Талдықорған: +30°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БАҒБАНЫ

23.06.2019
КҮЛТӨБЕ
БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БАҒБАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Оныншы сыныпта жаңа мектепке ауыстым. Жасөспірім шақта бейтаныс орта,  бөтен сынып, басқа мұғалімге бірден бой үйрету оңай емес қой, мен де іштей қатты қобалжыдым. Алғашқы қоңыраудан кейін сыныпқа кірдік. Сынып жетекшіміз әдеміше келген, жарасымды киінген, қатал екені түрінен көрініп тұратын кісі екен. Кабинетке кіріп келгенде балалар орнынан дүрке көтерілді. Мен де атып тұрдым. Апай сөйлеп жатқанда сыныпта шыбынның ызыңы естілмейді екен. Тура Майқанова апай сияқты…

 


Арада тұп-тура жиырма бес жыл өтті. Компьютерден көз алмай әлдене оқып отыр едім, кабинеттің есігі тықылдады. «Кіріңіз!» дедім де, әрі қарай компьютеріме тесіліп отыра бердім. Есік ашылғанда көзімнің қиығымен қарадым да, орнымнан ұшып түрегелдім. Тура жаңа мектепке жаңадан ауысып келген кездегідей. Өйткені, есіктен еніп келе жатқан адам менің сынып жетекшім Ғалия Әкімғожаева апай еді.  Әлдеқашан зейнет демалысына шықса да, киген киімі, сөйлеген сөзі, өзін-өзі ұстауы бір өзгермеген. Тек бұрын оқушылары мен ұл-қыздарының оқуы мен тәрбиесіне ғана алаңдайтын болса, енді бұл қатарға немерелер қосылған. Немерелерін мектепке апарып-әкелу, оларды қосымшаларға тасу, үйде сабағымен айналысу да апайдың мойнында екен. Биыл жетпіс жасқа толған апайымыздың өткен өмірін тыңдап отырмын. Ғалия апай мектепте оқып жүргенінде-ақ белсенді болыпты. Көпбалалы отбасының тұңғышы. Мектепте оқу озаты болыпты. Шалғайдағы Шырғанақ мектебінде оқып жүрсе де, аудан орталығы Кегенде өтетін пән олимпиадалары мен спорт жарыстарынан қалмайды екен. Өмірлік жары Оразалы ағамызды да ең алғаш сондай білім сайыстары мен спорт жарыстарында кездестіріпті. 

Ғалия апай кезінде атағы дүрілдеп тұрған әйгілі ҚазПИ-дің түлегі. Қазіргі Ұлттық педагогика университетінің филология факультетін бітірген. Дипломын ала салысымен туған ауылына мұғалім болып барған. «Алғашқы ұстаздық еңбегім ерекше есте қалды. Себебі, өзіңе білім берген мұғалімдердің ортасында қызмет ету үлкен мәртебе еді», – деп еске алады бүгінде. 1976 жылы апай Кеген қазақ орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасады. Содан бастап тұп-тура жиырма жыл табан аудармай осы мектепте қызмет етті. 1996 жылы ұшырған ең соңғы түлегі біз болдық. Апайымыздың Құдай қосқан қосағы Оразалы Әкеғожаев көп жыл Кеген ауданында қаржы бөлімін басқарған. Кейіннен Талғар ауданының салық комитетінде қызмет еткен. Өмірден ерте кеткен Оразалы ағамыз өзі есеп-қисаптың маманы болса да, өнер-білімге жақын, әдебиет пен мәдениеттен хабардар, бала тәрбиесіне бейжай қарамайтын адам болыпты. Ғалия апайдың әңгімесінен соны ұқтық:
– Біз бір-бірімізді түсінетін, қолдайтын, бір-бірімізге сүйіспеншілігі зор жарасымды жұп болдық. 1976 жылы қыркүйекте дүниеге келген тұңғышымыз Ләззат бұл жарасымды одан әрі нығайта түсті. Ораз балаға есім бергенде мағыналы, сол баланың бойына жақсы қасиет даритындай ойланып қою керек деген қағиданы ұстанып, сол кездегі танымал әнші Ләззат Сүйіндікова сияқты еліне танымал сүйікті қыз болсын деп ырымдап, Ләззат қойды. Алла қабыл етіп, Ләззатымыз өсіп, Кеген орыс орта мектебін үздік аттестатпен бітіріп шықты. Әкесі Ләззаттың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Тіпті, мектеп бітіру кешінен кейін қолынан жетектеп алып кеткен еді. Мамандық таңдауына да бағыт-бағдар берді.

1978 жылы наурыз айында дүниеге екінші перзентіміз Ләйлә келді. Ләйләның да есімін папасы өзі таңдады. «Ләйла Базанова сияқты ғалым болсын» деген ниетпен қойды. Ләйләмыз Кеген орыс орта мектебінде 9-сыныпты бітірген соң 10-11, сыныпты Алматы қаласындағы алғаш ашылған қазақ-түрік лицейінде оқыды. Аудан орталығына емтихан негізінде оқушылар қабылдауға лицейден және медицина институтынан мұғалімдер келіпті. Орекең соған Ләйләның құжаттарын тапсыртты. Әкесінің көрегендігі сол, қызының заман талабына сай өз бе­тінше із­деніп, жан-жақты білім алуына жол сілтеді және қазақ-түрік лицейінде жасөспірімдерге, қыз балаларға имандылық бағытында тәрбие беретініне мән берді. Сөйтіп Ләйлә лицейдің медицина мамандығына бейімдеп, сол саладағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныбына қабылданды. Кейін С. Асфендияров атындағы медицина университетін бітірді. Бүгінде мамандығы бойынша қызмет етеді.  

1979 жылы шілде айында көптен күткен ұлымыз Дидар дүниеге келді. Орекең ұлымыздың да атын өзі қойды. Ораздың тағы бір қасиеті уақытты өте ұтымды пайдаланатын. Жұмысқа да, газет-журнал оқуға да, спортпен шұғылдануға да, туған-туыстармен қарым-қатынас жасауға да бәріне уақыт табатын. Дидарымыз өмірге келерде Мағзом Сүндетовтің «Күтем сені, Дидар» деген шығармасын оқып жүрген. Сондағы басты кейіпкердің атын ұлына берді. 

Әкесі Дидардың әр қылығына, әр қимылына ерекше мән беріп отырды. Дидар да Кеген орыс орта мектебіне оқуға барды. 1-сыныптан оқу озаты болды. Өзінің алғырлығын, талапты екенін, парасаттылығын кішкентай кезінен-ақ көрсете білді. Мектепте түрлі үйірмеге қатысып, қоғамдық жұмыстарға араласты. Ораз сияқты спорттың әр түрінен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 8-сыныптан бастап Кеген қазақ орта мектебінде оқып, осы мектепті бітірді. Ораз Дидардың сабақ үлгерімін де үнемі қадағалап отыратын, күнделігін тексеретін. Өзімен бірге спорт алаңына ертіп барып, жаттығуларға қатыстырып, шынығып өсуіне мән берді. Кішкентай кезінен еңбекке баулыды. Үйде сиыр ұстадық, қорамызда қойымыз бар, тауық та бақтық. Осылардың күнделікті жемшөбін беріп, суарып, астын тазалау, төлдегенде қарау Дидардың мойнында болды. 

Ғалия апайдың әңгімесін тыңдап отырып, отбасындағы бала ғана емес, жалпы ұрпақ тәрбиесі туралы сұрақтарыма жауап тапқандай болдым. Баланы психологтың кеңесімен, кітапта жазылған ақылмен емес, өз үлгіңмен тәрбиелеу керектігін түсіндім. Мұғалімнің мәртебесі ешқандай бағдарламамен, ақшаның күшімен көтерілмейді. Мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін мұғалімнің өзін тәрбиелеу керек. Мұғалім білімімен ғана емес, жүріс-тұрысымен де, болмыс-бітімімен де үлгі болуы керек. Жетістікке жеткен адамның ақылын тыңдау үшін ақша төлейтін заманда тек табысқа кенелгендерді емес, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеген осындай жандарды да ұлықтасақ, ұтылмас едік. 

Жұлдыз Әбділда, 
журналист 

Қатысты жаңалықтар

Дала қыраны қалықтайды

Дала қыраны қалықтайды

04.07.2026
Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

04.07.2026
Бюджетке өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

04.07.2026
«Тіршілік көзін» тұтынған

«Тіршілік көзін» тұтынған

04.07.2026
Рухани құндылық дәріптелді

Рухани құндылық дәріптелді

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.