Елбасы қатысып отырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты жиында кезекті жалынды жастардың бірі, жат жерде туып-өссе де, жүрегі қазақ деп соққан жауқазын қыз — Айшолпан НҰРҒАЙЫПҚЫЗЫ сөз сөйледі.
Ол — бүкіл әлемге танымал бүркітші. Қазақ қызы туралы әлемдік телеарналар арнайы фильм түсіріп, қазақ халқының дәстүрі мен ғұрпын паш еткен. Шетелдегі бес миллион қазақтың ыстық ықыласын жеткізіп, өзінің болашақ жоспарын таныстырған Айшолпан Елбасын Алтай өңіріндегі ағайындардың ақ дастарқанынан дәм татуға шақырды. Ал жас металлург Александр Шутов мамандық таңдаудағы сырымен бөлісіп, өз саласы бойынша биіктерді бағындыруға болатынын айтып өтті. Сондай-ақ, Елбасының еңбек жолын көпшілікке үлгі етіп ұсынды.
Салтанатты шараның өткізілу форматы да ерекше. Жиын Елбасының сөзімен емес, жастардың жарқын істерін таныстырумен басталды. Іс-шара тікелей эфирде таралып жатқанына жарты сағат уақыт өтті.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





