Талдықорған: +15°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ӘКІМ ЕСЕБІ: БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ БОЛА БЕРМЕЙДІ

04.02.2019
ӘЛЕУМЕТ
ӘКІМ ЕСЕБІ: БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ БОЛА БЕРМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданының әкімі Рауан Рақымбековтың халық алдындағы қорытынды есебі өтті. Бұған дейін он округ пен бір қалада болған есептің қорытындысы ретінде Рауан Тұрданғазыұлы ауданда атқарылған ілкімді істердің негізгісіне тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарын баяндады. Есепті жиынға облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қатысып, өңір басшысының есебін тыңдады.

Жиын басталмас бұрын Серікжан Ісләмұлы ауданда шығарылатын өнім мен шикізаттардан қойылған көрмені аралап өтті. Қаратал ауданының негізгі өнімі – ауылшаруашылығы тауарлары. Сүт өнімдерінен жасалған тауарлар бүгінде республикаға танымал. Мәселен, сүт өнімін шығаратын «Айдын» кәсіпорны қарқынды дамып, ел экономикасына сүбелі үлес қосып отырған ірі кәсіпорын. Сондай-ақ, бидай, күріш, пияз өсіруде де алдыңғы қатарда тұр. Осындай игі іске куә болған Серікжан Ісләмұлы кәсіпорын басшыларына нақты тапсырма беріп, алдағы уақытта экспортқа көңіл бөлу қажеттігін қадап айтты.

Бұдан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында есептік жиын басталды. Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Бақыт Смайылов жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Бұдан кейін аудан әкімі Рауан Рақымбеков баяндама жасады.

— Аудан әкімдігіне 2018 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1543 өтініш келіп түскен. Оның 970 өтінішіне қанағаттанарлық жауап берілсе, 541 өтінішке түсініктеме берілген. Бұған дейінгі болған есепте тұрғындар тарапынан жеті ұсыныс келіп түскен. Өткен жылғы басты мәселенің бірі Үштөбе қаласындағы Б.Момышұлы көшесінің жолын жөндеу жұмыстары болатын. Бұл жұмыс толығымен аяқталып, халық алдындағы есепте айтылды. Ал Балпық ауылдық округінің Жаңаталап ауылын ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлап отырмыз, – деді әкім.  

Бұл мәселе көптен бері тұрғындарды мазалап жүрген еді. Әсіресе, мал шаруашылығына өзіндік кері әсерін тигізетін Қаратал өзенінің жағалауы. Әкім Тастөбе ауылы жанындағы Қаратал өзені жағалауының бөгетін нығайту жұмыстарының облыстық бюджеттен жеткілікті қаржы бөлінбегендіктен келесі жылға шегерілгенін, осы жылы шешімін табуы тиіс екенін жеткізді. Ал Қаражиде ауылы, Қаңбақты ауылдық округі тұсындағы оң жағалау бөгетін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Тұрғындарды мазалайтын күрделі мәселенің бірі – ауызсу. Осындай келелі істің бірі Айту ауылын ауызсумен қамтамасыз етуге қатысты болатын. Дәл қазіргі уақытта ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр, биылғы жылы жұмыс толықтай аяқталады. Өңірлерді дамыту бойынша ауданда бірқатар іс атқарылуда. Соның бірі – Қаражиде ауылындағы  балаларға арналған спорт алаңының құрылысы. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталып, нысан қолданысқа берілген.

Осы бағдарлама бойынша Көпбірлік ауылында балаларға арналған спорт алаңының құрылысын жүргізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 6,9 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз болған «Лим Валерия Викторовна» ЖК-мен 2,8 млн. теңгеге келісімшарт жасалған. Бүгінгі күнге  спорт алаңының жұмыстары келісімшарт кезеңінің талабына сәйкес аяқталмауына байланысты, жеке кәсіпкердің ісі облыстық сотта қаралуда. Ауданда атқарылған үлкен істің бірі – сервистік әкімдік пен К.Тоқаевқа арналған саябақ. Бұл нысандар Үштөбе қаласына көрік берумен қатар тұрғындарға қызмет етіп тұр.

Ауылшаруашылығын дамытуда да ілгерілеу бар. Қант қызылшасы мен мал басын көбейту, ірі шаруа қожалықтарын ашу жұмыстары қарқын алып келеді. Баяндама соңынан мінберге көтерілген ұстаз Ұлбосын Досмолданова атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп: «Аудан әкімінің есебінде А. Пушкин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін естіп қуанып қалдым», — деді. Сонымен қатар, Серікжан Ісләмұлынан осы мектепті орталық жылу жүйесіне қосуға қол ұшын созуын өтінді. Ал Жылыбұлақ ауылынан келген Гүлмира Тұрсынбекова ауылды ауызсумен қамтамасыз етіп берсе деген тұрғындар тілегін жеткізді.

Аудан басшысы мен тұрғындардың сауалынан кейін ортаға облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров шығып, облыс бойынша атқарылған жұмысқа толықтай тоқталды. Мұнан кейін аудандағы көрсеткіштердің толымды екенін айтып, әлі де болса жұмысқа қарқын беру керектігін екенін айтты. «Әрине, барлығы жақсы бола бермейді. Ауданда кемшіліктер жоқ емес. Ауылшаруашылығы, өнеркәсіпті дамыту мәселесі бойынша да кемшіліктер бар. Мұның бәрін жіпке тізе берудің қажеті жоқ, тек жұмысқа ширақтық керек», – деді ол. Серікжан Ісләмұлы ауданға инвестиция тартуды қатаң тапсырды. «Осы сала бойынша Қаратал ауданы артта қалып келеді. Біз қазіргі уақытта ауданның экономикасын инвестиция тарту арқылы көтереміз және жаңа жұмыс орнын ашу мәселесін шешеміз», – деп нақты тапсырма берді.

Облыс әкімінің орынбасары мен тұрғындар аудан әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан армиясы Орталық Азияда көш бастады: Global Firepower жаңа рейтингі жарияланды

Қазақстан армиясы Орталық Азияда көш бастады: Global Firepower жаңа рейтингі жарияланды

09.04.2026
Футбол: «Жетісу» алматылық «Қаршығаны» қапы қалдырды

Футбол: «Жетісу» алматылық «Қаршығаны» қапы қалдырды

09.04.2026
Ұлттық құндылық ұлықталды

Ұлттық құндылық ұлықталды

09.04.2026
Ұлттық қордан балаларға берілетін төлемдер: 250 мыңнан астам өтініш орындалды

Ұлттық қордан балаларға берілетін төлемдер: 250 мыңнан астам өтініш орындалды

09.04.2026
Алакөлде жағалауды қоқыстан арылтатын жаңа кәсіпорын құрылды

Алакөлде жағалауды қоқыстан арылтатын жаңа кәсіпорын құрылды

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.