында тұрған «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігі. Аталған техниканың басты артықшылығы – жоғары өтімділігі. Төмен қысымды арнайы дөңгелектерінің арқасында көлік қалың қар басқан учаскелерде, ойлы-қырлы жерлерде және қарапайым жеңіл көліктердің жүруі мүлде мүмкін емес қиын жолдарда емін-еркін қозғала алады. Мұндай арнайы техника әсіресе қыс айларында, қатты боран мен қарлы үйінділер салдарынан автожолдардың жекелеген учаскелеріне жету қажет болған кезде аса қажет.

Мамандардың айтуынша, техниканы қысқы маусымға дайындау жұмыстары тек бір реттік тексерумен шектелмейді. Көліктердің жарамдылығы мен кез келген уақытта шақыртуға шығуға әзірлігін қамтамасыз ету құтқару бөлімшелерінің күнделікті атқаратын маңызды жұмысының қатарына кіреді. Арнайы міндеттерді орындап келгеннен кейін автокөліктер толықтай тексеріліп, барлық жабдықтардың жай-күйі қатаң бағаланады. Қажеттілік туындаған жағдайда шұғыл түрде техникалық қызмет көрсету және анықталған кішігірім ақауларды жою жұмыстары жүргізіледі.

Қысқы боран кезінде автожолдарда қауіпті қар үйінділері жиі пайда болады. Осындай сын сәттерде құтқару техникасының сақадай сай тұруы адам өмірін аман алып қалуға тікелей әсер етеді. ТЖМ аумақтық бөлімшелері қолайсыз ауа райынан туындайтын төтенше жағдайларды жою мақсатында барлық күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз етуде.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.