Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖЕТІ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: «АЛЛА БЕРСЕ, АРЫ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ»

26 ақпан 2019
ӘЛЕУМЕТ
ЖЕТІ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: "АЛЛА БЕРСЕ, АРЫ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ"
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі таңда көпбалалы отбасын көрсек, таңғалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз. Ақсу ауданында тұратын Динара Сүлейменова жақында жетінші сәбиін дүниеге әкелді.

Динараның жасы – 35-те. Өткен жылдың қараша айында Ақсу аудандық ауруханасында аман-есен босанып, жетінші перзентіне Аяжан деген есім берді. Бүгінде баланың денсаулығы қалыпты. Бауыржан мен Динара Аружан, Әлихан, Әмірхан, Батырхан, Әділхан, Әлімхан, және Аяжандай бес ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Балаларының үлкені – 14 жаста, кіші қызы – небәрі 3 айлық. Ұлдарының барлығы спортқа әуес. Әлихан еркін күреспен айналысып жүр бүгінде.

Динараның айтуынша, әр бала Алланың қалауымен өмірге келеді. Көпбалалы болудан қашпайтын, бұйыртып жатса, перзент сүюді ары қарай жалғастыруға дайын екендігін жеткізген ізгі ана: «Иә, оңай емес. Бірақ мен барлығы жақсы болатынына сенемін. Әрбір бала үлкен бақыт қой», – деп сыр ақтарды. Жеті баланы тәрбиелеу, сабағын оқытып, киіндіру үшін қосымша көмек қажет.

2015 жылы көпбалалы отбасы аудан орталығынан төрт бөлмелі жаңа пәтермен қамтамасыз етілген. Бүгінде сол шаңырақтың шаттығы еселеніп, іші балалар күлкісіне толған. Динара үй шаруасы мен бала тәрбиесін бір өзі дөңгелетіп отыр. Жалғыз қолқанаты әзірге Аружан — тұңғыш қызы. Негізі Динара медбике мамандығын меңгерген. Қазіргі таңда бала-шаға қамы үшін аналардың үй шаруасы мен жұмыстың екі ортасында сабылатыны үйреншікті жайтқа айналды. Оған отбасының қаржылық қиындығы себеп шығар, бәлкім. Ал Бауыржан мен Динараның отбасы бүгінде бақытты, балалар санын көбейтіп, қазақ демографиясына үлес қосуды әлі де тоқтатпақ емес.

Осы тұста айта кетерлігі, Ақсу ауданында бүгінде 2028 көпбалалы ана бар, барлығы мемлекеттің әлеуметтік көмегін алады.

Гүлжан ТҰРСЫН

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.