Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БАЛА ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПТЫ

18 ақпан 2019
ӘЛЕУМЕТ
БАЛА ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен «Бала жүрегіне жол табайық!» тақырыбында тренинг өтті. Шара №2 лот жоспарына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Клуб төрайымы Дания Қыдырбаева бүгінге дейін жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жүргізілген сауалнама нәтижесіне тоқталды.

– Толерантты көзқарас қалыптастыру мақсатында 10 мектепке барып, денсаулығы қалыпты балалармен тренинг өткіздік. Кездесу 48 адамды қамтып, туындаған сұрақтарына жауап беруге тырыстық. Облыстық білім басқармасының қызметкерлерін шақырып, инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін түсіндірдік. Сондай-ақ, облыстық әлеуметтік бағдарлама және мүгедектермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы «Мүгедектерді оңалту» бағдарламасы туралы ақпарат берді, – деді Дания Сәлімбайқызы.

Сөз соңында Дания Сәлімбайқызы қатысушыларға аталған мәселеге қатысты сұрақтар туындаса, қол ұшын созуға дайын екендігін, бірлесе шешім табуға атсалысатынын жеткізді. «Мүшелтой» клубының бастауымен мүмкіндігі шектеулі балалардың басқалармен бірдей өмір сүруіне жағдай жасау бағытында жарыстар, мекеме қабырғасында іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Тренинг барысында психолог мамандар Талшын Жанабекова мен Алма Бейбітқызы ата-аналарға қызықты ойындар ойнатып, мейірім, ынтымақ, қамқорлық, сүйіспеншілік тақырыбында сурет салдырды. Сондай-ақ, түрлі тапсырмалар беріп, топпен жұмыс жасаудың маңыздылығын көрсетті. «Кемшіліктің өзі артықшылыққа айналады» деген идеяны насихаттайтын қысқаметражды бейнефильм көрсетілді. Ойын арасында Талшын Дәулетқызы мүмкіндігі шектеулі балаға қарау, оған мейірімділікті қалай көрсету керектігін айтып, ақыл-кеңестер берді.

Өз кезегінде  тренингке қатысушы, сал дертіне шалдыққан баланың анасы Айнұр Дәулетхан: «Менің қызым тірек-қимыл сал диагнозымен туған. Қатарынан қалдырмайын деп осы клубтың үйірмелеріне қатыстырамын. Естіген ертегілерін ерекше қабылдап, ынтызарлықпен баяндайды. Қызметкерлері де мейірімді. Хабарласып, қызымның халін біліп, онымен сөйлесіп, көңілін көтеруге барын салады. Мекеме бізге көп көмек берді», – деп алғысын білдіріп, осы сынды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілек-ұсынысын айтты.

Шара соңында бірлестік төрайымы мен арнайы шақырылған мемлекеттік мекеме қызметкерлері қоғамдық қабылдау жасап, жиналғандардың мәселелерін шешуге атсалысты.

Әсем ЖҰМАҚАН

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.