Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕКІ ЕЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ДАМИДЫ

26.07.2019
КҮЛТӨБЕ
ЕКІ ЕЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ДАМИДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бастөбе ауылдық округіндегі Бастөбе тауының етегінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық, стратегиялық әріптестіктің орнауының 10 жылдығына орай ауқымды іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Оңтүстік Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су, ҚР Парламенті Мә­жі­лісінің депутаты Роман Ким және басқа да құрметті қонақтар қатысты.


Қасиетті Қаратал жұртшылығы Оңтүстік Корея мемлекетінен келген делегацияның жүзден астам өкілдерін құшақ жая қарсы алып, ұлттық киім киінген әжелеріміз тәттіден шашу шашып, жеті шелпектен дәм татқызды. Кездесу салтанатты түрде ашылып, Қазақстан мен Оңтүсік Корея мемлекетінің Гимні шырқалды. Қонақтар «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, отызыншы жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, қаза тапқан қандастарының рухына тағзым етті. 

Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров шетелден келген қадірлі қонақтар алдында сөз алды. 
– Ежелден-ақ ырыс пен бақ қонған қасиетті Қаратал өңірі жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір сан алуан этностардың құтты қонысына айнала білді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап Ресейдің орталық және шеткері аймақтарынан, Қап тауынан көптеген ұлттар мен ұлыстар қазақ даласына еріксіз көшіріле бастады. Солардың бірі – корей халқы Екінші дүниежүзілік соғыс басталар алдында, яғни 1937 жылы Қиыр Шығыс пен Владивосток өңірінен КСРО басшылығының пәрменімен Қазақстанға көшірілді. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, жаратылысынан жуас, момын, табиғатынан еңбекқор корей ұлты өкілдерін қараталдықтар бауырына басты, қамқор құшағына алды. Қысылса да үйінен орын берді, жарты нан мен жарты құртты бөлісіп жеді. Осылайша, кеңпейілдігі мен дарқандығын танытты, – деді Серікжан Ісләмұлы. 

Ол еңбекқор кәріс халқының Қаратал жерінде қолына күрек пен кетпен алып егіншілікпен айналысқанын баяндады. Соғыс жылдарында ерен еңбегімен көзге түскен «Қиыр Шығыс» колхозының директоры Шин Хен-Мун, күріш өсірушілер Елена Пак, Чан Бен-Ким, Моисей Цой, Филипп Ли, қызылша өсірушілер Ин Цой, Хон Син-Пак, Олег Цой, механизатор Цой Фир-Му, агроном Ким Петр және басқалар Социалистік Еңбек Ері атанғанын атап өтті. Сонымен екі ел арасындағы экономикалық байланыс тұрақты түрде дамып, тауар айналымы арта түскенін айтты. 

Осыдан соң Оңтүстік Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су, Кореяны біріктіру ісі жөніндегі зерттеу орталығының директоры Ра Джон Ок, «Хёндэ» госпиталінің директоры Ким Бу Соп мырзаға облыс әкімі А. Баталовтың Алғыс хаттары табыс етілді. 

Оңтүстік Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су сөз алып «Үштөбеге 1937 жылы 170 мың корей қоныс аударылған. Сол кезден бастап жаңа тарих басталды деп айтуға болады. Корейлер бастапқы кезде, басқа ортаға түскенде бастарынан қиыншылық өткізген болатын, алайда қазақ халқының көмегінің арқасында қазір жақсы өмір сүріп жатыр. Осында ескерткіштің қойылуы Қазақстан мен Корея Республикасының арасындағы қарым-қарынасты гүлдендіруге көмегі тиеді деп сенемін», – деп Серікжан Ісләмұлына облыс басшысына арнаған Алғыс хатын табыстады. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким осы қасиетті жерде бас қосып отырғанына қуанышты екенін айтып, 1937 жылы репрессияға ұшыраған корейлерге пана болған жеркепелердің орны әлі күнге дейін сақталғанын, өздері аштыққа ұшыраған қазақтардың қиын-қыстау заманда жасаған қамқорлығына алғысын білдірді. Тоқсаныншы жылдары Қаратал ауданының әкімі болған кезде қазақ халқына алғыс белгісі ретінде Үштөбе қаласының орталығындағы саябаққа пирамида пішіндес ескерткіш қойғызғанын тілге тиек етті. Жастардың тарихқа құрметпен қарап, әрдайым есте сақтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы байланысты арттырудағы үлесі үшін аудан әкімі Қайрат Бұлдыбаевқа Алғыс хат табыстады. 

 Сөз тізгінін алған Кореяны біріктіру ісі жөніндегі зерттеу орталығының директоры Ра Джон Ок Қазақстан мен Корея Республикасының арасындағы қарым-қатынастың 10 жылдығымен құттықтап, сонау аласапыран заманда Қиыр Шығыстан келген ата-бабаларына көмек көрсеткен қазақтарға ризашылық ретінде корей медицинасы арқылы қарымта көмек жасалып жатқанына тоқталды. «Чосон Ильбо» газетінің редакторы Хонг Джунг Хо мырза Қазақстанға еріксіз жер аударылған корейлердің аянышты тағдырына бей-жай қарай алмағанын айтса, Үштөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберген Ибраимов Қаратал жерінде өзге ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанын баяндады. 

А. ӨМІРБАЕВ
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.