Талдықорған: +19°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАСТЫ НАЗАРДА — ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ

06.07.2019
КҮЛТӨБЕ
БАСТЫ НАЗАРДА - ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік жағдайды шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау, мектеп оқушыларын оқу әдебиеттерімен қамту, «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Бұл туралы кезекті өткен Үкімет отырысында жан-жақты айтылды.


Алдымен 2019 жылға ар­налған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі заң жобасы таныстырылды. Онда белгілі болғанындай, биылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері өзгермеген. Президент тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету тікелей инвестициялар қорын құруға көзделген қаражаттың бір бөлі­гін қайта бөлу есебінен іске аспақ. 

Бюджеттің шығыс бөлі­гін нақтылау үш бағыт бойынша жүзеге асырылған.  Бұдан өзге, 35,9 млрд. теңге көлеміндегі қаражатты қайта бөлу есебінен кейінге қалдыруға болмайтын шешімдерді талап ететін бірқатар міндеттеме қаржыландырылады. Ендігі кезекте әзірленген заң жобасы Парламент қарауына ұсынылмақ. 

Келесі кезекте халықтың аз қамтылған тобын, соны­мен қатар, жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамту шаралары баяндалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп- балалы отбасылар үшін тұрғын үй сатып алуға және салуға қаржы қарастырылған. Осы ретте республикалық бюджеттен жылына 2 млрд. теңге бөлу жоспарла­нып отыр. Жыл сайын 6 мың көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. Осы жылдың мамыр айынан бастап мыңнан аса көпбалалы отбасы баспаналы болған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмыс істейтін жастардың еңбек мобильділігін қамтамасыз ету үшін 2019–2021 жылдары жылына 1 мың жалдамалы пәтердің құрылысы жоспарланыпты. 

ҚР Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларына тұрғын үй алуға жылдық 2 пайызбен, 10 пайыз алғашқы жарнамен жеңілдетілген несие беруді бастады. Бұл мақсаттарға үш жыл ішінде 150 млрд. теңге бөлу көзделуде. Жыл сайын әлеуметтік көмекпен 6 мың отбасы қамтылатын болады. ҚР Ұлттық банкпен бірге жалдамалы тұрғын үйді дамытуға жеке инвесторлар тарту тетігі әзірленуде. Осының есебінен қосымша 10 мың жалдамалы пәтер салуға мүмкіндік береді және жылына 20 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мақұлданған. Мақсат – шағын несие мен гранттар беру, қысқамерзімді оқыту және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту құралдарын кеңейту. 

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шаралары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске аспақ. Жоғары оқу орындарында оқу үшін көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар үшін қосымша 5 мың мақсатты грант бөлінетін болады. Гранттар трансферттермен жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Республикалық маңызы бар облыс, қала және Елорда әкімдері конкурстық комиссия құрады. Оған қатысудың міндетті шарты – ҰБТ-ның шекті баллын жинау. 

Қосымша гранттар бо­йын­ша конкурсқа өтініштер қабылдау 5 және 10 тамыз аралығында жүргізіледі. Гранттар 25 тамызға дейін тағайындалатын болады. Грант иегерлерінің тізімі жергілікті БАҚ арқылы жарияланбақ. Барлық грант иегерлеріне 20 949 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады. Ал «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 шілдеден басталды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.