Талдықорған: +14°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖӘНІБЕК: «ХАН ЕСІМІ ҚОЙЫЛҒАН СОҢ ӘЛСІЗ БОЛУҒА ХАҚЫМ ЖОҚ!»

4 ақпан 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖӘНІБЕК: "ХАН ЕСІМІ ҚОЙЫЛҒАН СОҢ ӘЛСІЗ БОЛУҒА ХАҚЫМ ЖОҚ!"
WhatsAppTelegramFacebook

Кәсіпқой боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинеспен жұдырықтасты. Бірінші раунда екі боксшы бір-бірін зерттеп жүрді. Дегенмен, Жәнібек Әлімxанұлы джеб арқылы дистанциясын бірден тауып алып, сол қолымен бірнеше апперкот жасады.

Раундтың ортасында Жәнібек ішке кіріп алып, әдемі соққысын шебер орындай білді. Осы кезде Мартинестің сәл есеңгіреп қалғаны байқалды. Екінші раундта Жәнібек сериялы соққыларын жасауға кірісті. Мартинес те қайтпады. Рингтің ортасын бермеуге тырысты. Бірақ үшінші раундта Жәнібек өз қарсыласын нокдаунға түсірді. Шаршы алаңға өзі ие болып, жойқын шабуылдарын шебер жасай білді. Қарсыласы бұрышқа тірелгенде қазақстандық боксшы бірден артқа шегініп, оны рингтің ортасына таза боксты көрсетуге шақырды. Сол үшін жанкүйерлердің ризашылығына ие болды.

Бесінші раундта «Хитмэн» қазақ боксшысының сериялы соққыларынан қатты есеңгіреп қалды. Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Жәнібек Әлімxанұлы кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Айта кетейік, 25 жастағы Жәнібек Әлімxанұлы профи-рингтегі төртінші айқасын өткен жылдың қараша айында өткізген болатын. Сол кезде ол «Жыртқыш» лақап атымен танымал америкалық Александр Вонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Ал бесінші жекпе-жегі алдында қазақстандық боксшы өзінің көңіл-күйімен бөлісіп, жанкүйерлеріне алғысын айтқан болатын.

«Жәнібек хан — Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі. Еңселі ел болу жолындағы Керей мен Жәнібектің еңбегі тарихта алтын әріппен жазулы. Ұлт үшін өлшеусіз еңбек етті. Бізге де азан шақырып хан есімі қойылған соң, әлсіз болуға қақымыз жоқ. Бабалардай ұлы іс атқара алмасақ та, Туды құлатпай, намысты бермей, жеңіспен елді қуанту — негізгі міндетім деп есептеймін. Тақымқысар ағайынға мың алғыс. Мұхиттың арғы бетінде жанкүйерліктеріңізді сезініп жүрмін. Бесінші жекпе-жекке де аз күн қалды. Жексенбіде америкалықтарға Қазақтың бокс стилін көрсетеміз, бұйырса. Жеңісте жүздесейік. Ту желбіресін!» — деп жазған еді ол «Инстаграм» парақшасында.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.