Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫСҚА БАРДЫ

12 шілде 2019
КҮЛТӨБЕ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫСҚА БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Күллі Қазақстан халқының назарын аударып, ел-жұртты алаңдатқан Арыс қаласындағы жарылыстың салдарын жою жұмыстары қарқын алып келеді. Бүгінгі күні шағын қалада шатыры құлап, терезесі қираған үйлер еліміздің барлық тарапынан келген құрылысшылардың көмегімен жөнделіп, жергілікті халықтың алаңдаушылығы азайып отыр. Қаладағы жағдайды өз көздерімен көріп шығуды ойластырған ҚР Үкіметінің Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған жұмысшы тобы мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектің нәтижесімен танысты. Жұмыс тобының қатарында жүрген облыс әкімі Амандық Баталов Алматы облысына бөлінген №15 аумақтық штабта қолға алынған жұмыстың барысын бақылады.

Арыс қаласының «Задарья» шағынауданына жататын аумақтың жұртшылығы штабқа арнайы келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Амандық Баталовқа өздерін толғандырған жайттарды әңгімеледі. Атап айтқанда, Қажымұқан көшесінде тұратын Гүлбағиза Сұлтанова жарылыс орын алған күні кішкентай баласын көлік қағып кеткенін, соған орай Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бақылауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы аурухананың жансақтау бөліміне алынып, емдеу шараларын алып жатқанына ризашылығын білдірді. Осыған орай кейуананың жағдайын біліп, қажетті көмекті алуы үшін арнайы мамандар жіберетінін жеткізген қос облыстың әкімі №15 аумақтағы жұмыстың жеделдеуіне жауапты мамандардан есеп алды. Бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовқа нақты тапсырмалар берген Амандық Ғаббасұлы құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысатын мердігер компаниялардың басшыларына жөндеу қарқынын арттыруды тапсырды.

Атап айтқанда, Алматы облысына берілген №15 участокте 854 тұрғын үй зардап шеккен. Қазір арнайы мамандардан құралған комиссия үйлерді тексеріп, қажетті құжаттарын қабылдап алуда. Егер баспана жарылыстан зардап шегіп, үй иесіне айтарлықтай шығын келтірсе, мемлекеттен қажетті құрылыс материалы бөлініп, шатыры мен терезесі қалпына келтіріледі. Яғни, шын мәнінде  зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына бюджет қаржысын тиімді игеруге мүмкіндік беретін арнайы лицензиялары бар жергілікті мердігер ұйымдар қатыстырылады. Бүгінгі күні тексеруден өткен 760 тұрғын үйдің ішінде бір үй ғана толығымен қалпына келтіруді қажет етеді. Осындай мәліметтермен таныстырған облыс әкімі Амандық Баталов:

– Бүгінгі күні қалпына келтіру жұмыстары 159 үйге жүргізілуде. Онда да үйлердің ішкі және сыртқы сылағы қайта сыланып, шатыры, терезесі мен есігі жөнделуде, – деп атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесін айтып өтті. – Алдын ала жүргізілген есеп бойынша №15 участоктағы қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 2 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалады. Оның тең жартысы облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған жартысын Үкіметтің қорынан бөлуге өтініш беріліп отыр. Дәл қазір облыстық бюджеттен 251 миллион теңге бөлініп отыр, облыстық мәслихаттың кезекті отырысында бюджет қаржысын бөлу мәселесі қаралады. Сондықтан да, құрметті мердігер ұйымдардың жетекшілері, қажетті қаржы мерзімінде жеткізіледі. Сіздерге жүктелер міндет – межеленген мерзімде тұрғындарды үйлеріне кіргізу. Әйтпесе, шатыры жоқ үйлеріне алаңдаған жұртшылық «Жаңбыр жауса қайтеміз?» деген уайымға ұрынуда.

№15 штабта тұрғындарды қабылдап, түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр.

Мәди Алжанбай

Суретті түсірген Руслан Қадіров

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.