Талдықорған: +19°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әміре ӘРІН: «ТАЗА ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ТІНІ»

28.06.2019
КҮНДЕРЕК
Әміре ӘРІН: "ТАЗА ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ТІНІ"
WhatsAppTelegramFacebook

Былтыр газетіміз ұлттық «Үркер» сыйлығын алу құрметіне бөленгенде қазақ журналистикасы ілімінің талғарына дара көтерілген Намазәлі Омашевтың: «Аймақтық дегеніміз болмаса, «Жетісу» газеті республикалық басылымдармен иықтас, ауқымды да айтулы басылым», – деп ағынан жарылғаны бар. Бұдан асқан баға жоқ! Және осы деңгейге үнемі дәрежелес жүруден артық жауапкершілік те жоқ! Жыл он екі ай шығармашылықтың шымына бата, бір шырайлы мақала жолында қаншама  тәулік мазасыз күй кешер журналистеріміздің темірқазық асыл мұраты да осы өрісте! Жалпы таза журналистиканың өндірлі тінін бұдан бөгде кейіпте көз алдымызға елестете де алмасақ керек.

Қазіргі қоғам сөзшеңдерге мүдуар емес, керісінше, сол киелі сөз қасиетін ұға алатындарға ынтық. Сөзстанның бөгенайын бағдарлай отыра қоғамның жай-күйіне тізгін ұшынан пәрменді пікір қосақтап жататынымыз да сол себепті. Замана тайқазанында ел-жұртпен жіліктесе қайнай жүріп есжияр мектептен өтіп жүргендігімізді де жасыра алмаймыз. Жалпы тілшілік табиғаты үйретуден гөрі жадыға тоқып, жалпыға жеткізуге мүдделі де құштар кәсіп екендігін естен шығармағанымыз жөн-ау!

Аймақ қандай болса, мұндағы бұқаралық ақпарат та сондай. Ғасыр-ғұмыры ғибратқа толы облыстық қос басылым, тұмарлы теларна, аудан-қалалық буындар арасында, әсіресе, орталықтағы Данияр Сейсенбаев басшылығындағы қалалық газет дариядан маржан сүзгендей өрнекті де көрнекті шаруа тындырып отыр. Жақсылықты бұқтырсаң, жанынан жамандық қаулап шыға келерін, ақиқаттың жолы әлмисақтан ауыр, өтірік-өсектің жолы жеңіл, тіпті, желдей есерін барынша ұғатын бұлар аймақтың шын мәніндегі ажарына айналған.

Мұхаммед пайғамбарымызға дүниеден өтер шақта сахабалар: «Сізден кейін пайғамбар бола ма? Енді бізді адамгершілікке кім тәрбиелейді?» — деп сұрақ қойғанда: «Жоқ, мен соңғы пайғамбармын. Бірақ менен кейін шайырлар келеді», — деп түйіндеп берген екен. Демек, Алла құдіретімен бойына бөлекше қабілет егілген ақындар пайғамбарлар соқпағымен сөз саптап, елдік әңгіменің алтын көмбесіне айнала алса керек. Аймақтың бас басылымындағы қазіргі қызметкерлердің сексен пайызы журналистика айдынында жете қанаттанған кілең «сен тұра тұр, мен атайын» әлпетіндегі ақын-жазушылар. Біздің арғы да бергі жеміс-жетістіктеріміздің түп-төркінін де осы кеңістіктен бағдарлап, байыптау абзал.

Жалпыадамзаттық қағидаттардың қадіріне жету арқылы таза ұлттық кескін-келбетіміздің ұлықтығын бойлата паш ету, санаға сәуле жүгірте руханият әлемінің шырақшысына айналу жолында жас берендеріміз де, еңселі ақберендеріміз де барын салуда. Кәрі тарихтың жоғын түгелдеуден жалықпайтын қауырсын қаламымыз бүгінгінің бүге-шігесіне дейін жария жайып салудан да қалыс қалған емес. Қазіргі таңда еліміздің ерен өзгерістер мен ілгерілеу жолына түскені, басшылыққа мейлінше тәуекелшіл тұлға келіп, бардың бар, жоқтың жоқ екендігі айпара айшықталып жатуынан туындар мән-маңызды міндеттер жүгінде терең түйсініп отырған қағылез қалпымызды көзі қарақты оқырман жазбаларымыздан анық аңғара алады.

Азаматты ақ найзасынан, елді Елтаңбасынан танитын, ақ әлемге күндей нұрлы  өркениет таратқан  ежелгі жұрт емеспіз бе?! Кез келген мақала өн бойынан мысқалдай болса да ұлттық құндылықтарымыздың өшпес белгісіндей бәденді ою-өрнек пен қазақы мақам астарласқан ұстынды дүниелермен жиі ұшырасуларыңыздың басты сыры да осында! Ал мұның бәріне тура бидей турап түсер қалыпты қасиетпен қатар тың тәсіл, тиімді сүрлеу, суреткерлік бет-бедердің алдымен қажет екендігі бесенеден белгілі. Шығармашылықтың толғақты күйі бел алып, санаңның шартарапқа шарқ ұра тылсымды шаққа толайым ұласар мезгілі де осы. Мұны әдетте ізденіс дейді. Бұл енді бояуы басым басқа әңгіме!

Төл мереке баршамыздың мерейімізді өсіргей!

Р.S. Кәсіби күніміз есік қақпай жатып-ақ, газетіміздің ұжымын, жекелеген қарымды қызметкерлерімізді сөз қадірін өз қадірім деп ұғынар облыс, аудан, қалалардың, сондай-ақ, басқармалар мен ұйымдардың басшылары, Нұр-Сұлтан, Алматыдағы әріптестеріміз бен бір қауым оқырмандар құттықтап, үлкен қошемет білдірді. Ағытылған ақ ниеттеріңізге мың қайтара алғыс айтамыз! Сый-сыяпаттарыңызға да риза-хош пейілдеміз!

Әміре ӘРІН,

«Жетісу» газетінің бас редакторы,

Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

01.04.2026
Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

01.04.2026
1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

01.04.2026
Елімізде 8 жаңа электр станциясы салынады

Елімізде 8 жаңа электр станциясы салынады

01.04.2026
Мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшеді

Мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшеді

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.