Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АРМАНЫМЫЗ АЗАТТЫҚ ЕДІ

14 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
АРМАНЫМЫЗ АЗАТТЫҚ ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Біздің ұрпақтың пешенесіне барша адамзатқа қайғы-қасірет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өмірге келіп, Кеңестік дәуірдің ұраншыл қоғамында өмір сүру жазылған екен. Өткен күн – тарихтың еншісіне енген, бұзып-бөлшектеуге келмейтін уақыт өлшемі десек, біз сол уақыттың талабы бойынша әрекет жасап, тірлігімізді алып империяның ауқымында ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу жолындағы күреспен өткізгеніміз мәлім.

Иә, ол кезде әлдебір мақсатыңа қол жеткізіп, еліңе септігіңді тигізу үшін компартияның мүшесі болуға міндетті болатынсың. Көпшілігіміз сол коммунистік идеяларға имандай сеніп, қалтқысыз қызмет жасадық та. Сөйте жүріп тәлкекке түскен тағдырдан  тұралап қалған қазағымызға қандайда бір қолғабыс жасауға талпындық. Өзіміз еңбек еткен салада, өңірде халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын түзеу үшін тер төктік. Сонау 86-ның желтоқсанында жастар алаңға шыққанда қызметтегілердің барлығы бірдей оларға қара күйе жағуға асықпағаны да сондықтан.

Кеңес өкіметі күйреп, әр республика өз тәуелсіздігін жариялай бастағанда Қазақстанның бұл мәселені созып алғаны естеріңізде болар?! Оған себеп, Қазақсан Жоғарғы Кеңесіндегі 350 депутаттың негізгі бөлігін құрайтын орыс тілді депутаттар: «Халықтың 39 пайызы ғана болатын ұлтқа егемендік жариялаудың қажеті қанша?!» – деген желеу айтып, көпшілік дауыспен біздің бастамамызға тосқауыл қоя берген. Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Салық Зиманов сынды аузын айға білеген азаматтардың сан қайтара айтқан дәлелді сөздеріне де құлақ асқан олар болмады. Айтыс-тартыс бір аптаға созылып, арты дауға айналып бара жатқан бір сәтте мен сөз алып:

– Қадірлі әріптестер! Соғыстың соңғы жылдарында батыс Ресейден ата-аналарынан айырылған көптеген балаларды біздің ауылға әкелген еді. Менің әжем де солардың үшеуін асырап алған. Ұлты орыс – Боря, неміс – Коля, украин – Вася менен үлкендеу болғандықтан колхоз жұмысына араласатын. Әжем нан пісіріп, бәрімізге бөлгенде оларға үлкендеуін беріп, маған ең кішісін ұстататын. Қарным ашып: «Неге маған кішкентайын бересің?» – деп жылағанымда әжем: «Сен олардан кішкенесің  әрі олар жұмыс жасап жүр. Ағаларыңа сондықтан үлкендеуін беремін!» – деп жұбатқаны есімде. Қазір сол ата-анасынан айырылып, аш-жалаңаш қалған балаларды паналатып, асырап жеткізген анамның, әжемнің аруағына не деп жауап беремін?! Өзге ұлт өкілдерін қиын шақта бауырыма басқаным үшін жазықты болдым деп айтайын ба?! Жұтаған жұрт өкілдерін жеріне қоныстандырып, қонақжайлық танытқан қазақ халқы олардың алдында қандай қылығымен айыпты болды?! Бейкүнә сәбилерді бөтенсімей, бүтін нанды бөле, жарты нанды жара жеп, аштықта да, қуанышта да ортақтасқаным үшін менің қандай жазығым бар?! – дедім ашынып.

Мәжіліс залында бір сәт өлі тыныштық орнаған. Жоғарғы Кеңес  төрағасы Серікболсын Әбділдин осы үнсіздікті сәтті пайдаланып, мәселені дауысқа салып жібергенде көпшілік дауыспен еліміздің егемендігі туралы декларация қолдауға ие болып шыға келген. Міне, Қазақ мемлекетін тәуелсіздікке бастаған тұңғыш құжат осылай қабылданған еді.

Содан бері 27 жыл өте шығыпты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында біраз биіктерді бағындырдық. Бүгіндері Ұлы Даланың еркін ұрпағы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, сол бағытта берекелі еңбек етуде. Ендеше, тәуелсіздіктің бастауында тұрған аға буынның атынан жерлестерімді осынау айтулы мерекемен құттықтап, Мәңгілік Ел мұратының орындалғанын көруді нәсіп етсін дегім келеді.

Асылмұрат Тұрғанбеков,
мемлекет және қоғам қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54
Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Бүгін, 12:35
Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Бүгін, 11:57
Дін және мемлекеттік қызмет

Дін және мемлекеттік қызмет

Бүгін, 11:40
Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Бүгін, 11:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.