Талдықорған: +22°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

23.03.2019
ЭКОНОМИКА
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИННІҢ Алматы облысындағы алғашқы жұмыс сапары Панфилов ауданынан басталды. Үкімет басшысы бұл сапарында Қазақстанның Қытаймен шекарадағы көлік-логистикалық кешенінің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асыру барысымен  танысты. Үкімет басшысымен бірге облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ жүрді.

Сапар аясында Үкімет басшысы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі — «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысып, «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы секілді маңызды нысандарды аралады.

«Нұр жолы» өткізу бекеті өткен жылы қолданысқа берілген. Нысан қуаттылығы күніне 2500 жүк көлігін өткізе алады. 25 гектар аумақта көліктің қауіпсіз кіріп-шығуын бақылайтын 8 жолақ орналасқан. Ол тиісінше мұндағы кептелісті жойып, жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Үкімет басшысына кеден жұмысын «Еуротранзит» компаниясының бас директоры Ерлан Диханбаев таныстырды.

Мұнан соң Үкімет басшысы жүгері өңдеумен айналысатын «Заря ЛТД» ЖШС-на келді. Қолданысқа берілген өндіріс орны дала аруын қабылдап, тазалауға арналған. Нысан жылына 100000 тонна жүгері дәнін қабылдай алады. Сол қатарда зауытқа іргелес жатқан құрғақ порттың жұмысын да көрді. Үкімет басшысы осы жерде аймақта жүзеге асырылып жатқан 8 жобамен танысты. Оның ішінде ең ауқымдысы — аумағы 11,4 гектарды алып жатқан, жүк сақтайтын қойма. Мұнда көрші елден келген немесе өзімізде өндірілген тауарлар осында сақталып, қажетті бағытқа жөнелтіледі. Шетел инвесторларымен бірлесіп іске асырылып жатқан аталмыш жоба келесі айда пайдалануға берілмек.

Биыл шекаралы аймаққа келушілердің саны жылдағыдан арта түседі деген болжам бар. Оған арнайы экономикалық өңірде атқарылып жатқан 5 ірі жоба негіз болмақ. Сол қатарда сауда кешендері, әлемдік стандартқа сай цирк, қонақүй бой көтермек. Орталықтағы жаңашылдық бұл ғана емес. Қазір мұнда 6 жүк өткізу терезесі мен арнайы күту залы ашылған. Бұл туристер мен сауда-саттық жасайтын адамдарға үлкен жеңілдік. Тіпті, бұл жүк өткізу бекетінде екі ортадағы адамдарды тасымалдаудың да түйткілді тұстары шешілген.

Сапар барысында Асқар Ұзақбайұлы Қорғас өзенінде салынып жатқан селге қарсы қорғаныс нысандарын аралап көрді. Жағалауды бекіту жұмыстарына жалпы 30 млрд. теңге жұмсалатынын сала басшылары жеткізді.

Келесі кезекте Астанадан келген қонақтар Қазақстан — Қытай бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалармен танысты. Алдағы уақытта құны 1,7 миллиард теңге болатын «Қазлюмер» сауда орталығынан туристер отандық өнімді таба алатын болады. Қос қабатты нысанда  қырықтан аса дүңгіршек жұмыс істеп тұр.

Осындай ірі жобалармен танысып шыққан Премьер-Министр атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, облыс әкіміне мақсатты істерге байланысты тапсырмалар жүктеді. Үкімет басшысының келесі сапары облыс орталығы Талдықорғанда жалғасын тапты.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ,

Қажет АНДАС

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

«AMANAT» партиясының көмегі: Талдықорған қаласында жалғызбасты ананың үйіне газ жүргізілді

«AMANAT» партиясының көмегі: Талдықорған қаласында жалғызбасты ананың үйіне газ жүргізілді

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

24.04.2026
Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

24.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.