Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТӨРТІНШІ СЫНЫПҚА ДЕЙІН ӘЖЕМНІҢ ҚАСЫНДА ЖАТТЫМ

07.03.2019
ЖАНСАРАЙ
ТӨРТІНШІ СЫНЫПҚА ДЕЙІН ӘЖЕМНІҢ ҚАСЫНДА ЖАТТЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

«Осы жұмыс істеп жүргеніңе жылдан асты. Мен туралы мақала қашан жазасың? Қанша ғұмырым қалды дейсің? Әлде әжеңді Құдайға бермейін деп пе едің, сен бала?!». Бұл апамның ауылға барған сайын айтатын әзілі. «Жетісу» газетін басына жастап оқитын ғасыр жасаған қарияның бар ермегі — немересінің жазған мақалалары. Оқыған сайын марқайып қалады. «Ой, әже, қайда асығасыз?Әлі шөбереңізді бағуыңыз керек» деп көңілін көтеріп, алдап қоямын. Балаша мәз болып, маңдайымнан иіскейді. Міне, бүгін апамның бір арманын ақиқатқа айналдырар сәт туғандай. Көктемнің алғашқы мерекесіндегі өзіңе арнаған ең үлкен сыйлығым болғалы тұр.

 

Бұл бір ұзақ әңгіме. Көңіл күбісінде піскен балалық шақтың тәтті саумалы секілді дәмі тіл үйіреді. Сыр сандығында сақталған есті естеліктердің жаңғырығындай көркем. Бал татыған балдәурен сәттің боямасыз бейнесіндей ыстық. Содан ба екен, әр басқан қадамыма сәуле төгіп, қиялыма қанат байлайды. Менің титтей жеңісіме таудай баспалдақ болуымен де асқақ. Неге дейсіз ғой?! Себебі, себебі ол – менің әжем туралы. Мына өмірдегі ең асыл қасиеттерді бойыма дарытқан абзал жан. Әжіміне ай жасырынған, жанары мейірімділіктің тұнбасындай мөлдір. Сондықтан ол кісіні ерекше жақсы көремін. 

Жұмыстан қолым қалт босаса еш ойланбастан бірден ауылға тартамын. Сағыныштың сар самалы желіп ала жөнеледі. Аңсарына айналған ақшуақ күндер алыстан қол бұлғап шақырып тұрғандай күйге бөленемін. Көлік ішінде әртүрлі ойдың иіріміне түсіп, кеудемде қарапайымдылық пен ізгілік гүлі бүр жарады. Бара сала алдымен әжеммен амандасамын. Әйтпесе өкпелеп қалатын әдеті бар. Алда-жалда әкеме не анама бірінші сәлемдессем, «өз туғандарына қарай жүгіруін қарашы» деп балаша бұртиып, көңілі түсіп қалады. Бетімнен кезек-кезек сүйіп, сандықтың бұрышына тыққан тас кәмпиттерді береді. Сосын бұзылып кеткен жеміс-жидектерді қалтама тоғытады. Онысы үй маңын торыған кішкентай бұзықтардан тыққан түрі. Анам тоңазытқышқа салмаса иістеніп кететінін айтса да, баяғы әдетінше сенімді жерде ұстағанды жөн көреді. Еріксіз күлесің де қоясың. Алмай қойсаң ренжиді келіп. Амалсыз бәрін сөмкеме салып қалаға алып кететінімді ескертемін. Содан кейін барып көңілі жай табады. Екеуміз үстел үстінен самаурындағы қайнаған шай таусылғанша тұрмаймыз. Тот басқан көне әңгімелерін жанып жаңартып, жалт-жұлт еткізеді. Қарттық ырқын билеп көзі дұрыс көрмесе де барлық жарықты көңілі мен құлағына жинаған кейуана, ескі күндерді тымақтай бұлғап, төңкеріп-төңкеріп алады. Келместің кемесіне ерте мінген шалының кеңшілігін еске алып, көсіле сөйлейді. Сондағы бар айтатыны – атамның бір уыс жомарттығы.

Мен әжемнің қасына төртінші сынып оқығанға дейін жаттым. Немерелерінің ішінде менің беделім биік. Қалғандарының бәрі төсек маңайына үйдегі орындықтарды жалғап ұйықтайды. Бізді еліктіретіні — ертегісі. Аңыз-әпсаналардан таған тартқанда таң-тамаша боласың. Құдды бәрін біліп туған адамдай ақылы теңіз. Әйтсе де апамның төрт-ақ сыныптық білімі бар. Өзі өмірден үлкен мектеп жоқ деп есептейді. Тәлімді тәрбиемен ошақ басында ауызданған бала тағдырынан таяқ жей жүре сабақ алуы тиіс. Сонда дүниенің қадірін біледі. Бізге ата-анамызды құрметтеуді, алдынан кесе өтпеуімізді үйретеді. Бұл күндегі айтатын мәйекті мәтелі. Ұйықтар алдында тілімізді кәлимаға келтіріп, патшадан бастап қараша халықтың денсаулығы жақсы болуын Тәңірден сұратады. Алыстағы ағайынның бәрінің аты-жөнін атап тұрып Құдайдың назарында болуын тілетеді. Соның бәрін айтып барып тәтті ұйқының шырмауына түсеміз. Сөйтсек онысы бір-бірімізге деген бауырмалдықты арттырудың айласы екен ғой. Кейін бұл шарғы бойымызға сіңіп кетті.

Әжем өте еңбекқор адам. Аузында Алласы, күндіз-түні бір тыңбайды. Кенже ұлының үлкені болған соң ба, әйтеуір мен дегенде шығарда жаны бөлек. Алты айлығымда емшектен шығарып алып, өзі бағыпты. Анамның айтуынша арқасына мінгізіп, сиыр сауады екен. Оның үстіне ауыл сыртынан тезек теріп қайтатын көрінеді. Мұрыны бір құрғамайтын жылауыққа шаң жуытпапты. Мойнына мені қондырып, қалтасына құрт толтырып көрші-қолаңды аралап, жаңалық теріп қайтатынын ауыл келіндері әлі де сөз етіп отырады. Сонда бір ретте болса да белінің ауырғанын айтпапты данагөй. Жотасына бүргедей жабысқан мені Құдайдың берген сыйы көрсе керек. Дала мәдениеті мен баба салтын бесікте жатқанымда-ақ көкейіме құйған әжем тәрбиенің бұлағына тілім шықпай жатып шомылдырыпты ғой. Бәлкім содан ба екен, ауылдағы ағайынға бүйрегім бұрып тұрады. 

Әліппені әжем мектеп табалдырығын аттамай тұрып жаттатқызып қойды. Есеп амалдарын еркін меңгердім. Енді үздік оқушы болмау, күнә. Оқудан келгенде міндетті түрде бетімнен сүйеді. Қанша бес алып келсем, сонша рет айналып толғанады. Бұл маған үлкен қолдау болды. Әжемнің неғұрлым көп еркелеткенін қалап, күнделігімді беске толтыруға тырысатынмын. Қызық, қазір осының бәрін ойлап отырып ішімнен күліп аламын. Апамның философиясы не деген мықты еді? Қарап отырсаңыз әрбір әрекетінен жақсылықтың иісі аңқып тұрады.

Осыдан екі жыл бұрын туған күніне орай ұялы телефон сатып алып бердім. Қуанғанын көрсеңіз! Қолдана алмаса да қолынан тастамайды. Іні-қарындастарым ойнауға сұраса, бұзасыңдар деп тыйып тастайды. Мен хабарласқанда жасыл батырманы басатынын көрсеткенмін. Соны ұмытқан емес. Қасында тұрмаса шырылын естімей қалатындай ешкімге бермейді тегі. «Өзімнің балам әкеп берген» деп бағасын асырады марқайып. Ғажабы да сол ғой. Кейінгі кезде үйдің еркетотайлары білдірмей құрыққа түсіріп, тығылып ойын ойнайтынды шығарыпты. Оны сезіп қойған әжем енді кірпіш телефонын байпағына тығып ұстап жүр. Анда-санда өзі хабарласып қояды. Менің дауысымды бір күн естімей қалса, жаны жадырамайды. Бар лебізі аман-есен жүргенім. Сосын шамаң келгенше садақаны молырақ беруімді ескертеді. Пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайтын құралдың ең ғазизі сол екенін айтудан жалыққан емес. Бүгінде уақытты байпағына жасырған телефонынан бағдарлап отыратынды шығарыпты. Апам да заманның ығына жығылайын деген-ау, сірә!

Хош. Әжем жайлы әңгіме таусылмайтын қазына секілді. Айтқан сайын жүрегіңе жылылық ұялайды. Сөзі де, сүйегі де асыл кісілер ғой. Қарттық келіп жанына түстенсе де көңілі әлі  көктемдей. Құдайдан күдерін үзбейді. Бар арманы – бала-шағасының бақыты. Ұрпағының тілеуін тілеп отырады дәйім. Айтпақшы, апам менің үйленгенімді күтіп жүр. «Отау құрсаң сенің қолыңа барып тұрамын», – дейді әкемді алдап.  Иә, бұйырса, ол күннің де ауылы алыс емес. Әже, шаңырақтың ұйытқысы болып ортамызда отыра беріңізші. Сіз барда біздің де көңіліміз жай.

Немересі — Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.