Талдықорған: +13°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛАКӨЛ: МИЛЛИОННАН АСА ТУРИСТ КЕЛДІ

10.02.2019
ӘЛЕУМЕТ
АЛАКӨЛ: МИЛЛИОННАН АСА ТУРИСТ КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаевтың халық алдындағы қорытынды есебі өтті. Айдынды өңірдің 2018 жылғы жеңісті, жемісті сәттері баяндалып, алдағы жоспарлар легі таныстырылған жиынға облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов қатысты.

Алдымен Жеңіс Шылбынұлы ауданда өндірілетін өнімдер мен өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі көрсетілген көрмені тамашалады. Алакөлдің негізгі табыс көзі ауылшаруашылығы болғандықтан көрмеде ауданда өсірілетін алма, картоп, пияз, бидай және республиканы айтпағанда әлемнің бірнеше еліне экспортталатын балық пен бал өнімдері қойылды. 
Бұдан кейін З. Қойшыбаева атындағы аудандық Мәдениет үйінде есептік жиын басталып, аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы баяндама жасады. Өңір басшысы айтқандай, алакөлдіктер үшін 2018 жыл табысты басталып, әр саладағы жоспарлы міндеттер артығымен орындалған. Оған салық түсімінің 5 млрд. 771 млн. теңгені құрап, 103 пайызға жеткендігі, ауылшаруашылығында өндірілген өнім 35,6 млрд.-ты еңсергені дәлел бола алады. 
Өткен жылы 83,3 мың гектар жер игеріліп, 205 мың тоннадан астам астық жиналған. Мал шаруашылығы да қарқынды дамып, асыл тұқымды мал басы артып келеді. Тыңғылықты еңбектің арқасында өткен жылы 663,5 млн. теңгенің субсидиясы алынған.
Құшағына шипалы көл мен тұмса табиғатты даланы сыйдырған өңірдің туризм саласындағы жетістігі орасан. Былтыр Алакөлге сапарлай келген меймандар саны 1 миллионнан асып жығылып, 5,9 млрд. теңгенің ақылы қызметі көрсетілген. Есептік жылда 32 демалыс орны қолданысқа берілсе, оның ішінде құны 2,3 млрд.-ты құрайтын 450 орынды «Көктем Гранд» көпсалалы қонақүйді ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, туризмнің қазаны қайнаған Ақши ауылындағы көше жарықтандыру мен жол жөндеу ісінде де ілгерілеу бар.
Өнеркәсіп, шағын және орта бизнес салалары да тұрақты даму үстінде. Оған мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен ауданның түрлі кәсіпкерлікті дөңгелентіп алып кетуге қолайлылығы себеп болып отыр.
Өңірдегі құрылыс жұмыстары да қарқынын арттырып келеді. Былтыр Үшарал қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй мен Астана демалыс саябағы, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Тарлан» спорт кешені, Лепсі, Қарабұлақ ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Ынталы, Лепсі, Ақтүбек ауылдарында мешіттер, 6 елді мекенде тұрғын үйімен қатар полиция пункттері салынып, үш округте мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. 
Көптің көкейінде жүрген түйткілді мәселенің бірі – ауызсу. Бұл ретте де ауданда жүйелі жұмыстар атқарылып, өткен жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Көлбай, Үшбұлақ ауылдарында ауызсу жүйесі тартылған. 
– Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасы аясында 647,9 млн. теңгеге 23 жоба жүзеге асырылған. Бұл даласы жомарт Алакөлдің азаматтарының атымтай екендігінің дәлелі, – деді өз сөзінде өңір басшысы.
Әкімнің баяндамасынан аңғарғанымыздай, алдағы жоспарлар да ауқымды. 2019 жылғы ең резонансты жаңалық – Талдықорған – Үшарал, Үшарал – Достық аралығындағы күрежолдың күрделі жөндеуден өтуі мен су каналдарының ретке келтірілуі болмақ. Сондай-ақ, туризм саласында да бірнеше айтулы жобаға қанат бітпек. 
Тұрғындар тарапынан да бірнеше сұрақтар қойылды. Олардың қатарында егінге су жеткізу, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, жол жөндеу, жастарға қызмет көрсету, баспанамен қамтамасыз ету мәселелері болды.
Мінберге облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов көтеріліп, облыс аумағында атқарылған жұмыстар легімен таныстырды. Сонымен қатар, ауданның 2018 жылғы жетістіктеріне оң бағасын беріп, алдағы уақытта да осы беталыстан танбай, биік белестерден көріне беріңіздер деген ізгі ниетін жеткізді.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әдебиет – ардың ісі

Әдебиет – ардың ісі

11.04.2026
Екі ел Президенттері Бұхарадағы қасиетті мекенге зиярат етті

Екі ел Президенттері Бұхарадағы қасиетті мекенге зиярат етті

11.04.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

11.04.2026
Экомәдениетіміз қай деңгейде?

Экомәдениетіміз қай деңгейде?

11.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентін «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентін «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады

11.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.