Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ілияс ЖАНСҮГІРОВ ТУҒАН АУЫЛДА ҚАУІПТІ НЫСАН БАР

2 маусым 2019
РУХАНИЯТ
Ілияс ЖАНСҮГІРОВ ТУҒАН АУЫЛДА ҚАУІПТІ НЫСАН БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Берекесі мен бірлігі жарасып, айрандай ұйып отырған ауылымыздың аты — Ойтоған. Бұл — жыр Құлагері, қазақтың біртуар перзентінің бірі, дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің туған топырағы. Ойтоған Ілияс бабамыздың кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен қасиетті мекен. Биыл — жыр Құлагерінің туғанына 125 жыл. Мерейтой ақынның туған жерінен бастау алары сөзсіз. Тойда ән айтылып, би биленеді. Жиынның соңында тойдан бір із, сауапты іс қалса. Халық игілігіне пайдаланылатын нысан тұрғызылса.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық сананы жаңартып, рухани жандануға баса көңіл бөлу керектігі айтылған.  Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы туралы Елбасы өзінің мақаласында қалталы азаматтар туған жеріне көмек көрсетулері керектігі жайлы айтып өткен. Бағдарлама халқымызға рух, серпін беріп, тарихымызды зерттеуге жол ашты. «Руханият» деген сөздің көтерер салмағы  мен нарқы ауыр.

Ауыл руханиятының бастауы – ауылдық Мәдениет үйі. Осы орайда аты Алашқа мәшһүр, жыр Құлагерінің туған ауылында жарқыраған бір мәдениет ошағының болмауы көңілге кірбің ұялатады. Мұндағы Мәдениет үйі 1967 жылы бой көтерген. Өзіміз кезінде саман кірпіштен тұрғызғанбыз. Бүгінде төбесінен су сорғалап тұр. Жарты ғасырдан астам уақыт ауыл халқының рухани ошағы болып келген Мәдениет үйінің бүгінгі жайы сын көтермейді. Тозығы жетіп, құлау алдында тұрған клубта 10 үйірме жұмыс істейді. Үйірмеде жүрген жастар мен қазыналы қарттар аудан, облыс көлеміндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып отырады.

Күллі қазақ елі тойлағалы отырған мерейтойда ақынның туған ауылына 100-120 орынды Мәдениет үйі салынса елді мекен тұрғындары қуанышқа кенелер еді. Ширек ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған Мәдениет үйінің бір күні құлап қалмасына кім кепіл? Қираудың аз алдында тұрған осы мәдени ошақта адамды өкінішке қалдырар жайттар орын алса, оған кім жауап береді? Мәдениет үйінің төбесінен су сорғалап тұрғаны жайлы айтып, дабыл қаққанымызға біраз уақыт болды. Бірақ тыңдар құлақ жоқ.

Ауылымыздағы мәдениет ошағының құлағалы тұрғанын атқамінерлер мен қалталы азаматтарға тағы бір мәрте құлаққағыс етпекпіз. Ақын туған топыраққа мерейтойдан  бір шапағат тисе дейміз.

Жұмабике ҚАСЫМЖАНОВА,

Ақсу ауданының Құрметті азаматы

Фотосурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.