Талдықорған: +29°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘМІРЕ ӘРІН: «ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БЕДЕЛІ ТҮСІП КЕТТІ»

22.04.2019
КҮЛТӨБЕ
ӘМІРЕ ӘРІН: "ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БЕДЕЛІ ТҮСІП КЕТТІ"
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жас журналистердің жазу машығын қалыптастыруға арналған кезекті «Workshop» шарасы ұйымдастырылды. Шеберлік сағатына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре ӘРІН келіп, журналистика және шешендік өнер тақырыбында ой өрбітті.

Интерактивті дәріске Талдықорған қаласындағы оқу орындарының студенттері мен жас журналистер қатысты. Өз сөзінде Әміре Әрін журналистика – қоғамның ажырамас бөлігі екендігін нақты дәлелдермен атап өтті.
– Журналистер ақпаратты табуға, өңдеуге, таратуға және сақтауға міндетті. Сондықтан да біз, журналистика ардагерлері, жас маманды іріктеу мен дайындауға жан-жақты көңіл бөлуіміз керек. Бұл ретте бүгінгідей кездесудің маңызы зор, – дей келе, қоғамның рухани дамуына кедергі келтіретін мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, нәтижелі жұмысқа, жас мамандардың ынта-жігеріне мансапқұмарлық үлкен тосқауыл екенін сөз етті. Журналистика саясаттың ажырамас бөлігі екендігін жеткізген модератор: «Мәселе атақта емес, өмірде салған ізіңде, алған орныңда, еңбегіңде. Қоғамға, туған жеріңе, еліңе қаншалықты септігің тиіп, алақаныңның жылуы өтіп отыр, міне, сол маңызды», – деді.
Кездесуде Әміре Әрін әңгіме өзегін мемлекетіміздегі үлкен өзгерістермен, ел болашағы үшін маңызы зор саяси оқиғалармен сабақтастырды. Оның бірі Елбасымыздың өкілеттігін тоқтатып, демократияның даңғыл жолымен Мемлекет басшысы міндетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынуы болса, екіншісі – бүкіл ел болып тарихи таңдау жасайтын саяси шара, яғни, 9 маусымда өтетін Президент сайлауы. Бұл сайлаудың мәні де, мазмұны да бөлек. Бірнеше кандидат арасында өтетін сайлаудың әділдігіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі кепілдік беріп отыр. Бас редактор мұндай маңызды кезеңде журналистердің атқарар рөлі орасан екенін әңгімеледі.
– Журналистика – киелі мамандық. Неге? Өйткені, ол халықтың атынан сөйлейді және қоғамды дамытуға қызмет етеді, – деген Әміре Әрін жер бетінде дәл осындай артықшылығы көп, бесаспап болуды талап ететін журналистикадай мамандық жоқ екенін жеткізді. – Қай адам тікелей барып Елбасынан сұхбат алып, кез келген министрмен, не болмаса Премьер-Министрмен тікелей эфирге шығып, елді толғандырып жүрген мәселелер аясында сауал қоя алады? Мұндай құзырет тек қана журналистерде ғана бар. Мұндай мандатты бізге халық, қоғам беріп отыр. Журналистер қашанда қоғам қайраткері, оның қамшыгері, дамуына атсалысып жүрген ту ұстаушылар.
Осы орайда қоғам қайраткері қандай болуы қажет деген сауал туындайды. Әміре Әріннің айтуынша, ең алдымен, журналистің бойында ауыр салмақ түссе де көтере алатын дәреже болуы керек. Ондай дәрежеге жету үшін әуелі терең білім қажет. Сонымен қатар, болмысы бөлек тұлға болуы шарт. Ал тұлға болу оңай  емес. Әсіресе, журналистика саласында бұған қойылатын талап таудай. Журналистер аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы елдің қамын ойлап, бір сөздің мәнін түсіндіремін деп түнде ұйқысынан, күндіз күлкісінен айырылып, жүгіріп жүреді. Осындай жанды қалайша қоғам қайраткері дей алмаймыз? Демек, журналистика – ең қастерлі мамандық.
Кездесу барысында бүгінгі журналистиканың беделі турасында ой қозғалды.
– Қазіргі таңда, жасыратыны жоқ, журналистердің беделі түсіп кетті. Журналистиканың жүгін көтере алмайтын, қолынан келе ме, келмей ме, байыбына бармай, араласып жатқандар көп. Әсіресе, әртістер. Бір бейнебаянын түсіріп, танылып алғаннан кейін телеарналарда жүргізушілікке  араласады. Сөз сөйлей алғандардың барлығы тілші емес. «Айқайлағанның бәрі әнші емес, ән шығарғанның бәрі Шәмші емес» дегендей, ертеден кешке дейін сөйлей бергеннің барлығы журналист емес, – деді Ә. Әрінұлы.
Спикердің сөзінше, журналист – мемлекет болашағына, ұрпақ келешегіне жаны ашитын жан. Кездесу кейіпкері осындай мемлекетшіл азаматтардың азайып бара жатқанына қынжылыс білдірді. Есесіне, сөйлем құрай алмайтындар қатары еселеніп өсіп, қазақ журналистикасының қадір-қасиетіне нұқсан келді. «Басылымдарда стилистикасы, сөйлем құрылысы қиғаш кеткен мақала жазатындар көбейіп кетті. Бұл журналистикада аталы сөздің азайғандығын көрсетеді. Бар болғанның өзінде құлаққа құйып алатын жастар азайып барады», – деген ол әлеуметтік желінің қауіп-қатеріне де тоқталды. Өйткені, үйде отырып алып мемлекеттік қауіпсіздікке, елдің ертеңіне, дінге, тәрбиеге қатысты пікір айтушылар көп. Бабаларымыз баяғыда-ақ: «Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді», – деп тұжырып кеткен. Бірауыз сөз бүкіл мемлекеттің түбіне жетуі мүмкін. Өз ойын осылай өрбіткен Ә. Әрінұлы тарихтан Томирис пен Кир патшаны мысалға келтірді. Кир патшаның бірауыз сөзіне бола елі аяққа тапталып, басы кесіліп, қанға малынғандығы тарихтан белгілі.
Сөзін саясаттағы ахуал мен әлеуметтік желінің кері әсері аясында жалғастырған спикер: «Бүгінде желіде саясатқа, елдікке қатысты небір сөз айтылып жатыр. Сондай жазылған орынсыз пікірлерді желі қолданушылары бөлісіп, таратуда. Басып отырған адам тарату арқылы өзі құптап қана қоймай, аудиториясын арттырып отыр. Нәтижесінде, қарапайым халық бұл дақпырттарды шындыққа балайды. Шындық болмаса, қолдаушылары неге көп деп ойланады. Жақсы адам болса, мал маманынан да мықты журналист шығады. Демек, мықты журналист дайындау үшін мықты ұстаз дайындауымыз керек. Журналисті отырғызып қойып, бес жылдан артық оқытудың да қажеті шамалы. Ең алдымен, адам тәрбиелеуіміз қажет. Сөзден өткір қару жоқ. Наполеон: «Бір газеттің күші армиядан әлдеқайда күшті», – деген. Сөз деген қаруды, қанжарды жүрегіне балайтын, өзіне серік еткен әуелі адал адам болуы шарт. Ол өзінің ар-ұятының алдында адал болуы керек. Өзіне есеп бере алмайтын жан қалай халықтың атынан сөз айта алады? Таза жаннан ғана таза дүние шығады», – деді.
Сөзінің соңын газеттің бас редакторы: «Қазақстан – шешендік шеберліктің отаны», – деп қорытындылап, қазақ даласының көрнекті сөз шеберлерін атады. Ә. Әрінұлының пікірінше, шешендік шеберлікте, ең бастысы, өзіне деген сенімділік қажет. Онсыз адам сөзінің шынайылығына ешкімді сендіре алмайды. Сондай-ақ, ежелгі грек ділмәрі Демосфеннің мысалына сүйене отырып, риториканы дұрыс көңіл-күймен ғана игеруге болатындығын да айтты.
Шеберлік сағат соңында қатысушылар тарапынан тарихқа, мемлекеттік саясатқа, журналистика саласына қатысты сауалдар қойылып, толыққанды жауап қайтарылды.

Еңлік ҚАБДЕШ

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.