Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АУЫЛЫ ҰЛЫҚТАҒАН АЗАМАТ

12.12.2018
ЖАНСАРАЙ
АУЫЛЫ ҰЛЫҚТАҒАН АЗАМАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланғаннан кейін кәсіпкер азаматтар туған ауылына көмектесіп, азаматтық танытудың жарқын үлгісін таныта бастады. Бұл бастама Ақсу ауданында үлкен қолдау тапты. Соның жарқын үлгісін Ақсу ауылынан көріп қайттық. Осы ауылдан шыққан кәсіпкер, меценат Молдияр Нұрбаев пен Алтынсара Нұрахметова  Мамания мектебіне көмек қолын созып, жас өркендердің алаңсыз оқуына жағдай жасады.

Ақсу ауылы өткен ғасырдың басында қазақ өркениетінің қазанын қайнатқан қасиетті мекен. Сол өңірден шыққан Жетісудың атақты байы Маман балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар 1899 жылы Ақсу ауылының іргесінде жатқан Қарағаш елді мекенінен мектеп құрылысының іргесін көтерді. Мектептің құрылыс жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері  Уфадағы “Медресе-Ғалияның” оқу-тәжірибесіне негізделді. Қазақтың талай дарынды перзентін түлеткен оқу орны кейінгі қиын-қыстау кездерде жабылып, Маман ұрпақтары қудаланып, білім ордасы күйретілді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел қайта ес жиып, 1960 жылдары Ақсу ауылынан жаңа үлгідегі орта мектеп салынып, оқыту жұмысы қайта өркендеді. Содан бергі елу жылда білім шаңырағынан түлеп ұшқандар бүгінде ел өркениетіне еселі еңбек етуде. Десе де, кейінгі жылдары шалғай ауылдағы мектепке бірде-бір рет жөндеу жұмысы жүргізілмегендіктен заман талабына сай білім беру ісі кенжелеп келіп еді.

Бүгін сол қиындық артта қалды. Молдияр аға мен Алтынсара тәтетіміз кешегі Маман бабаларының рухын жаңғыртып, азаматтық танытып, мектептің есік-терезесін, жұмыс кабинеті мен сыныптарға керекті құрал-жабдықтарды толықтай жаңартып, оқу оқыту жұмысына керекті жабдықтарды толықтап берді. Бір сөзбен айтқанда, бұрындары суық сыныпта тоңып отыратын балалар алаңсыз білім алатын болды. Мектеп жанынан ашылған шағын орталықтың да жұмысына қан жүгірді. Спорт секциялары қайта ашылып, ауыл балаларының спортпен айналысуына мүмкіндік туды.

Айта кетерлігі, білім ордасын қайта жаңғыртқан Молдияр Қылшынұлы мен Алтынсара Нұрахметова осы мектептің 60-шы жылдардағы түлегі. Араға елу жыл салып, түлеп ұшқан мектебінің  жаңа бейнесін көруге арнайы ат басып бұрыпты. Олар өздері ғана келмей Қазақстанның даңқын әлемге паш еткен олимпияда ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен грек-рим куресінен әлемнің жеті дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановты ерте келіпті. Алыстан ат арылтып келген қонақтарды ақсулықтар қозы көш жерден күтіп алып, қонақжайлық танытса, мектеп оқушылары спорттың сан түрінен өнер көрсетіп, жақсы қырынан көрінуге тырысты.

Өз ерлерін ескерген аудан әкімі Есім Базарханов пен экс әкім Әділбек Далбағаев меценат Молдияр Нұрбаевқа Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстай тұрып:
– Бүгінде Ақсу ауданынан шыққан елге танымал кәсіпкер азаматтар туған жеріне көмектесіп, өскен жерін өркендетіп жатқаны қуантады. Сол азаматтардың арқасында осындай қуаныштар алдағы уақытта да көп болатынына сенімдімін, – деді өңір басшысы Есім Сейілханұлы.
Сол қатарда мектеп директоры Алпамыс Қазбанбетов құтты қонақтарға шапан жауып, ізет көрсетті. Тіпті, жаңадан ашылған мектептің математика кабинетіне Молдияр Нұрбаевтың, ағылшын тілі кабинетіне Алтынсара Нұрахметованың есімі берілгенін айтты. Дей тұрғанмен мектептің әлі де жаңаланатын жері, толықтанатын кем-кетігі көп.
– Биылша мектептің есік-терезесі мен жылу жүйесін ауыстырып, кабинеттерді жабдықтап біткенше қыс түсіп кетті. Келесі жылы ғимараттың төбесін жаңалап, басқа да барлық кем-кетігін тұтастай толықтап беруге сөз беремін, – дейді ел құрметіне ризашылық білдірген Молдияр Қылшынұлы.

Қазақтың қуанышы ән шашусыз болмайтыны белгілі. Шара аясында аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, шараның шырайын аша түсті.
Иә, ойға алған жоспардың орындаларына сенімдіміз. Ең бастысы, туған жеріне осылай қол ұшын беретін азаматтар тұрғанда жұртымыз жүдемейді деген үлкен сеніммен қайттық.

Қажет Андас
Ақсу ауылы,
Ақсу ауданы

          

 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.