Талдықорған: +5°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«БӘЙТЕРЕКТІҢ» БАЛАЛАРЫ НАУРЫЗ ТОЙЛАДЫ

1 сәуір 2019
ӘЛЕУМЕТ
«БӘЙТЕРЕКТІҢ» БАЛАЛАРЫ НАУРЫЗ ТОЙЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жас ұрпақтың бойына ата салты, халқымыздың байырғы дәстүрін сіңіріп, оларды ұлтжандылыққа баулуды көздеген «Бәйтерек» күндізгі болу орталығының ұжымы әз-Наурыз мерекелік кешін ұйымдастырды.

 

Ғимаратқа аяқ басқаннан-ақ ұлттық киім киген тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды. Домбыраның күмбірі, орындалған халық әндері жүректі тербеп, ұлттық құндылығымызды дәріптеді.

Аталған орталықта бүгінде 108 бала тәрбиеленуде. Күндіз бұл мекемеде 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет өте жоғары деңгейде көрсетіледі. Жүрегі мейірімге толы қызметкерлер тағдырдың ауыр сынағына түскен балаларды мейірлене құшақтап, оларға қуаныш сыйлау үшін қолдан келгенді жасауда. Мерекеге орай «Жалын», «Жігер», «Жұлдыз», «Бәйтерек» ауылдарында халқымыздың «тұсау кесу», «құда күту», «сырға салу» сынды салт-дәстүрлеріміздің маңызы мен қадір-қасиеті түсіндірілді. Сәбидің тұсауын кесу арқылы барлық жөн-жоралғыларды сақтай отырып, балаларға тамаша көрініс көрсетілді.

Шараға келген қонақтар балғындардың өнерін тамашалап, кәдесыйларын ұсынып, ақжарма тілектерін айтты. Мерекеде көпшіліктің мейірімін сезінген балалар шаттанып, бар өнерлерін ортаға салды. Мұндай қуанышты күні көпбалалы аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Он жеті Батыр ана кештің құрметті қонағы болды. Оларға мекеме атынан Алғыс хат және сыйлық тапсырылды.

– Біз үшін ана мен баланың күлкісінен артық бақыт жоқ. Орталыққа келіп жүрген әр бала бір-бір үйдің, тұңғышы, еркесі. Олардың жақсы көңіл-күйде жүргені, күліп, ойнағаны бәрімізге маңызды. Мүмкіндігі шектеулі балғындардың қуануы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Міне, Наурыз тойы соның бір дәлелі. Қандай шара өткізсек те, ана мен баланың қуанышы біз үшін бәрінен де қымбат. «Қуанса, бала қуансын» деген ұстанымды ұстанған біздің қызметкерлердің төзімділігі мен еңбекқорлығын да ерекше атап өткен жөн. Ең бастысы ел тыныш, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ешқашан балалар ауырмасын деген аналық тілек бар, – дейді «Бәйтерек» орталығының директоры Айгүл Диханбаева.

Әке-шешесін қуантып, ел-жұрттың қошеметіне бөленген ұл-қыздардың да жанарында жарқыл ойнады. Шара барысында «Аяулы әжелер» ансамблі концерт қойып, асқар таудай әкелер қоларбада отырған бүлдіршін қыздарымен бірге «хрустальный вальс» биін биледі.

Мұндай тәрбиелік мәні зор кеш жас ұрпақ бойына ұлтжандылық, туған халқының салт-дәстүріне деген құрметті дарытып, бала көңілін өсіретіні анық. Ендеше осындай шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болып жүрген «Бәйтерек» орталығының тәрбиешілері тәрбиелеген балғындар нағыз елжанды азамат болып өсері сөзсіз.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Бүгін, 19:46
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.