Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЙҚЫН МАҚСАТ

7 шілде 2019
КҮЛТӨБЕ
АЙҚЫН МАҚСАТ
WhatsAppTelegramFacebook

«Халық пен халықты, ел мен елдi теңестiретін – бiлiм», – деп айтқан М. Әуезовтің сөзi адамзат тiршiлiгiнiң негiзгi тұғырнамасы тәріздес. Тәуелсiздiк туын алғаннан берi бiлiм жүйесiне енгiзiлiп отырған түрлi реформалар бiздiң болашағымыздың жарқын бейнесi iспеттес. Өйткенi мемлекеттің қарқынды дамуы бiлiмдi, бiлiктi азаматтарға байланысты.


Бүгiнгi жастар – ертеңгi мемлекеттi дамытушы бiлiмдi, бiлiктi маман, ел тағдырын шешушi азамат. Елiмiздегi бiлiм беру үдерiсiне енген жаңартылған бiлiм беру бағдарламасы – заман сұранысына сай болашақ ұрпақтың талабын қанағаттандыратын жаңа жүйе. Жаңартылған бiлiм беру бағдарламасының негiзгi мақсаты – бiлiм мазмұнын жаңартуымен қатар критериалды бағалау жүйесiн енгiзе отырып, оқытудың әдiс-тәсiлдерi мен әртүрлi құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн арттыруды талап ету. Ал ең негізгі міндет-мақсаты білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осыған бағытталған.

Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пән бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде. Біз де жас ұрпақты болашақта бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу мақсатында Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша Жамбыл, Іле, Қаратал аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері курстан өтудеміз. Тренеріміз Мұхамеджанова Салтанат Шаяхметқызының бағыттауымен жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен танысудамыз.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру кур-сынан алған әсеріміз көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер – педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларды тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесуге  бағытталған. Жалпы алғанда жаңартылған білім беру бағдарламасы  озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейтінін түсіндік. Білім берудегі жаңартылған бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

Қорыта келе айтарымыз, ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін әрбір ұстаз тынымсыз еңбектенуі тиіс. Міндет ауыр, мақсат айқын. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз анық.

Педагогикалық шеберлік орталығының
12-БЖ-74-19 топ тыңдаушыларының жас мамандары

Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03
Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54
Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58
ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.