Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

ОҚЫҢЫЗ: САЛАФИЗМДІ ҚАЛАЙ ТОҚТАТАМЫЗ?

08.06.2019
ДІН МЕН ДӘСТҮР
ОҚЫҢЫЗ: САЛАФИЗМДІ ҚАЛАЙ ТОҚТАТАМЫЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір әлемде діни-саяси ахуал тұрақты емес екені, оған түрлі саяси-экономикалық астыртын күштердің жағымсыз әсер етіп отырғаны жалпы халыққа белгілі. Таяу Шығыс елдерінде орын алған діни экстремистік топтардың елдер ішінде лаң салып, бүлік шығарғаны, одан қаншама жазықсыз азаматтардың жапа шеккенін білеміз. Өкініштісі, кейбір теріс идеялардың жастар санасына сынамалап еніп отырғаны жағдайды ушықтырмаса, жақсартпайтыны анық. Елімізде жүздеген, мыңдаған азаматтарымыздың теріс ағымдардың жетегінде жүргені белгілі жағдай.

Бүгінгі ел арасында радикалды іс-әрекеттерге итермелеп отырған псевдосалафилердің (уахабилердің), теолог мамандардың пікірінше, «идеялық тартымдылығы» тоқтар емес. Бұл діни дүрдараздықтың тоқтамайтындығын білдіреді. Дегенмен, діни экстремизмге қарсы күрес мекемелері жыл сайын күрес тәсілдерін жақсартып, оны заман ағымына орай өзгерткенімен, теріс идеядағы азаматтардың санасына интернет құралдарының ықпалы азаймай отыр.

Елдегі діни экстремизммен күресте шетелдік теріс ағым жолындағы ұстаздың діни түсінігіне, өзге шетелдегі басқа бір ұстаздың түсінігімен жауап беру орын алған. Бұл, түптеп келгенде, ұлттық мүддені түгендемейді. Бұл радикалды ағымдармен күрестегі мамандардың да рухани жаңғыруы қажеттігін туындатады. Ол үшін өзіміздің төл ұлттық жобамыз тарихи санамен ғана қарсы тұрып, жоғымызды түгендей алмақпыз. Псевдосалафизмге қарсы «идеялық тартымдылықтың» орнын тарихи сана ғана алмастыра алатынына сенімім мол. Өйткені генеологиялық жады ұрпақтың санасында болады және әрқашан жаңғыруды күтіп, бұғып жатады.

Халықтың ұлттық болмысы мен ғылымға деген махаббатын, азаматтарымыздың рухын Ислам діні арқылы да тәрбиелеуге болады. Сонда оның ұлттық ойлауы имани деңгейге, ал ғылымға құштарлығы екідүниелік ойлау болмысына  айналады. Алайда мұның бәрі дінді дұрыс тәпсірлеуге байланысты деп ұғамын. Сондықтан мәселе Ислам дінінде емес, оны халыққа дұрыс түсіндіруде болып тұр. Шын мәнінде дінімізде ұлттық рухты имани деңгейге көтеретін де, адамның рухын ғылымға баулып, итермелейтін де орасан күш бар. Тәпсіршінің өзінің санасы төмен, білімі таяз, көкірек көзі ашылмаған болса, онда оның ойынан діни араздықты қоздыратын, радикалды, санасыз мағыналар  шығады.

Біз әлі де Исламның сыртқы қалыптан гөрі ішкі мәнге түскенін түсінбей келеміз. Шәкәрімше айтқанда, «сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді». Қазақтың жаңғыруының түп негізінің бірі осында жатыр. Яғни, ішкі рухани күш пен ішкі мән. Исламды түсіндіргенде ішкі қалыпқа (ішкі жан дүниеге) басымдық беру керек. Қазіргі жағдайда сыртқы қалыпты көбірек насихаттау діндар азаматтардың сырт көз үшін ғана діннің қағидаларын ұстап, ішкі тазалыққа мән бермеуіне алып келуде.

Құранда «мен құдіретімді адамдар арқылы көрсетемін» деген аят бар. Мұның мәні рухты таза ұстап, ғылым арқылы құдайдың құдіретінің көрінісіне куә бола аласың деген мағына. Тарихта Ислам әлемі неге ғылымның биік шыңына шығып (сол кездің дәуірінде), классикалық Ислам деген атпен танылды? «Құдай жоқтан бар жасаса, біз бардан бар жасауымыз керек» деген қазақтың аталы сөзі неге қазір басты мағына бола алмайды? Өкініштісі, қазіргі айтыс-тартыспен псевдосалафизмді түбегейлі жеңеміз деу бекершілік екенін жағдай ұқтырды. Кез келген қауіпті идеологияға қарсы өзіміздің қуатты идеологиямызды қарсы қойғанда ғана олқылықтың орнын толтыра аламыз.

Ол идеологияның аты жоғарыда сипаттағанымыздай – тарихи сана. Айтып өткеніміздей, жас ұрпақтың санасында ата-бабаларынан сіңген ұлттық жады бар. Біз соны қозғай білуіміз қажет. Бүгінгі ел арасын бүлдірген жат идеологиялардың негізі сырттан таңылғандықтан, оған қарсы күш ұлттық болмыс екенін ұғамыз. Мәуләнә Румидің: «Сыртыңа қарағанда ішіңді тазарт. Сыртың – халықтың, ал ішің – Хақтың назарында тұр» деген сөзін діндарлар мен діншілдерге түсіндіруді жұмысымызда ту етіп алуымыз қажет деп санаймын.

Теріс ағым жолындағы азаматтарға тарихи сананы алға тарта отырып, данышпан Абай айтқан «жүрек ілімін» дұрыс қолдана білуіміз қажет. Батыс философтарының айтуы бойынша батыс пен шығыс өркениеттер қақтығысын жүрек ілімі (бір құдіреттің бар екеніне бас ұра отырып, адам баласын сүюге бағытталған ұстаным) ғана жұмсарта алады екен.

Адасудың негізі танымның дұрыс болмағанынан туындамақ. Ислам философы имам Ғазали былай дейді: «Пенде нені таныса, соны сүйеді. Нені сүйсе, соның соңында болады». Бұл адам неге сенсе, сол оның әлемі болады дегенді ұқтырады. Тарихи сананың маңыздылығы да осында.

Исламда ұлтжандылықтың жағымсыз дүние емес екенін, керісінше, адам исламды таныған сайын ұлтын сүйе бастайтыны анық. Ислам діні алдымен өз ұлтыңды құрметтеп сүю арқылы өзге ұлттарды құрметтеуге жол ашады. Біз осыны дұрыс түсіндіріп, дұрыс мағынада көрсете білсек, псевдосалафилік түсініктегі азаматтардың идеялық тартымдылық кеңістігін алмастыра алар едік.

Радикалдармен күресте Қазақ елінің Еуразия кеңістігіндегі алып империяның мұрагері екенін санаға сіңіріп отыру маңызды. Осының арқасында ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімі артып, басқа жұртқа еліктемейтін болады. Псевдосалафилердің санасында Ислам діні мен ұлттық бастаулар арасында идеялық қақтығыс көп. Ақпараттық саламызда антиэкстремистік идеологияның тек діни процесс пен құрылымдар арасында қалып қоймағаны абзал деп санаймын.

Кейбір мұсылман елдерінде (Малайзия, Түркия) Ислам мен ұлттық патриотизм сезімін ұштастыра біледі. Ал бізде керісінше Ислам діні мен ұлттық бастауларымыздың арасында қақтығыс жиі туындап отырады. Жоғарыда сипаттағанымыздай, адамның санасында тарихи жадыны, сананы қайтадан жаңғырту маңызды. Бұл – жады атадан балаға беріліп, адам санасында сақталып тұрады. Псевдосалафизм мен дәстүрлі діннің тарихы тым тереңде, оларды ұстанған адамның бір пікірге келуі неғайбіл деген қоғамда түсініктер берік орын алған.

Бұл – қате пікір. Мысалы, бүгінгі салафит ата-бабасынан бері салафит емес екені түсінікті. Демек, саналық жадында теріс түсінік берік орнамаған, ол уақытша ғана ақпарат. Сондықтан, теріс ағымдағылардың арғы жағындағы генеологиялық жадын жаңғыртсақ қана, бергі жағындағы теріс ақпарат жуылып-шайылып кетпек.

Жарас АХАН,

дінтанушы

Фото ғаламтордан алынды

«Egemen Qazaqstan» газеті

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.