Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚОҚЫС ТӨГУШІЛЕРДІ КОМПЬЮТЕРМЕН БАҚЫЛАЙДЫ

21 мамыр 2019
КҮНДЕРЕК
ҚОҚЫС ТӨГУШІЛЕРДІ КОМПЬЮТЕРМЕН БАҚЫЛАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжановтың төрағалығымен селекторлық кеңес өтті. Жиында әр аудандағы санитарлық  тазарту, абаттандыру, көгалдандыру, рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқыс орындарын жою және Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Шарада алғашқы сөзді алған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев:

– Облыстағы елді мекендерде санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыруды өткізу мақсатында бірқатар іс-шара атқарылды. Тазалық маусымының мүлтіксіз орындалуын қадағалау мақсатында штаб мүшелерінің жұмыс кестесі құрылып, әр өңірді аралау уақыты бекітілді. Аудандарды арнайы барып араладым. Өкінішке қарай, аудан басшылары тазалық жұмыстарын толықтай орындап жатқан жоқ. Әсіресе, Ақсу, Балқаш, Алакөл аудандары. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Қарасай, Іле, Талғар аудандарына жергілікті тұрғындардан арыз-шағым көптеп келуде. Кейбір аудандардың орталық көшелері де талапқа сай тазаланбаған. Тіпті, облыс орталығындағы жұмыстарды да қатаң бақылауға алуымыз керек. Өйткені, санитарлық тазалау жұмыстары тек орталық көшелерде ғана жүргізілуде. Қаланың шеті күл-қоқыстан көрінбейді, – деген басқарма басшысы слайд арқылы әр аудандағы жиналмай жатқан күл-қоқыстарды көрсетті.

Жиын барысында облыстық экология департаментінің бас маманы Шыңғыс Қошқарбаев заңдастырылмаған қоқыстық орындардың жұмысын жүргізу мақсатында қашықтықтан бақылау жүйесі құрылғанын айтты. Енді аудан-қала басшылары қоқыстың қайда жатқанын өңірді араламай-ақ компьютер арқылы көріп отырады.

Жиын соңында Айдарбек Байжанов: «Әр басшы өз жерінің жанашыры болуы керек. Таңертең жұмысқа барарда қаланы аралап, ең бірінші тазалығына мән беруі тиіс. Енді қаланы араламай-ақ жаңа жүйе арқылы қоқыстың қай жерде жатқанын көріп отырасыздар. Осыған орай ауыл-қалаларымыз тазарып, гүлдене түседі деген сенімдемін. Өйткені, жеріміздің экологиялық тазалығын сақтау біздің міндетіміз», – деп тазалықты бақылау үшін құрылған штаб мүшелерінің жұмысы өте нашар екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары аудан басшыларына ауыл көшелері мен күл-қоқыс төгілетін орындардың маңайын тазалап, көркейту мәселесіне біркісідей атсалысу жайында бірқатар тапсырма берді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.