Талдықорған: +15°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚЫЗ СЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

15 наурыз 2019
РУХАНИЯТ
БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚЫЗ СЫНЫНА ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Көктем аруы». Қаламыздағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гиназиясында осындай тақырыппен қыз балалар арасында байқау өтті. Аталмыш шара балғындардың бойына көркемдік талғамын қалыптастырып, оларды салт-дәстүрге байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, iзеттiлiкке тәрбиелеуді мақсат етті.

«Қыз – елдің көркі» «Өнер – таусылмас азық», «Мақал-мәтел айту», «Қанатты сөздер жарысы» атты төрт кезеңнен тұратын сайыста білім шаңырағының бірінші сынып оқушылары бақ сынап, бәйгеге түсті.

– Бүгінде қазақ отбасылары қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле бастады. Сондықтан біз де сыныпта білім берумен қатар балаларға ұлттық құндылықтарды сіңіру ісін жалғастырып келеміз. Мұнда қыз бала мен анасы арасындағы қатынастарды сақтауды, салт-дәстүріміз жайлы алғашқы тәрбие негізін қалыптастыруды түрлі жолдар арқылы үйретеміз. Бүгінгі шара соның нәтижесі, – дейді бәсекеде бақ сынаған балғындардың сынып жетекшісі Жеңісгүл Алтынбекова.

Бірінші сынып болса да, төрт кезең бойынша тас-түйін дайындалып келген балалар бірінен-бірі оза шауып, бар өнерін ортаға салды. Тақылдап мақал-мәтел айтып, қанатты сөздерді қатесіз жеткізді. Арулар байқауына сыныптас ұл балалар да атсалысып, тақпақ оқып, ән шырқап, шараның шырайын кіргізіп отырды.

Өнер көрсеткен өрендердің шеберлігі мен тартымдылығын бірі-бірінен бөле қарауға келмегендіктен, әділқазылар олардың бәрін бірдей жеңімпаз деп бағалауды ұйғарды. Мектеп директоры Самғат Долаев байқауға қатысқан балаларды Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Балаларды бөле-жармай, осылай тәрбие беріп, жетілдіріп отырған Жеңісгүл Сламбекқызына ата-аналар алғысын жаудырып тарқасты.

Қажет АНДАС

Талдықорған

Қатысты жаңалықтар

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Бүгін, 12:25
Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін, 12:17
Астық экспорты: Теміржол арқылы 12.1 млн тонна өнім тасымалданды

Астық экспорты: Теміржол арқылы 12.1 млн тонна өнім тасымалданды

Бүгін, 11:30
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдар мен қымбат мүлікті тексеретін жүйе қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 11:00
Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.