Талдықорған: +33°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СОТ САЛАСЫНЫҢ САЙЫПҚЫРАНЫ

27.07.2019
КҮЛТӨБЕ
СОТ САЛАСЫНЫҢ САЙЫПҚЫРАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сәкенов асқаралы алпысқа толды.  Осыған орай облыстық соттың мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Онда Советхан Сәкеновтің өмір жолын сипаттайтын «Ар мен заң алдында» атты кітаптың тұсауы кесілді. 


Кеш шымылдығы тәжірибелі заңгер, білікті маман Советхан Сәкенұлының ғұмыр өткелінен көрініс беретін бейнебаянмен түрілді. Салтанатты жиынның тізгінін қолға алған облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев домбырамен арнау орындап, сахна төріне мерейтой иесін шақырды. Алғашқы құттықтау сөз арнаған облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадіров ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановтың атынан келген құттықтау хатты оқып, қазақы салтпен шапан жапты. Ал әр жылдары Талдықорған облыстық, Алматы қалалық, Алматы облыстық, ҚР Әскери соттарының  және ҚР Судьялар одағының төрағасы қызметін атқарған Серік Байбатыров:
– Советхан алпысқа жақсы келді. Елдің алдында абыройлы қызмет етіп, әділдіктің ақ туын ұстап келген азаматтың бірі. Сондықтан алпыс жасың құтты болсын! Ары қарай жұмыс жасау үшін Құдай күш-қуат берсін. Қазақстан тарихында тұңғыш өткен 1 576 томдық күрделі «Қорғас ісі» сот процесінің үкімін Советхан шығарды. Сол үшін 9 айдан астам уақыт жұмыс істеді. Істі болғандар республикаға белгілі, лауазымды қызметтегі азаматтар еді.  Ешкімнің  бет-беделіне қарамай өз жұмысына адал бола білді. Еңбек еш кетпейді,  бұлайша принциптілікке барып  қара қылды қақ жару әркімнің қолынан келе бермейді. Сол еңбегі үшін барлықтарыңыздың алдында рахмет айтамын, – деп Советхан Сәкеновпен қызметтес болып, маңызды істерді қарағанын зор мақтанышпен айтты. Одан әрі облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін жүрекжарды ілтипатын білдіре келе тұсауы кесілгелі тұрған кітаптың маңызы мен мазмұнына тоқталды.

– Кітаптың маңызы ерекше. Себебі «Қорғас ісі» бүкіл қазақстандықтардың санасына сіңіп қалған дүние. Сол істі жүргізген Советхан Сәкенов алаштықтардың жүрегіне ұялап қалған, сол істі жүргізу арқылы аңызға айналған судья. Сондай білікті  судьяға мыңдаған оқырманның атынан қошемет білдіріп қояйық. Кітап ерекше жазылған. Кітапты оқып отырғанда, біріншіден, сондай бір шытырман оқиғалы детективті, яғни, Қазақстан деген мемлекеттің денесіне шыққан бітеу жараны көресіз. Соның ішкі болмыс-бітіміне, небір қитұрқылық сәттеріне ден қоясыз. Қызықты  оқылады. Екінші жағынан, бұл бір үлкен көркем роман, тарихи дүние. Советханның дүниеге шыр етіп келген күнінен бастап  өмір жолы жан-жақты баяндалады, – деп кітаптың қазақ қоғамына қаншалықты қажет екенін тілге тиек етіп, сөзін былайша түйіндеді. – Қазақ «Құдай жаққан шырақты шайтан үрлеп өшіре алмайды» дейді. Советханның өмір жолын баяндау арқылы автор өткен ғасырдың сексенінші жылдарында қалыптасқан  қазақ жастарының білім алу, қызметке тұру кезеңдерінің ерекшеліктерін дәл көрсетеді. Дәл осы кезде бізге Советхан сияқты осы саланың шын мәніндегі жұлдыздары, қара нарлары керек. «Көз қысты, бармақ бастыға» жол бермейтін қазақтың қайтпас қайсар азаматтары керек. Ол азаматтар мемлекеттің дамуы үшін, қазақтың ертең қазақ болып қалуы үшін керек.

Советхан Сәкеновтің кін-дік қаны тамған айдынды Алакөл ауданы тұрғындарының сәлемін арқалап келген аудан әкімінің орынбасары Алмас Әбдінов аудан әкімі Әлібек Жақанбаевтың құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың шешімімен Советхан Сәкенұлына «Алакөл ауданының Құрметті азаматы» атағы берілгендігін хабарлап, төсбелгісін тақты. Өз кезегінде Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов та мерейтой иесіне аудан әкімі Есім Базархановтың құттықтауын жеткізіп, «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағымен құттықтады.  

Салтанатты жиын әрмен қарай ҚР Жазушылар одағының мүшесі Қуат Қайранбаевтың Советхан Сәкенов жайлы жазылған «Ар мен заң алдында» кітабының тұсаукесерімен жалғасты. Облыстық «Алатау» газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Досымбет Қалдарбек ыстық ықыластарын білдіріп, жүректен шыққан жылы сөздерін жеткізді. Шара соңында мерейтой иесі, отандық сот жүйесіне елеулі еңбек сіңірген Советхан Сәкенұлы жиналған қауымға алғысын айтып, жүрекжарды лебізін арнады.

– Барлықтарыңызға көп рахмет. Арнайы келген Серік Катенұлына, осы шараны ұйымдастырған Еліс Нұрқасымұлына, Алакөл, Ақсу аудандарының жұртшылығына айтар алғысым шексіз. Кітапты жазған Қуат Қайранбаев мықты журналист, талантты ақын, жазушы. Кітапты 35 томдық айыптау қорытындысы мен 7 томдық үкімнен сығымдап отырып жазды және де соттың, судьяның психологиясын беріп, сот жұмысының ауырлығын, қиыншылығын қаз-қалпында қалың оқырманға ұсынды, – дей келе көпшілікпен естелік суретке түсті.

Мәулен ӘНЕРБАЙ 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026
Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

06.07.2026
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.