«Халық пен халықты, ел мен елдi теңестiретін – бiлiм», – деп айтқан М. Әуезовтің сөзi адамзат тiршiлiгiнiң негiзгi тұғырнамасы тәріздес. Тәуелсiздiк туын алғаннан берi бiлiм жүйесiне енгiзiлiп отырған түрлi реформалар бiздiң болашағымыздың жарқын бейнесi iспеттес. Өйткенi мемлекеттің қарқынды дамуы бiлiмдi, бiлiктi азаматтарға байланысты.
Бүгiнгi жастар – ертеңгi мемлекеттi дамытушы бiлiмдi, бiлiктi маман, ел тағдырын шешушi азамат. Елiмiздегi бiлiм беру үдерiсiне енген жаңартылған бiлiм беру бағдарламасы – заман сұранысына сай болашақ ұрпақтың талабын қанағаттандыратын жаңа жүйе. Жаңартылған бiлiм беру бағдарламасының негiзгi мақсаты – бiлiм мазмұнын жаңартуымен қатар критериалды бағалау жүйесiн енгiзе отырып, оқытудың әдiс-тәсiлдерi мен әртүрлi құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн арттыруды талап ету. Ал ең негізгі міндет-мақсаты білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осыған бағытталған.
Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пән бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде. Біз де жас ұрпақты болашақта бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу мақсатында Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша Жамбыл, Іле, Қаратал аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері курстан өтудеміз. Тренеріміз Мұхамеджанова Салтанат Шаяхметқызының бағыттауымен жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен танысудамыз.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру кур-сынан алған әсеріміз көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер – педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларды тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесуге бағытталған. Жалпы алғанда жаңартылған білім беру бағдарламасы озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейтінін түсіндік. Білім берудегі жаңартылған бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Қорыта келе айтарымыз, ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін әрбір ұстаз тынымсыз еңбектенуі тиіс. Міндет ауыр, мақсат айқын. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз анық.
Педагогикалық шеберлік орталығының
12-БЖ-74-19 топ тыңдаушыларының жас мамандары
Талдықорған қаласы





