Талдықорған: +15°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚИСЫҚ ҚАБЫРҒА, ЕҢКЕЙГЕН ЕСІК: ӘКІМ ҚҰРЫЛЫСҚА СЫН АЙТТЫ

15.05.2019
ЭКОНОМИКА
ҚИСЫҚ ҚАБЫРҒА, ЕҢКЕЙГЕН ЕСІК: ӘКІМ ҚҰРЫЛЫСҚА СЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі  Амандық БАТАЛОВ Қарасай ауданына іссапармен келіп, мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында салынып жатқан екі бірдей денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Ірі спорт нысандарын аралай жүріп, орын алған кемшіліктерді сынға алып, құрылыс компанияларының басшылары мен мамандарынан жұмысты уақытылы әрі сапалы атқарып шығуларын талап етті.

Алдымен Райымбек ауылында іргетасы қаланған дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының өте баяу жүргізіліп жатқанына назар аударды. Осы саланың білікті маманы, Алматы қаласы мен облысындағы аса ірі жобаларды жүзеге асыра жүріп мол тәжірибе жинақтаған Амандық Ғаббасұлы қаншама айлардан бері жертөле жұмыстарынан шыға алмай жатқан «ЭлитстройПроект» құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына 10 күннің ішінде металл құрамаларын толықтай аяқтауға тапсырма берді.

«Біз бұл нысанды жаңа оқу жылы қарсаңында толық аяқтап, балаларға сыйлық ретінде ұсынуға тиіспіз. Ал сіздердің мына қарқындарыңызбен келесі жылы да бітпейтін түрі бар. Егер айтылған мерзімде жұмыста жылжу болмаса, онда құрылыс компаниясын ауыстыруға мәжбүр боламыз!» – деді ол сөзін тұжырымдап.

Осыдан кейін Амандық Ғаббасұлы Шамалған ауылында бой көтерген республикада баламасы жоқ денешынықтыру-сауықтыру кешеніне ат басын тіреді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен салынып жатқан бұл кешеннің жұмысы 80 пайыз аяқталғаны көрініп тұр. Көз жауын алатын көркем ғимараттың сыртқы көрінісі осыны аңғартады.

Алдымен сыртқы әрлеу жұмыстарына назар аударған облыс басшысы көгалдандыру, жарықтандыру, ғимараттың айналасын талапқа сай абаттандыру жұмыстарына жекелеген ескертпелерін айтып, ақыл-кеңесін берген. Атап айтқанда, көгалдарды суғару үшін қажетті құбырларды жүргізу алдын ала ескерілмеген болып шықты, Сонымен қатар  нысан ішіне мал кірмейтіндей әдемі әрі көзге көрікті қоршаулар тұрғызу да маңызды шаралардың бірі. Аудан әкімі Жандарбек Далабаевқа нысанның сыртында жайқалып өскен көгалдардың солып қалмауы үшін суғару жұмыстарын жүргізетін мекемені анықтау жүктелді.

Ғимараттың ішін аралаған Амандық Баталов волейбол, баскетбол, футбол залдарын, күрес, бокс, фитнес жаттығу бөлмелерімен жеке танысып, орын алған олқылықтарды атап көрсеткен. Мысалы, нысанды жобалау кезінде бокс залына қабырғаға ілінетін айна, боксшылар үшін аса қажетті «грушаларды» алу ескерілмеген көрінеді. Жүзу бассейнінде жарыс кезінде ақпарат беріп отыратын табло, ледэкран қою да ұмыт қалдырылған. Осындай жекелеген мәселелерге мән бере жүріп Амандық Ғаббасұлы құрылысшылар жіберген олқылықтарға да назар аударды. Қисық қағылған шеге, түзу сыланбаған қабырға, еңкейіп тұрған есік деген сияқты ұсақ-түйектер де басшының назарынан тысқары қалмады.

Асханаға арналған бөлмеге қажетті қондырғылар жеткізіліп қойылған. Амандық Ғаббасұлы бұл жерге таныс-тамырлар мен «көкесі» барларды емес, ұзақ жыл тамақтандыру саласында тәжірибесі бар адамдарды қою қажеттігін баса ескертті. Кең әрі жарық дәліздердің қаңырап бос тұрмай, жаттығудан шыққан спортшылардың бір мезгіл отырып тынығуына мүмкіндік беретін жұмсақ жиһаздармен көркемделуі керектігі де тапсырылды.

Әкімшілік қызметкерлері отыратын бөлмеге келгенде облыс басшысы спорт кешенінің басшылығына ұсынылып отырған Дәурен Төлегенді әңгімеге шақырып, жылу қазандығы, су жүйесі, өзге де көптеген құрылымдары бар үлкен кешенге басшылық жасау үшін спортшы болу аздық ететінін, ол үшін ең алдымен шаруашылық жүргізу тәжірибесі қажет екенін қадай айтты. «Сол үшін қазірден бастап кешендегі әр бөлмеге, әр спорт секциясына қажетті дүниелерді мұқият саралап, оның жеткізілуін қадағалау маңызды», – деді ол.

Кешен маңындағы үлкен футбол стадионына келгенде Елбасының: «Көрермендер отыратын орынды әлі де кеңейте түссе дұрыс болар еді?!» деген тілегін ескере келіп, металл каркастардан жасалатын жиналмалы трибуна тұрғызуға тапсырма берді.

— Біз бұл спорт кешенін Нұр-Сұлтан қаласының күні қарсаңында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Демек, маусым айына дейін барлық жұмыстар аяқталып, сынақтан өткізіп үлгеруіміз керек. Бірақ асығыстық жасап, құрылыстың сапасын төмендетіп алуға рұқсат жоқ. Сондықтан, баршаларыңа табыс тілеймін! – деді Амандық Баталов.

Осыдан кейін облыс басшысы құрылысшылармен, жұмыс барысын көрсетуге келген қаламгерлер қауымымен естелік суретке түсті.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.