Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

САРҚАНДА ҚАЛАІШІЛІК ЕКІ АВТОБУС ЖҮРЕДІ

10 ақпан 2019
ӘЛЕУМЕТ
САРҚАНДА ҚАЛАІШІЛІК ЕКІ АВТОБУС ЖҮРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Марат Разбеков тұрғындар алдында қорытынды есебін берді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев арнайы қатысып, атқарылған жұмыстармен танысты.

Алдымен Ақан Жылқышыбайұлы аудандық аурухана, Сарқан политехникалық колледжі, №10 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті және Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына ат басын бұрып, аталмыш мекемелердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Есепті кездесуде аудан әкімі өткен жыл қорытындысын көпшілік назарына ұсынып, алдағы міндеттерді саралады. Оның айтуынша, былтыр ауданда 3 млрд. 869 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 33 млрд. 514 млн. теңгені құрады. Мал шаруашылығы 16 млрд. 980 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы бойынша өнім көлемі 16 млрд. 484 млн. теңгеге жеткен. Өткен жылы 96 мың гектар жер игеріліп, оған дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс, көпжылдық және дәрілік шөптер себіліп, нәтижелі өнім алынды. 
Аудан әкімі есебінде ауыл тұрғындарының мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырғандығын айтты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы 166 млн. теңге несие алынып, нәтижесінде 203 бас ірі қара, 248 бас ұсақ мал, 7 бас жылқы сатып алыныпты. Төрт түліктің саны артып, мал мен құс етін өндіру өткен жылдағыдан ұлғайған. Сонымен қатар, әртүрлі ауылшаруашылық техникасы сатып алынып, ұсақ шаруашылықтарды ірілендірудің аясында 4 сүт дайындау бағытында, 13 аралас мал және егін шаруашылығы бойынша барлығы 22 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, жұмыс істеуде. 
Бұдан әрі Марат Мелісұлы ауылшаруашылығы өнімдерін субсидиялауға бөлінген қаражатты атап өтіп, пайдаланбай және игерілмей жатқан жерлер анықталу үстінде екендігін, суармалы алқаптарды пайдалану тиімділігінің арттырылғанын баяндамасына арқау етті. Шағын және орта кәсіпкерлік, салықтар және бюджет, жол күйі, жолаушылар тасымалы мәселесіне тоқталған ол тұрғындар сұранысы бойынша Сарқан қаласында 2 автобус маршруты ашылғанын жеткізді. Сондай-ақ, сумен қамту, құрылыс, туризм, халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру мен жұмыссыздықтың алдын алу, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, мәдениет, жастар саясаты салаларындағы өркенді өзгерістерді көпшілік назарына ұсынды. 
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Сарқан ауданында  құны 114 млн. теңге көлемінде 18 жоба іске асырылыпты. Атап айтқанда, жұртшылық бастамасымен қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Арынның және генерал-майор, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Әбдіқадыр Болсамбековтың ескерткіштері бой көтеріп, салтанатты түрде ашылды. Сарқаннан түлеп ұшқан табысты азаматтар бес спорт, төрт «Стрит воркаут» алаңын сыйға тартып, жастарға үлкен қуаныш сыйлады. Есепті баяндамада қылмыстың алдын алу мақсатында Алмалы, Екіаша, Қарашыған, Бақалы, Қойлық, Черкасск ауылдық округтерінде тұрғын үймен біріктірілген тірек пункттері пайдалануға берілгендігі айтылды.
Баяндаманы талқылауға қатысқан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков облыс әкімі орынбасарынан Қарабөгет ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу мәселесінің шешімін табуын сұрады. «Еркін» сервистік дайындау орталығының басшысы Дәуренбек Әуелбеков, Сарқан қаласының тұрғыны Наталья Коровченко, Сарқан гуманитарлық колледжінің студенті Айзада Смағұл көпшілік мүддесіне қатысты ұсыныс-пікірін ортаға салды. Сонымен қатар, залдан түскен сауалдарға «Балқаш» демалыс аймағының инфрақұрылымын жетілдіру, Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Еркін елді мекеніндегі ауызсу мәселесі, аудан орталығындағы футбол алаңының сын көтермейтіндігі арқау болды. Оған аудан әкімі жауап берді.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев көпшілікті аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың өзектілігін атап өтті. 

Жомарт ИГІМАН
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.