Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

КІТАП ОҚИТЫН КУРСАНТ

4 ақпан 2019
САЯСАТ
КІТАП ОҚИТЫН КУРСАНТ
WhatsAppTelegramFacebook

Құрлық әскерлері әскери институтында төртінші курсант батальонында жанымен де, тәнімен де спортқа берілген жан бар. Ол — Дархан Унайгалиев.

Дархан 1997 жылы Орал қаласында өмірге келген. Аталмыш қаланың №4 орта мектебінде білім алған. Жеті жасынан спортты серік еткен. Әкесі Қамбар баласының бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп, ұлының жеңістеріне шынайы қуана да, қолдау көрсете де білген.

Дархан мектеп қабырғасында жүріп су полосын игереді. Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты атанған соң да спортты тастамай, одан ары қарай шұғылданады. Институт қабырғасында курсант Унайгалиев бапкер, подполковник Асан Нартаевтың қол астында офицерлік үш сайыс бойынша жаттыға бастайды. Өзінің еңбекқорлығымен, күш-жігерінің арқасында 2016 жылы курсант Дархан Унайгалиев Қазақстан Республикасы Қарулы күштері спартакиадасы шеңберінде әскери үш сайысынан күміс медалін жеңіп алды. Қазіргі күні болашақ офицер Дархан Унайгалиев жүзуден және су полосынан I разрядтық спортшы, сонымен қатар, әскери үш сайысынан спорт шеберіне үміткер.

— «Шынықсаң, шымыр боласың» демекші, спорт адам баласына қашанда пайдалы. Спорт – мінез-құлықты, ерік пен жігерді шыңдайды. Осы спорттың арқасында мен әскери курсанттық өмірге тез дағдыландым, қиналмадым. Маған кішкене кезімнен әкем: «Жүрегің қалаған іске алтын уақытың мен күш-жігеріңді ешқашан аяма, сол істің биіктігіне қарамай, шыңын бағындыруға тырыс деп үйрететін. Мен балалық шағымнан алдыма қойған мақсатыма жетуім үшін ешқашан аянбаймын, — дейді Дархан.

Курсант Унайгалиев спортта ғана емес, оқуда да үздіктер қатарында. Ол болашақ десанттық-шабылдаушы әскерлерінің офицері. Бүгінде Дархан болашақ мамандығының қыр-сырын зерттеп, ізденіс пен талпынысты ту етіп келе жатқан жан әрі жүрген жерінде ұжымының ұйытқысы бола білген көшбасшы.

Аида БЕКТҰРОВА,

Құрлық әскерлері әскери институтының баспасөз қызметкері

Фото — автор

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.