Талдықорған: +21°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖҰЛДЫЗ ЖОЛЫ

22.03.2019
КҮЛТӨБЕ
ЖҰЛДЫЗ ЖОЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шығыс халықтарының Жаңа жылы күннің эклиптика бойымен айналып келіп, наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні бір-бірімен теңелуінен келіп туындаған. Осы кезден бастап күн ұзарып, түн қысқара бастайтыны белгілі. Осылай жалғасып келіп, 21 маусымда жазғы тоқырау болады. Яғни, күн ұзаруын тоқтатады. Бұдан кейін күн қайтадан қысқарып, 21 қыркүйекте күн мен түн теңеледі. Осы сәттен бастап 21 желтоқсанға дейін түн ұзара бастайды. Бұл сәтті «қысқы тоқырау» деп те атайды. Яғни, бір жылда күн екі мәрте жазғы және қысқы тоқырауға ұшырап, екі рет теңесіп отырады.

 

Ерте замандарда әр тайпаның, әр қауымдастықтың өз жыл санаушылары болғаны анық. Олар жылдың төрт мезгілінде күннің көкжиектен көлбеу төмендеуін, қайта көтерілуін жіті бақылап  отырды. Бір жыл ішінде күннің ең төменгі және жоғарғы нүктелерін белгілеп, соның ортасын есептеп шығарар болса, көктемгі өліара – 22 наурызға, күзгі теңесу – 22 қыркүйекке  тура келетіні анықталады. Ерте замандағы адамдар жер күнді емес, күн жерді айналады деп есептегені де тарихтан мәлім. Демек, күннің жоғары-төмен жүру жолы арқылы күн мен түннің теңесуін дәл анықтап білген ғой.

Осы жерде Григорян күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жыл туралы айта кеткен орынды. Яғни, жалпы адамзат неге 31 желтоқсанда  жаңа жылды қарсы алады? Әдетте ол Иса пайғамбардың туған күніне орайластырылған деп айтылып жүр. Алайда, пайғамбар дүниеге келген кезде әлі күнтізбе болған жоқ емес пе?! Ал осы мәселені ой елегінен өткізер болсаңыз, мынаны аңғаруға болады: 21 желтоқсан ең ұзақ түн екенін әлгінде айттық. Ежелгі әпсаналарға құлақ түрсек, дәл осы күннен бастап қараңғылықты жарықтың жеңе бастайтыны айтылады. Христиан дінін ұстанушылар, оның ішінде, католиктер Рождество мейрамын 25 желтоқсанда тойлайтыны белгілі. Бұл жарықтың қараңғылықты жеңе бастауына дөп келеді. Бұл жайды да біле жүргеннің айыбы жоқ. 

Енді ата-бабаларымыз ежелден тойлап келе жатқан – Наурыз мерекесіне қайтып оралайық. Бұл ең алдымен күн мен түннің теңеліп, жарықтың үстемдік құруынан келіп туындаған дедік.  Осыған байланысты жер-дүние бусанып, тіршілік атаулы ояна бастайды. Иран тілінен тәржімалайтын болсақ: Наурыз – жаңа күн деген ұғымды білдіретіні осыдан келіп шығады.

Бүгіндері шығыс халықтарында 22 наурыз  Жаңа жыл ретінде тойланып келе жатқанына 5 мың жыл болды деген дерек бар. Осы жерде ғылым-білімі бүгінгідей дамымаған ежелгі заманда күн мен түннің теңелуін қалай анықтаған деген сұрақ туындайды. Бұл жерде ең алдымен байырғы адамдардың табиғатпен етене болып, аспан әлеміне зер салғанын айта кету керек. Жұлдыздарға қарап жол тауып, сол арқылы тіршіліктерін жоспарлағанын білеміз. Мысалы, Жетіқарақшы шоғырының орналасуына қарап көктемнің келуін, жаздың шығуын, былайша айтқанда жылдың төрт мезгілін қапысыз анықтап отырған.  Оны бір жыл ішінде Жетіқарақшының Темірқазықты айналып шығу жолынан, орналасуынан аңғаруға болады. Сол сияқты Шолпан жұлдызының тууынан таңнын атуын, Үркерге қарап жолдың бағытын бағдарлаған.

Адамзат баласының жұлдыз санауына келсек, бүгінгідей күнтізбе болмағандықтан аспан денелері күнтізбе міндетін атқарып келгені рас. Қазіргі астрологтар жалған ғылымға айналдырып, адамдардың тағдырын айқындап жүрген 12 шоқжұлдыз шын мәнінде  бар екені белгілі. Ол шоқжұлдыздар  өздерінің ең биік нүктесінен өтіп шығады. Әр жұлдыздың жүріп өтер жолы тура бір айға теңеседі.  Мысалы, Тоқты шоқжұлдызы өткеннен кейін Торпақтың жолы, одан кейін Суқұйғыш дегендей, жалғаса береді. Жер күнді тура 365 немесе 366 күнде айналмайтыны белгілі. Бұл процесс 365 күн 6 сағатқа созылады.  Төрт жылда  6 сағаттан бір күнге толтырып, ақпан айына 29-шы күн ретінде қосып отыратынымыз сондықтан. 

Айдың да жерге тигізер ықпалы өте зор. Ай өзінің тартылыс күші арқылы  жер бетіндегі мұхиттардың тоқтаусыз ағысын қалыптастырып, судың борсып кетпеуіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, айдың алыс-жақындығынан, бізге қай келбетімен қарауынан ауа райының бұлтты, жаңбырлы немесе ашық болуын білуге болады. 

Ұлтымыздың жаңа жылды тойлаудағы салт-дәстүрлері де табиғат және тіршілік ыңғайына қарай қалыптасты деуге болады. Орыс халқында «Масленница» деген мейрам бар. Олар да қыстан шығып, азық-түліктің бәрі таусылар кезде қаптың түбіндегі ұнды қағып, құймақ пісіруді әдетке айналдырған ғой. Сол сияқты біздер де  қалған дәнді дақылдарды, сүрленген етті шығарып, наурызкөже  әзірлейміз. Ауыл-үйді тазалау, киімді жаңарту, туыс-достармен қауышып, көрісу ізгі дәстүрлеріміз емес пе?!

Ендеше, ықылым замандардан бері жыл басы саналатын Наурыз мерекесі құтты болсын. Аспанымыз ашық, жұлдыздарымыз жарқын, айымыз оңынан туып, береке-бірлігіміз арта берсін деймін.

Мұқағали Қаламбай,
Астрофизикалық институттың кіші ғылыми қызметкері
Алматы

Қатысты жаңалықтар

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

25.06.2026
Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.