Талдықорған: +4°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Лаззат ТҰРЛАШОВ: «КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕКТЕСУІ КЕРЕК»

16 сәуір 2019
ӘЛЕУМЕТ
Лаззат ТҰРЛАШОВ: "КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕКТЕСУІ КЕРЕК"
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат ТҰРЛАШОВ әлеуметтік карта, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті жердің кәсіпкерлерін тарту мәселелерібойынша жиын өткізді. Оған қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Басқосуға қатысушылар Үкімет отырысындағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың жасаған баяндамасын тыңдады. Министр Ақтөбе қаласында «Кәсіпкер Ана», Маңғыстауда «Үш күнде кәсіпкерлікті ашу», Шымкентте «Мейірім», Қызылорда облысында «Өтемұратов», Алматыда «Бақытты отбасы» қорлары мен электронды портал ашылып, халық игілігіне қызмет етіп жатқандығын айтып, осындай бастамалар барлық республикада іске асуы керек деген тапсырма берген. Жоғарыда аталған жұмыстар жайлыжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Зайда Ілімжанова баяндама жасады. Ол өз сөзінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірінші тоқсанның өзінде облыс бойынша 5 мың 144 жаңа жұмыс орны ашылғанын айтты. Өкінішке қарай, 8 ауданда ешқандай да жұмыс көздері ашылмаған. Сонымен қатар, көпбалалы аналарды Еңбек заңына сәйкес, күніне 4 сағатқа қоғамдық жұмыстарға орналастыруға болатыны айтылды. 2018 жылы қоғамдық жұмыс түрі 54 болса, 2019 жылдың бірінші тоқсанында 60 түрі енгізілген.

– Үстіміздегі жылы әлеуметтік көмек түрлерін іске асыруға облыстық бюджеттен 6 млрд. теңге бөлінді. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға арналған әлеуметтік карта жұмысына 3 млрд. 400 млн. теңге жұмсалған. Аталған қаражат көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мектепте берілетін ыстық тағамға, 100 оқу грантына, балабақшада тәрбиеленетін балалардың ақысына, қоғамдық көлікте тегін жол жүруге, «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алуға және табиғи газға қосылу үшін арнайы құрылғыларды орнатуға жұмсалмақ. Қазір атаулы әлеуметтік көмек алуға 23 мың адам тіркелген. Оның 9 мың 300 өтініші қабылданды. Қалған отбасылардың құжаттары тексерілуде. Бұл мемлекет тарапынан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек, – деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Зайда Ілімжанова.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісовтің, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Дәурен Жолжановтың және облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовтардың осы бағытта атқарған жұмыстарының баяндамасы тыңдалды.

Басқосуды қорытындылаған Лаззат Махатұлы аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың жағдайы бойынша жұмысты күшейтіп, кәсіпкерлерге отбасыларға баспана алып беруге немесе тұрып жатқан үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесуі тиіс екендігін тапсырды. Сондай-ақ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы толық ақпаратпен әр отбасын таныстырып, «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болуға көмектесіп, облыстық Кәсіпкерлер палатасына «Бастау бизнес» жобасы аясында жұмысты қолға алып, министр тапсырған қайырымдылық қорлар мен электронды портал ашу жұмысын ширатуды тапсырды.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Бүгін, 23:12
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Бүгін, 19:46
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.