Талдықорған: +35°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДЕГЕРЕСТІҢ ЖҮЗЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

14.05.2019
КҮЛТӨБЕ
ДЕГЕРЕСТІҢ ЖҮЗЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауданның батыс жағындағы Басбатыр тауының етегінде Дегерес ауылының жүзжылдығы тойланды. Ғасырлық мерейтойды думандата атап өтуге елді мекен тұрғындарымен бірге бүкіл аудан жұртшылығы атсалысты. Жап-жасыл болып құлпырған қырқаны қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер одан сайын түрлендіріп, дала сахнасында ән мен жыр күнұзақ қалықтады.


Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұспа-тұс келген мерекелік шараға алыс-жақыннан халық көп жиналды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін іле-шала Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өткен жер бұл күні де алыс-жақыннан ағылған ағайынды қауыштырды. Кезінде атағы дүркіреп тұрған ауылда туып-өскен, еңбек еткендер сағына бас қосып, мәре-сәре болысты. Мерекенің салтанатты ашылуында аудан әкімі Бағдат Әлиев жиналған қауымды құттықтап, бір кездері ауданның ең іргелі шаруашылығы болған Дегерес жылқы зауытының өткені туралы тәлімді ойларымен бөлісті.

Көпшілік алдында сөз алған «Бәйдібек баба» республикалық қорының президенті, академик-жазушы  Нағашыбек Қапалбекұлы Дегерестің тарихы жүз жылдан да әріге кететінін, Қазан төңкерісіне дейін ол Ырғайты болысы аталып, оған Ақтерек, Көлқамыс, Жаманты, Қараарша, Бұғымүйіз, Бесмойнақ сияқты елді мекендер қарағанын тілге тиек етті. Әр сайы мен қырқасы, тау-тасы көнеден сыр шертетін бұл аймақтың қазақ тарихындағы айтулы оқиғалар өткен киелі де қасиетті мекен екендігіне тоқталды. Дегерестің асыл тұқымды жүйріктерінің ат жарыстарда бәйгенің алдын бермегені, Ұлы Отан соғысы жылдары Дегерес жылқы зауытының майданға жылына мың жарым-екі мыңға дейін сәйгүлік дайындап өткізгені, бір жылдары мұнда 11 мың бас жылқы, 25 мың қой, 100-ге тарта түйе болғаны айтылды.

Спорт ардагері, атбегі Бақыт Байталиев көршілес Қордай ауданындағы ағайынның ыстық ықыласын жеткізді. Көпшілік алдында Нағашыбек Қапалбекұлының құрастыруымен  Дегерес жылқы зауытының жүзжылдығына орай жарық көрген «Ер қанаты, жер жаннаты» кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды. Тойға келгендерге 92 жастағы Қырғызбай Мәденов ақсақал бата беріп, қалың көрермен «Сүйінбай сазы» ансамблінің концертін тамашалады. Бір шетте жастар алтыбақанның айналасына топталып, тербетіліп жатты. Түс ауа түрлі спорттық ойындарға кезек беріліп, кір тасын көтеру, жаяу жарыс, асық ату, қошқар көтеру ұйымдастырылды. Итбегілер құмай тазы жарыстырды. Дәу қошқарды 87 рет көтерген алматылық Тынысбек Көкеұлының күші бәрінен басым түсті. Сұлтан Әлішев 66, Алмас Жүніс 55 рет көтеріп, олар да жүлде алды. 

Осылайша күнұзаққа жалғасқан мерекелік шараны дала төсін дүбірге бөлеген тұлпарлар жарысы қорытындылады. Екі жеңіл автокөлік тігілген аламанға сонау Қызылорда, Орал, Өскеменнен де атбегілер сәйгүлік әкеліпті. Алдымен 5 шақырымға 30 тай шауып, бірінші және екінші болып Талғар ауданынан Мерхат Бұлғыновтың «Ақтанау» мен «Қызғалдақ» атты тайлары келді. 3,4,5-ші орындардан Сарыбай би, Бесмойнақ ауылдары мен Қордай ауданының тайлары көрінді. Құйрық-жалы сүзілген 60 құнанның 11 шақырымға қолтық жазуын да қалың көрермен қиқулай тамашалады. Мұнда сөре сызығын қарасайлық Әлнұр Назарбаевтың «Қарлығашы» бірінші, талғарлық Мерхаттың тағы бір жүйрігі «Тұмар» екінші қиды. Одан кейінгі үш жүлдеге Қордай мен Ұзынағаштың атбегілері ие болды. 

Асыға күткен аламанда жетпіс ат 25 шақырымға көсілді. Көрерменнің көз алдында тоғыз айналым бойы бірінен бірі оза шапқан бәйгеде тұлпардың тұлпары, жүйріктің жүйрігі танылды. Бірінші болып Жамбыл облысынан Артығали Миразовтың жүйрігі «Қаракөз» келді. Қордайлық Алтынжол Нұрманбетовтың тұлпары екінші, Беріктас ауылынан Ұлан Омаровтың сәйгүлігі үшінші, Дегерестен Жоламановтардың «Ақбақайы» мен Сатыбалдиевтардың «Берікқарасы» төртінші және бесінші, жамбылдық Мұрат Қозыбаевтың «Айзері» алтыншы, Балқаш ауданынан Бақытжан Мұздыбаевтың «Үміті» жетінші болып келіп, иелерін бәйгелі етті.

С. ӘШІМБЕКҰЛЫ
Дегерес ауылы,
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөл ауданында әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026
Сезімім алдамапты  – Несіп Жүнісбай

Сезімім алдамапты – Несіп Жүнісбай

15.07.2026
«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

15.07.2026
Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.